Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Работа, возродившая дух нации «Просыпайся вставай!» «Проснись, Общество!». Этот авторский труд является результатом многих лет творческой работы, исследований и поисков.

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

Алты мың бас бұйрықсыз-ақ бұрылып, Ақкөз қамшысының тобылғы сабы нұсқаған жаққа жапырыла қарады. Қашқындарды олар тоғай арасынан көре алған жоқ. Шыдай алмағандары Ақкөз тұрған төбеге шауып шығып, сардардың айтқанына өз көздері жетті. Алты атты адам сары белді бетке алып, аңшылардан қашқан бөрідей тұқшия түсіп, желе-жортып зытып барады екен.

– Мен Ойталға – әділдік туының астына ешкімді де күштеп, зорлап жиған жоқпын! – деп Ақкөздің дауысы саңқылдап қайта шықты. – Басына күн туған халық өзі келді. Әне, қараңдар, тағы да келе жатыр. Біздің қолға қосылмаққа келе жатыр! – Сардардың тобылғы қамшысы енді әрі жақты нұсқады. Ойдым-ойдым ойнақшыған шаңдақ жақындап қалған екен, – Бұл жиын – ерікті жиын. Жан баласына қиянат, зорлық жоқ. Шайқастан қорқатындар араларыңда әлі де бар болса, алда риза, мен риза, әне жолың ашық, бара берсін. Ойталға еріккендер келмейді, бұл жиын – ас пен тойдың жиыны емес, тәуекелдің, көппен көргеннің ұлы тойы. Одан тайсалғандар осы бастан тайып тұрсын!

– Дұрыс! Дұрыс!

– Тура сөз!

– Арамызда арамзалар болмасын!

– Қорқақтар қатындардың қасында отырсын!

Жасыл бұйра жағалаудың ортасындағы қара дария тасығандай: аспанға найзалар мен ақ бақандар шаншылып, толқынның ақ шуда жалындай желкілдейді. Көбісінің қаруы бақан мен уық, ақ сойыл. Сол жабайы қару жабыла көтерілгенде мына аңызақ шілденің ақ шелденген аспанын тіреп тұрғысы келгендей шаншылады.

Ойталдың жүз жылдық зау теректері қыркүйек түспей жатып, осы тамыздың ішінде-ақ сары балақтана бастаған. Сонау сәуірдегі сараң жаңбырдан соң бұл өңірге биыл тамшы тамбай тұр. Жайылымы жұтаң, жайшылықта жайқалып тұратын күр еңсе мен раң, бидайық пен беде тым ерте қурап, ұшып кеткен. Тек тырбық жусан тана сұп-сұр болып, сазарып алып, әлі де болса аптаппен арпалысып, күн көзіне зәрлене қарап, ызасы бетіне шығып тұрған сияқты.

Қасақана биыл Мерке мен Мықанның, Аспара мен Шалдуардың суы да қысыр жыландай қымсынып, қылдырықтап ағады. Су бұрынғыдай арнасынан асып тасымаған соң, ойдағы шалғын тозған, үкілі нар қамыс биыл өрт шалғандай селкеу-селдір.

Мұндай аңызақ құрғақшылықта дала шаңдақ. Бұрқ етерге желеу таппай жатқан кебір топырақ Меркеден құлаған аттылардың жолын әйгілеп аспанға бүкіл даланың үстінен бозбала ту көтергендей, сатым аралас тозаң тұтып алды.

Тозаңдатып, шаңдатып өрлеуіттен алғашқы аттылар да жетті. Астына жабы тұқымдас бөрте жүнді мықыр ат мінген айыр қалпақты адырлау бір кісі анадайдан айқай салып:

– Ассалаумалайкүм, Ақкөз батыр! Біз тіге Аспараның арғы бетіндегі Батыс қырғыз боламыз. Сен әділет туын көтерді дегенді естіп, аңнан қазақ-қырғыз қашаннан бір туған, не көрсе де – бір көреді, бұл заманда да бір болайық деп еле келдік. Мына менің ағаларым мен аталарым кешегі Сыпатай батырдың сарбаздары болған. Оны сен жақсы білесің батыр. Бүгін жолда біз Сыпатай батырдың басына түсіп, дұға оқып, әділет үшін аттандық, ақ жол беп деп бата тіледік. Аңнан мына аттың басын саған тіредік. Қабыл ал, батыр! Менің ныспым – Атасақал, қасымда жиырма жігіт бар.

Ақкөз ақжал аттан түсіп, Атасақалға қарай төбеден төмен жаяу беттей берді. Атасақал да мықыр аттан аунап түсіп, төбеге қарай ентелей басты.

Ақкөз әуелі Тұрарды танымай тосырқап отырды. Орысша киінген, көзіне алтын жиек көзілдірік тұтқан, дудардай шаш қойған шомбал денелі жас жігіт бір жерде көрген адамындай елес берсе де, қайда көргенін есіне түсіре алмады. Ұлықтардың қасында осындай тілмаш, писарь қазақтар жүретін. «Біздің арамызға кіріп кеткен жансыз біреу болып жүрмесін», – деп те күдіктеніп қалды.

Тек Досмайыл алдына келіп, тізерлеп отыра беріп:

– Уа, батыр, мына бала сені іздеп келеді. Сені танимын дейді. Өзі деймін тегін емес. Меркенің базарында пристав пен Атамырзаның аузына құм құйып кетті, – деді.

– Кім боласың жарқыным? – деп Ақкөз енді Тұрарға бүкіл тұлғасымен бұрыла қарап, төбеден төмен төне түсті.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий