Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Работа, возродившая дух нации «Просыпайся вставай!» «Проснись, Общество!». Этот авторский труд является результатом многих лет творческой работы, исследований и поисков.

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Патшаның жарлығы – хақ. Оған қарсы шығып болмайды. «Бұйрық қатты болса, жанға тәтті» деген. Сондықтан жарлықты орындар болар.

Бәлкім, қара жұмысқа жаттықпаған, отбасы, ошақ қасынан ұзап шықпаған момын қазақ жастары майдан деген сөзді естіп, үрей болып, майдан жұмысына барудан бастартып, бүгінгі күннің қамын ойлап, қашып-пысып, жасырынып жүрер. Олай етуге болмайды. Ол дұрыс емес. Майдан жұмысына барудан жасырынып қалу қате.

Майданға барудан бас тартсаң, халқың қаһарға ұшырайды. Бұл шақ – соғыс шағы. Тәртіп қатаң: қашқындарды іздеуге әскер шығады, ел-жұртың әбігер болады, азып-тозып, қырғын-сүргінге ұрынады. От басың, бала-шағаң, кемпір-шалың күйзеледі. Қашқанмен – құтылмайсың, патшаның құрығы ұзын. Қашқын болсаң, шаңырағың шайқалып, шаруаң күйзеліске ұшырайды. Өкімет тарапынан халыққа деген сенімсіздік туады.

Ел ақсақалдары мен атқамінер азаматтар осыны есте ұстап, жарлықтың мән-жайын жұртшылыққа ұғындыра білсе, құба-құп.

Қол қойғандар: Ғали, Рахмет, Жақып».

– Әй, қарағым, оларың кім? Бүкіл қазаққа сөз тастайтындай кім еді оларың? – деді ат үстінен әлдекім айқайлап.

– Олар – Алаштың арыстары. Олар дұрыс айтады. Сөздеріне құлақ қою керек, – деп Атамырза белең алып барады.

«Бұл мектепте аузын буған өгіздей болып тұрушы еді, сабақ білмей. Қашаннан бері халық алдында сөз бастауға жарап қалып еді?» – деп Тұрар таң қалды, әрі қобалжи бастады.

Сынға түсер сағат соқты. Дөп қазір сөйлемесе сөз атасы өлгелі тұр. Сөйлейін деп неше рет оқталды, бірақ бір нәлет күш бойын буып жібермейді. Қырғызбай атасының доғал торы атының үстінде тұрып, үзенгіге аяғын тіреп, әлденеше рет көтерілді, аузынан сөз шықпай тұншыға берді. Жан-жағына қарап еді, иін тірескен адамдар ауыздары аңқайып, Атамырзаның сөзін кәдімгідей тыңдап тұр. Шыдай алмай, қол көтеріп, енді аузын аша берейін дегенде, оң жағындағы бір мосқал біреу:

– Әй, бала, шошаңдамай, тиыш тұршы, сөз естиік, – деп бүйіріне қамшының сабымен түртіп қалды.

Енді сәл кешіксе, бәрі де келмеске кетеді. Мына тұрған жұрттың бәрі болмаса да, көбі пристав пен Атамырзаның айтқанына иланатын түрі бар.

Тұрар ызадан жылап жібере жаздады. «Халық алдында жақ аша алмайтыным бар, сонау Ташкенттен арып-ашып, асығып несіне жеттім? Мынадай жиынды құдайдың өзі дайындап беріп тұрғанда, ләм деп тіл қата алмасам – баяғыдан бері несіне оқып, несіне күндіз-түні күрес жолын ойладым? Дәл осы базарда баяғыда, бұдан алты-жеті жыл бұрын соқыр балгердің теңіз шошқасы қораптан тістеп алып шыққан көк қағазда: «Сенің бүкіл өмірің шайқас», – деп еді ғой. Сол шайқас осы емес пе? Сонда менің шайқаскер, күрескер болған түрім осы ма? Қалайша жасық туып едім, о атасына нәлет!».

Тұңғыш рет Тұрар әкесі Рысқұлдың ашынғанда айтатын сөзін қайталады: «атасына нәлет».

Астындағы торыны тебініп, алға ұмтылыңқырап, додадан көкпар алып шығуға ышқынған шабандоздай көзінің алды қанталап, қаһарлана айқайлап жібергенін өзі де байқамай қалды. Дауысы ащы шықты. Халық елең етті.

– Ей, Атамырза!

Атамырза оқ тигендей селк етті, алтын пенснесі жалп етіп, омырауына құлап, баулығына салбырап қалды. Ол қалың топтың ішінен ат үстінде алға ұмтыла дәл өзіне қарай қолын сермеп тұрған Тұрарды таныды.

– Ей, Атамырза! Сен қашаннан бері сайрайтын болғансың? Сайрауың – қораздың аузындағы шегірткенің шырылдағанындай. Шырылдарсың, сорлы! Айтып тұрғаның шын болса – әскерге алдымен өзің неге бармайсың?.. Жалған айтасың! Қолыңдағы газет те жалған айтады! Ол халыққа басыбайлы, құлақ кесті құл бол дейді. – Тұрар демі жетпей алқынып бара жатқанын байқады. Жүрегі дүрсілдеп қатты соғып, өкпесі өрепкіп, аузынан атып шығардай алқымына тірелді. Сөз бөлініп, ой шатасса – нағыз сорлаған жерің сол. Қазір аналарға кезек бермеу керек. Халықтың назарын мықтап ұстап қалу керек. Айырылсаң – құрыдың. Көп сөйлеп, мыжудың да қажеті жоқ. Негізгі ойды аз сөзбен лезде жеткізбесең – жеңілдің.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий