Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Работа, возродившая дух нации «Просыпайся вставай!» «Проснись, Общество!». Этот авторский труд является результатом многих лет творческой работы, исследований и поисков.

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

Үзеңгілер қатысып, ауыздықтар сылдырлап, төбешікті жағалай аттар пысқырынып, адамдар сампылдап, біразға дейін абыр-дабыр басылмай қойды.

Көптің алдында сөз сөйлеудің тұсауын Меркенің Төрткүл базарында, қаһарлы да қауіпті шақта кескен Тұрар қазір қысылған жоқ. Әлі ду-ду еткен халыққа қарап қолын көтеріп, саябыр тілеп, үнсіз тұрып қалды. Әлі бір сөзі жоқ, тек қол көтеріп тұрған Тұрарды көріп, жұрт бірте-бірте өзінен-өзі тына қалды.

– О, ағайын, араларыңызда ұста бар ма, ақын бар ма?

Әуелі не дерін білмей, сілтідей тынып қалған қалың қол кенет бұзылған араның ұясындай гуілдеп ала жөнелді.

– Ақыны несі? Ақын не жейді бұл жерден? Соғыста ешкім домбырамен соғыспайды. Не деп тұрсың, жарқыным? – деп тілін безенген шақылдақ біреу шиқылдап күле беріп еді, біраз ел оны қостап ха-халап кеп жөнелді. Тұрар тағы да қолын көтерді. Шу тыйыла бергенде:

Ереуіл атқа ер салмай,

Егеулі найза қолға алмай,

Еңку-еңку жер шалмай,

Қоңыр салқын төске алмай,

Тебінгі терге шірімей,

Терлігі майдан ерімей,

Алты малта ас болмай...

Тұрар сақпандай сартылдаған осы бір құдіретті сөздерді жорта тыя қойып, жан-жағына көз салып еді, сарбаздардың көпшілігі үзеңгіге аяқтарын тіреп, ұшатын құстай қомданып, көздері от шаша бастаған екен.

– Оу, жарқыным, не боп қалды, айтсаңшы, ойбай, ар жағын! – деп арт жақтан біреу сойылымен аспанды шанышқылап, ышқына айқайлап жіберді.

– Ойбай, мынау өлең емес, өрт қой!

– ІІІулама,түге! Ар жағын айт, миятым, – деді Ақкөз де алға ұмсынып.

Тұрар сонда бұрынғыдан бетер серпіліп, мына қауымды біржолата қаулатпақ ниетпен саңқылдап ала жөнелді:

Алты мата ас болмай,

Өзіңнен туған жас бала,

Сақалы шығып жат болмай,

Aт үстінде күн көрмей,

Ашаршылық шел көрмей,

Өзегі талып ет жемей,

Ер төсектен безінбей

Ұлы түске ұрынбай

Түн қатып жүріп, түс қашпай,

Тебінгі теріс тағынбай,

Темір қазық жастанбай

Қу толағай бастанбай,

Ерлердің ісі бітер ме? –

Аспара таудан теңіз төңкерілгендей, мына мың қолды бір толқын, құдіретті толқын шарпып өтті де, әлгі өрт өлеңнің әсерінен арыла алмай арбалып қалған халыққа Ақкөз сөз тастады.

– Апыр-ай, кеудесінде жаны бар адамды атқа қондырмай қоймайтын жігерлі жыр ғой мынау!

– Егеулі найза, ереуіл ат! А құдай, қолда!

– Бұдан кейін «аттандамай» қалай шыдап тұрасың, құдай!

Сонда Тұрар Махамбеттің өлеңін жатқа білгеніне мың тәубе айтып, сол өлеңмен таныстырған ташкенттік достарына, ұстаздарына мың алғыс бағыштады. Көпірген көп сөзден гөрі, бір ауыз отты өлеңмен мына топтың қанын қыздырып, жігерін қайрап, бірден тіл табысқан тапқырлығына өзі де дән риза. Енді Тұрар бойын еркін билеп, ойын түзеп, біржолата құлшынып кетті.

– Міне, ағайын! Ақын деген осы! – деді Тұрар. – Ақынның сөзі найзадан да, оқтан да өткір. Жаңағы мен айтқан жыр Махамбет деген батыр ақындікі. Ол әрі жауынгер, әрі ақын болған. Осыдан жетпіс-сексен жыл бұрын патша мен бай-сұлтандарға қарсы көтерілісті бастаған кісі. Қалай, халайық, араларыңда ақын бар ма деп сұрағаным енді түсінікті болды ма?

– Түсінікті болды, Тұрар шырағым. Мына мен Сауытбек деген ақын ағаң боламын. Ана жаныңда тұрған Ақкөздің Мырзабай деген баласы да ақын. Заман бейбітшілік, ел тоқшылықта екеуміздің ептеп айтысқа түсетініміз де бар. Енді «көппен көрген ұлы той» деп қолға қару ұстап тұрысымыз мынау.

Саңқылдаған, бидай өңді, мосқал кісі атын тебініп алға шықты.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий