Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Работа, возродившая дух нации «Просыпайся вставай!» «Проснись, Общество!». Этот авторский труд является результатом многих лет творческой работы, исследований и поисков.

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Рақмет, Сәуке! Жаңа біреу осы жиында «домбырамен соғыспайды» деп қалды. Сол дұрыс па, Сәуке? Дұрыс болмаса, сіз қолыңыздағы найзаға қоса домбыраны да тастамаңыз. Мына халыққа кешегі Сыпатайдың ерлігін жырлаңыз. Өзіңіздің Ақбөпеден қалай айырылғаныңызды айтыңыз. Не себепті айырылдыңыз? «Мал бергені барады алып кетіп, кедейшілік қолымды кесіп отыр», – демеп пе едіңіз? Мына халықтың көтерілісін толғаңыз. Көтеріліс тек Меркеде ғана емес, сонау өзбек, түрікмен елінде де, мына қырғызда да, анау Алматыда да, сонау Сарыарқа, Торғай даласында да қаулап келе жатыр. Дауыл тұрды, халайық! Бұл күллі қоқысты, ызғарды алып кететін алтынкүрек дауылы. Біз мына жақта Жетісу көтерілісімен, мына қырғыздағы Қарақол, Тоқпақ, Сусамыр көтерілісшілерімен, тіпті сонау Торғай сарбаздарымен ұштасып, солармен ұрандасып бір мезгілде қимылдауымыз керек. Әр жерде шашырап жүрсек, патша бізді оп-оңай соғып алады. Бес саусақ жеке-жеке тұрғанда әлсіз, ал бесеуі бірдей жұмылғанда – жұдырық. Жалғыз Мерке көтерілгенмен біз қанша ер болсақ та жеңіске жету қиын. Мерке ғана емес, ана Қордай, мына Шу, ар жағы Әулие-Ата, Сырдария, Ырғыз...

– Әй, шырағым! – деп үлектей өңкиген біреу қабағынан күн шілдеде қар жауып, жаяулап алға шықты. – Айтып тұрғаныңның бәрі алтын сөз. Тым сылдыратып жібердің сол алтыныңды. Мына маған анау Сырдарияңның, сонау Ырғыз бен Торғайыңның қанша қажеті бар? Маған Күзменке керек, білдің бе? Күзменке! Яғни Жылы-Бұлақ керек! Білдің бе! Ол менің ата-бабамның қонысы. Менің кіндігімнің қаны тамған жер. Әне, сол жерді, сол Жылы-Бұлақты пристав бастап, Бектен болыс қостап Кузьмин деген орыс байына, соның сыбайластарына сатты. Ал бізді Бектеннің таз басындай қылпықсыз тастақ қырқаға айдап тастады. Не жаздық? Бізді құдай жаратпап па? Неге жерімізден, анамыздың емшегінен айырады. Жылы-Бұлақтың суы анамыздың сүтіндей емес пе еді? Әне, шырақ, шапсақ біз сол Күзменкені шабамыз да жерімізді қайтарып аламыз, білдің бе?

– Ағатай, атыңыз кім? – деді Тұрар. – Осы сіз Тайлақ емессіз бе?

– Иә, мен Тайлақпын. Мына тұрғандардың бәрі біледі. Осы келісте мен ана Пахом деген орыс досыммен бірге Кузьмин байдың малын айдап келдім.

– Мен сізді таныдым, ағатай, ана жылы үйіңізде болғанмын. Қырғызбай атамның малын алып қайтқанмын.

– Ой, сондағы бала сенсің бе?! Қайтарып бер Кузминкені ендеше!

– Кузьминнің малын айдап кеткеніңіз бекер болған, Тайлақ ата. Енді Кузьмин қарап отырады деп ойлайсыз ба? Енді ол сіздің ауылдағы малды сыпырып алады.

– Мал тапса – алады. Үрерге иті, сығарға биті жоқ ауылдан несін алады?

Бұлардың сөзін естігендер қарқылдап күліп жіберді. Тайлақ жан-жағына алара қарап:

– Несіне күлесіңдер! – деп гүр етті. – Ей, Ақкөз! – деді ол енді төбе басында тұрған сардарға қарап. – Мен саған мына әскерлеріңе азық болар деп Күзміннің малын айдап келдім.

Ана Пахом орыс екен деп жатырқама. О да мен сияқты жалшы. Ал мен арызымды айттым: Жылы-Бұлақты бізге қайтарып бер. Мынандай қолмен Күзмінкені ғана емес, жердің жүзін жаулап алуға болады ғой. Күзмінге алдымен өзім шабамын.

– Ақа, рұқсат етсеңіз, жауабын мен берейін, – деп қалды Тұрар қол көтеріп.

– Айта ғой, Тұрар, айт, қуатым.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий