Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Работа, возродившая дух нации «Просыпайся вставай!» «Проснись, Общество!». Этот авторский труд является результатом многих лет творческой работы, исследований и поисков.

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

Піл мініп, түйе мініп соғысқандарды тарих біледі, ал өгіз мініп сарбаз болғандарды кәрі құлақ тарих жарықтық ести қойды ма екен...

Ер-азаматы, қараң-құраң малы кеткен ауыл – көшкен елдің жұрты сияқты жұтаң. Кәрі-құртаң, бала-шаға, қатын-қалаш қазір ауылды қамалап келген қарулы әскерді көріп, індеріне кіріп кетіп, терезелерінен баспалап қарайды! Балалар әскерді қызық көріп, жеркепелерінің сора басып кеткен төбесіне шығып, қарап тұр еді, шешелері: «Жүгірмекші – жүгірмек, жуадай солып, қыршыныңнан қиылғыр! Өлетін бала молаға қарай жүгіреді. Өлейін деп пе едің! Түс, ойбай!» – деп балаларын желкелеп-желкелеп, кепелеріне қуып тыққан.

Бүкіл ауылда жалғыз қара көзге түсті. Бұл Тайлақтың немере ағасы Жапарқұл дуана болатын. Бетінің әжімі еменнің қабығындай айғыз-айғыз, сақал-шашы қара құманды ұнға тығып алғандай аппақ. Ақ пен қара осы адамның бір басында бір-бірімен жарысқа түскендей: терісі тым қап-қара да, сақал-шашы тым ақ.

Жапарқұл кілең мылтық асынып, қылыштары салаңдап, жарау ат мінген әскерді көзі көрмесе де, тамашалағандай, қолымен көзін көлегейлеп, басын шайқап, таңдайын қақты. Бұтындағы жүнін сыртына қаратып киген қаудырақ тері шалбарды алақанымен бұрқ еткізіп бір ұрып қойды. Жапарқұл бұл шалбарды қыста жүнін ішіне қаратып, жазда сыртына қаратып киеді. Қыстығы да, жаздығы да осы.

– Ой-хой, мынау баяғы Сыпатайдың асындағы көкпар ғой! – деп айдалаға айқайлап сөйлей, таңдайын тағы да тақылдатты.

Аттылар таяна бергенде, қаһарлы дүбірден Жапарқұл жамандықты енді сезгендей күл төбеден төмен қарай қорбаңдап қаша жөнелді. Аяғындағы қолқылдақ кебісіне шалынып, етбетінен жығылды да, тұруға шамасы келмей, иегі селкілдеп, ақ шел көзі аспанға қарап қолын ербеңдетті.

Қалың қол тоқтады да, Бектен алға дара шығып, шалға:

– Тайлақтың үйі қайсы? – деді.

Шал тілі күрмеліп қалған шығар, селкілдеген иегін үнсіз бұрып, ауыл шетіндегі жартыкеш жеркепені нұсқады. Жеркепенің жарты төбесі жабылып, жартысы жабылмай қалған екен.

– Ауылдың адамдары қайда? Аманбай, Аманқұл, Жаманқұл, Кенжелер қайда? Қоқанбай қайда?

Болыстың сұраған кісілерінің бірде-біреуі жоқ еді, соған өзі кінәлі болғандай Жапарқұл күні бұрын екі қолымен басын қорғалап, кемсеңдей бастады:

– Білмеймін, аттарына жайдақ мініп кетіп қалған. Бір жерде көкпар бар ма, қайдам...

– Өтірік айтады, кәрі төбет! Тұр орныңнан! – деп енді пристав таяп келді де, жерде жатқан жарымжан шалды атпен омыраулатып тұрып, еңкейіп барып, дырау қамшымен жоннан ала тартып кеп жіберді.

Алғашқы қамшы солдаттарға қу қамысқа тиген шырпы отындай әсер етті. Тек әмір күтіп жалаңдап тұр.

– Тінтіңдер! – деді ротмистр солдаттардың пейілін танығандай.

Сол-сол-ақ екен, талма түстің тымығында оқыстан құйын үйірілгендей Маңырақтың боз-бораны шыға берді. Қақылықтап қашқан тауықтар байбалам салды. Қаңсылап қашқан сабалақ иттер ауылдан әрірек барып, қаңсыған қара тұмсықтарын аспанға қаратып ұли бастады. Жуындыға тоймаған соң иттің де жүні түлемей, бөкселеріне қомыт жамап қойғандай қобырап жүр. Көгенде жатқан лақтар біреу бауыздап жатқандай бұршаққа буынып, кебенек келгендей бақырып ол жатыр.

– Көкпар! Көкпар! – деп қырылдады бет-аузы қан-қан болып, аттардың тұяғының астында қалған Жапарқұл. – Дода! Дода! Сыпатай! Сыпатай! – Шал байғұс әлі таңқалып, таңдайын қағып жатыр.

Тайлақтың жартыкеш жертөлесінен солдаттар Тайтақайды, бой жетіп қалған қызы Күләйді сүйреп алып шықты. Өңі кеткен боз көйлегінің омырауы жыртылған Тайтақайдың бір мамасы суалған сиырдың желініндей салаңдап кетіпті. Жерге түсіп қалған жыртық жаулығын алайын деп еңкейе беріп еді, солдат мылтықтың дүмімен итеріп жіберді. Тайтақай бір қолымен шашын басып, екінші қолымен әлгі солдаттың өзін итеріп кеп жіберіп еді, солдат серең етіп құлап қалды. Оған басқалар қыран күлкі болды.

– Не деген күшті қатын! – деп бастарын шайқады.

Тайтақайды пристав тани кетті.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий