Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Работа, возродившая дух нации «Просыпайся вставай!» «Проснись, Общество!». Этот авторский труд является результатом многих лет творческой работы, исследований и поисков.

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

1916 жылғы 15-тамызда Маңырақ үстіне көтерілген жалқын жамау қара жалау тым алыстан көрініп тұрды. Мұны Ойталға шоғырланған көтерілісшілер де көріп, енді найза, қылыш қайрап жата бермей, жаумен бетпе-бет келу керек екенін ұғынып, аттарына қонған. Ойдан-қырдан жиналған сарбаздарды соғыс өнерінің әліппесімен таныстыруға да мұрша келмеді. «Жалаңаш барып жауға ти, бір Алла өзі біледі ажалымыз қайдан-ды» деген қайран ерлер зеңбірекке қарсы шоқпармен қаруланып, тура ажалдың апанына қарай аттанған.

* * *

Маңырақ сойқанынан кейін жазалаушы отряд көтерілісшілердің ордасы Ойталды ойрандамақ болып, Мықанды бойлап төмен жылжи бастаған.

Адам мінезінде айуан тірілген кезде кәдімгідей қанға мас болады. Маңырақтың қатын-қалаш, кемпір-шал, бала-шағасының қанына шомылған жазалаушылар, құтырған иттің сілекейін ішкендей, мейірім, сезім дегеннен ада болып, тағы да қантөгіс іздеп аласұрды. Солдаттардың көзін қанды шел қаптап, Мықан суы содан оларға қанжылым қызыл болып көрінді.

Адам қатыгез жабайылық дәуірден шығып адам болу үшін миллион жыл керек еді. Адам байғұс әбүйірін жауып, жер бетіне ұят қытығы пайда болғаннан бері араға миллион жыл салды ғой. Тас дәуірі, Қола дәуірі, Темір дәуірі қалды артта. Ал бірақ қантөгіс тоқтамады.

* * *

Маңырақты қиратып, жарты дүниені жаулап алғандай, жеңіс буына мас болып келе жатқан жазалаушы отрядқа Ақкөз күтпеген жерден шабуыл жасады. Мықанның сол жағындағы елеусіз ғана бүк түсіп, бүкшиіп жатқан белдің тасасынан бес мың қол «Сыпатайлап», «Бахтиярлап» бұрқ ете қалған кезде, Приходьконың бес жүз әскері лезде мастығы тарап, үрей болып, алды тырақайлап қаша бастады.

Аспан мен жердің арасын «Сыпатай», «Бахтияр», «Бәйдібек» деген ұран қара дауылдай кернеп, айбар шаша, оқ орнына атылғанда ротмистр Аркадий Приходько бұл сөзге түсінбей, Бектен болысқа бұрылып:

– Бұл не айқай! Бұл не – «Сыпатай?» – деп сұрап еді.

Бектен дегбірі кетіп, қашайын десе ротмистр мен приставтан қорқып, қашпайын десе мына қара дауылдан жаны қалтырап, ротмистрге жауап айта алмай, қалш-қалш етіп қалған. Ротмистр оған ақырып жіберді.

– Қорықпа, надан! Қазір көресің олардың тым-тырақай қашқанын. Айт. «Сыпатай» не?

– С-сы-сыпатай батыр болған. Оның аты – ұран, – деп Бектен әрең тілге келді.

Ротмистр ойланып қалды: «Бұл түземдердің де ұраны бар. Бізде не бар? Біздікі қандай ұран? Шайтан алсын бәрін де, біздің ұран – зеңбірек пен пулемет!» – деп нықталды да, зеңбірекшілерге бұрылып:

– Зеңбірек! Дайындал! – деп бұйрық берді.

Дегенмен екі ара едәуір жер еді. Ақкөз тек қоян-қолтық айқасқа ғана мықты. Ал алыстан шалысуға қолы қысқа болатын. Ақкөздің қолы қаптап, тапап өтердей болып жете бергенде, ротмистр бес пулеметті, бір зеңбіректі орнатып та үлгірген.

Зеңбіректің алғашқы снаряды Ақкөз қолының алдын орап бұрқ етіп, отау орнындай жерді төңкеріп тастағанда-ақ бес мың қолдың жүрегі зырқ ете қалған. Алғашқы снарядтан кісі өлімі болған жоқ, бірақ... Бұл өлкеде баяғы генерал Черняевтің жедел жүріп өткен жорығынан кейін зеңбірек оғы жарылып көрген емес еді. Алты қанат отау орнындай жерді бұрқ еткізіп аспанға лақтырып жіберген кереметті көргеннен соң найзалы көтерілісшілердің жүрегі шайлығыңқырап қалды. Әйтсе де әуелгі ет қызумен ат басын тартпай арындап келе жатқан шабуылшылардың қалың ортасына тағы бір доп түсіп, айналасы қой қотанындай аумақтың тас-талқанын шығарды. Бес-алты адам күл-пара болып, көзді ашып-жұмғанша қирады да қалды. Снарядтың дүлей толқыны тікесінен ұрған бір жауынгердің денесі бөлшек-бөлшек болып, қолы – қол, саны – сан қалпында әуеде арбаңдап, би билегендей сәл сәт ұшып жүрді де, бір-бірлеп, үзік-үзік жерге құлады.

Бұл сұмдықты көрген арттағы сарбаздар аттарынан аунай құлап түсіп, «бауырым-ой, бауырым-ой!»-лап шейіт болғандардың басын құшақтап опыр-топыр теңселіп отырып қалып еді, ағызып бара жатып, артына бұрылып, мына бейшаралықты көзі шалып қалған Тұрар, аттың басын шұғыл бұрып, жан дауысымен айқай салды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий