Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Работа, возродившая дух нации «Просыпайся вставай!» «Проснись, Общество!». Этот авторский труд является результатом многих лет творческой работы, исследований и поисков.

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

Тайлақ мына орыс тамырының әрекетіне түсіне алмай, өмір деген сайқымазақ жұмбақтың шешуін таппай, «бұл, сірә, неге бастағалы тұр», – деп дал болды. – Сен қорықпа, Тайлақ, – деп сарнады шолақ Пахом. – Соғыстың сорға толы сорпасына мына мен тойып қайттым. Біз жеңілдік, ол айдан анық. Не үшін соғысып жатырмыз Вильгельммен? Ешкім де білмейді. Мақсат айқын болмаған соң, солдаттың еңсесі түседі. Әрі десе қару жоқ. Мылтығы бар солдаттың өлгенін күтесің. Патшаға солдат та наразы, халық та наразы. «Жойылсын патша», – деп шулаған халықты мен өз көзіммен көрдім.

– Өй, сен де сандырақтап бердің-ау, – деп Тайлақ күмән соғады. – Патша да жойылар ма еді?

– Жойылады, Тайлақ, жойылады. Жана өкімет орнайды. Сонда Кузьминнен жеріңді қайтып аласың. Ұқтың ба енді?

– Жер деймісің? Ондай атты күн қайда? – деп Тайлақтың үңірек көзін мұң шалады. – Жылы-Бұлақ қайтар заман болса, оққа басымды байлауға мен дайын.

Пахом сау қолымен Тайлақты иығынан құшақтап, тоқтатып тұрып, көзіне көзін қадап:

– Жер өзіңе тиеді, Тайлақ. Сондықтан да Ақкөзге жетейік, – деді сыбырлағандай болып.

Тайлақтың көз алдына Жылы-Бұлақ келді. Ол өзі терең сайдың аяғы, бұлақ суының басы еді. Ауыл елді асырайтын бір бұлақ су сыңсып ағып жатқаны есіне түскенде Тайлақтың жүрегі сыздады. Қарақоға мен күлгін жалбыз арасына көкқасқа бақалары қойдай шулаған, арасына адам кірсе кеңірдегінен келетін бидайықта бөденелер бытпылдықтаған қайран да қайран Жылы-Бұлақ! Қыстың күні жердің жүзін қар басып, аяз қысқанда да қатпастан буы бұрқырап, кемердегі мұз сүңгілерін сыңғырлата жалай ағып жататын қасиетті қара су! Сол суды ішіп өскен тарының бозасына мас күн қайда?

Тайлақтың үңірек көзінен Жылы-Бұлақтың суындай жып-жылы жас парлап ағып келе жатты.

* * *

Қырғызбай атасының торы аты былай шыға бере болдырып қалды. Делдал иесі сияқты өмірі мимырт жүрістен аспаған, қосаяқ қағып, қатты жүріп көрмеген мал шашасынан тер саулап, тобылғы түсі лайсаң карат ерте айналды. Семіз неме майы аузына тығылып, тәтті етіне тиген ащы қамшыны да елемей, мәңгүрт, марғау жүрістен аспай қалды. Мына заман аласапырандау, ендігі жерде жай басу жарамайды-ау, жалқау тіршілік кенет дүр сілкініп, дүн-дүние ұйқысынан оянды-ау, – деген торы аттың қаперіне кіріп-шықпайды. Мына ұлы дүрмекке Қырғызбай атасы араласпай, бұғып отырса, оның торы аты да зауықсыз. Айнала андыздап шауып бара жатқан аттардың дүбіріне елеңдемейді, еті қызбайды, жарыс желігі оны қыспайды.

«Ұстап алса, мүрдем кеттім-ау. Әттең, қарудың жоғы-ай!» – деген ой лезде шалықтап өтті де, әлгі екеудің біреуі өзіне таныс екеніне көзі жеткенде, жүрегі орнына түскендей болды. Ол базардағы жиында өзімен қатар тұрған қарақасқа атты мосқал қазақ екен.

– Е, бала, атың болдырып қалыпты ғой, – деді ол Тұрармен қатарласа беріп. – Бағытың қай жақ?

– Маған Ақкөз ақсақал керек, – деді Тұрар мына кісіден бір көмек болар-ау деген үмітпен.

– Е, онда беталысың дұрыс. Осылай тарта бер, – деп әлгі мосқал атын тебіне беріп еді, Тұрар оны дауыстап тежеді.

– Ағатай, мен ол кісіге тезірек жетуім керек, мені ала кетіңіздер. Мына мәстектің түрін көріп тұрсыздар ғой.

Мосқал қара тізгінін тарта түсіп:

– Апырай, а, қайтсек екен. Біз де асығыс. Мінгесесің бе, сонда? – деді. – Әй, Шынпатша, балаға атыңды бер де, сен мына торыға ауысып мін. Асықпай, артымыздан келерсің. Ойталға барған соң бұл шабан торыны қуырдақ жасаймыз, тастамайық.

Шынпатша дегені шынашақтай қатпа кісі екен, екі-үш тал сирек сақалын талмап тұрды да:

– А мейлі, айтқаның болсын, Досмайыл. Бала – тегін бала емес көрінеді. Оның Ақкөзбен тезірек ұшырасқаны да жөн шығар, – деп теңбіл көк айғырдан ыршып түсті. – Жаңа, сен шырағым, Атамырзаның аузын қисайтып, жағын айырып тастадың. Соныңа риза едім, мынау соның қайырымы.

Тұрар теңбіл көкке мінгенде, тауға шыққандай шын биіктеп, көңілі асқақтап сала берді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий