Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Работа, возродившая дух нации «Просыпайся вставай!» «Проснись, Общество!». Этот авторский труд является результатом многих лет творческой работы, исследований и поисков.

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

– ... Отырысың оңды, пристав! Ал халқыңның күні қалай? Ақырзаман! Бүлікшілер бізді тапа-тал түсте тонап жатыр! Біздің патша сеніп қойған әкімдердің есінеп отырысы мынау? Бүлікшілер мың-мың қол жинап, бәріміздің тамырымызға балта шаппақшы, ал біздің сенген қожаларымыздың ұйқыдан көзі ашылмайды! Мать твою...

Сокольский мырза өз дәрежесін бағалай білетін, беделіне қылау түскенін қаламайтын, бағыныштылардан жан баласын бетіне қаратпайтын айтулы алпауыт болатын. Бірақ мына тосын тоқпақтан есеңгіреп қалғандай, орнынан атып тұрып, екі қолын ербеңдетіп көзі ежірейіп:

– Құдай үшін, христос үшін, не болып қалды. Василий Терентьевич, айтып өлтірсеңші! – деп қалбалақтап қалды.

Кімге кекірейіп, кімге еңкеюді пристав білмейді емес. Василий Кузьмин – Мерке участогіндегі ең беделді атамандардың бірі. Керек десең, Мерке атырабындағы ірі селолардың бірі соның атымен аталады. Ал өзі пристав бола тұра мұның атында Сокольское дейтін село жоқ. Кузьминдермен санаспауға болмайды.

Кузьминканың атаманы жай-жапсарды айтып болды да:

– Саған айтарым, пристав мырза, өз күшіңмен бізді бұл тағы түземдерден қорғай алмайды екенсің, ендеше маған қару-жарақ алдырып бер. Бүкіл селоның еркек кіндігін қаруландырып, ол қарақшылардың сазайын өзім-ақтарттырамын. Қару бер! – деп үзілді-кесілді талап қойды.

– Бұндай патриоттық жалыныңа ризамын, – деп мырс етті пристав. – Бірақ, Василий Терентьевич, село халқын қаруландырып керегі жоқ. Онан соң орыстар мен киргиздардың қырғыны туып кетеді. Істің мұндай ушыққаны бізге тиімсіз. Халықты қырып аламыз.

– Сонда қалай, олар оң шекемізден ұрса, сол шекемізді тосып отыра береміз бе?

– Жоқ, қымбатты атаман, сәл шыдасақ бүгін-ертең жазалаушы отряд келіп жетеді. Генерал-губернатор Куропаткиннен әскер сұрап, ротмистр Приходько екеуміз қол қойып телеграмма соққанбыз. Ротмистр қазір Пішпекте. Сондағы гарнизоннан екі жүз солдат, пулемет, зеңбірек алып шығады. Рас, Пішпекте де жағдай мәз емес көрінеді.

Қаракиргиздар да көтеріліп жатыр. Тоқпақта үлкен ұрыс жүріп жатыр. Әскер оған да керек. Тек Ташкенттен Әулие-Ата арқылы келе жатқан күшке сеніп отырмыз, көгершінім. Ал әлгі сенің киргиз-батырағың қай ауылдан еді, соны айтшы? – деп пристав атаман Кузьминнің аптығын әрең басты.

Жалшы Тайлақ Маңырақ ауылынан екенін білген соң, пристав Бектен болысқа шабарман жіберіп, – тез жетсін! – деп бұйырды. Маңырақ – Аспара болысына қарайтын болғандықтан енді Бектеннің өзі керек еді.

Приставқа бұрын онша ыға қоймайтын Бектен бұл күнде бүгежектеу. Заман бұрынғыдай емес. Түркістан өлкесі соғыс жағдайында деп жарияланды. Пристав әкіреңдесе – қақысы бар. Аспара болысынан бес жүз адам майдан даласына жөнелтілуі тиіс еді, ол әлі орындалған жоқ. Солдатқа деп тізілген жігіттерінің көбі Ақкөздің қарамағына қашып кетті. Бұл бір. Екінші бір күмілжитін жері – солдатқа алдырмайын деп, әркім-әркімнен, әрине ауқатты адамдардан пара алғаны да бар. Приставтың үлесін Бектен әлі бере қоймап еді. Бір жағы содан сескенді.

Осындай қобалжыған ойлармен келіп жеткен Бектен болысты пристав мүлде басқа жағынан бопсалады.

– Тайлақ деген кім? Ата-тегі не?

– Ата-тегі, руы – маңырақ. Бұрынғы қонысы – қазіргі Кузьминка. Маңырақтың жерін переселендерге алып бер деген өзіңіз болатынсыз, мырза. Содан Маңырақ басқа жерге қоныс аударылған. Ал Тайлақ дейтіні Маңырақтағы үй-жайын тастап, ата-бабасының қонысындағы мына Кузьмин мырзаға жалшы болып кеткен. Менің білетінім осы, пристав мырза. – Бектен болыс қайдағы бір қаңғыбас Тайлаққа бола шақыртып, сұраққа алғанына шамданған сияқты.

– Сенің сол Тайлағың менің бүкіл малымды қарақшылардың қолына апарып берді. Сен управительсің, қайтарып бер малымды! –деп Кузьмин желке шашын күдірейтіп, көзін ежірейтті.

– Е, тамыр, сол қарақшылар менің жылқымды да айдап әкетті. Қолдарыңнан келсе, көмекті маған көрсетіңдер, – деп Бектен жыларман бола қалды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий