Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Работа, возродившая дух нации «Просыпайся вставай!» «Проснись, Общество!». Этот авторский труд является результатом многих лет творческой работы, исследований и поисков.

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Әкеңнің жақсылығын көп көріп едім, бұл көйлек соның бір мысқалына да татымайды. Ал! Мені есіңе ала жүрерсің. Мен осы Меркеден елу шақырым Қорағаты деген жерде тұрамын. Ақкөз Қосанұлы десең жұрттың бәрі біледі. Базар сайын өзім де келiп тұрамын. Ipi шаруам жоқ, мал сатпаймын, Қырғызбай атаң құсап делдалдық етпеймін. Елді көресің, әжік-күжік әңгіме. Байлардың бейілін аңдайсың. Сорыңды ұрайын кедейдің неше парасын байқайсың. Байын – кедей, кедейін – бай етейін десең, қолыңнан келмейді. Ол құдайдың ісі. Әне, ана бір сорлы жаман өгізін жегіп, жоңышқа әкеліп сатып отыр. Жетіскенінен емес қой. Әне, жусан шауып, соны сатып, шәй пұлын тауып жүр ана біреу.

– Уа, Ақкөз батыр, – деп қалды бір тұстан соқыр дуана. Қобызын сарната-сарната жалықса керек, енді кір шүберекпен орап, қоржынына салып алыпты. Темір таяғын алдына кезей ұстап жерді шұқылап келеді. – Уа, Ақкөз, дауысыңнан таныдым. Қайыр-садақаң бар ма, қарағым. Жаман ағаңа беріп қой, тілеуіңді тілеп жүрейін.

– Міне, жоқшылықтың тағы бір аш жолбарысы. Мен бала кезімде мына қобызы бар еді, өзі де тозбайды, қобызы да тозбайды.

– Қалт айтасың, Ақкөз. Мен тоздым. Бала-шағаға масыл болмайын деп келемін, әйтпесе үйден шықпай-ақ жатар едім. Ал қобызым тозбайды. Менің сүйегім қурап қалғанда да, бұл тозбас. Сыпатайдың асында тартылған бұл қобыз. Әттең, мен өлгенде, мұны өзімдей тартар ұл табылса, сонда мен жаннатта жатқандай болар едім, қайтейін. Ондай ұл жоқ. Сыпатайдың айтқанын білесің бе, Ақкөз?

– Не деп?

– Сыпатай айтқан: менің асымда бәйгеден кедейдің аты келсін деп. Қайда сондай батыр енді? Сыпатайдың асын бергенде сонау Сырдан Майлы ақын келгені есімде.

Ботбай елі, туғаным,

Құтты болсын думаның!

Ел шетіне жау келсе,

Тырқырата қуғаның, –

дегені есімде. – Заманымда сол Майлының оң жағында отырып ем, аруақ тозса – жын болар, ендігі түрі мынау Жапарқұл ақын ағаң нық.

– Сыпатайдың асында мен де меймандарға табақ тартқанмын, – деді Ақкөз дуананың алақанына ақша салып тұрып. – Жақында Сыпатайдың асындай үлкен бір той болады. Айбар саудагер Бектен болыстың баласына қызын ұзатады. Сыпатайдың асында бас бәйгеге жүз тайлақ тігіліп еді, бұлар не тігер екен – көреміз, құда қаласа.

– Жақсы болды айтқаның, Ақкөз. Бектен болыстың тойына шақырусыз барамын. Бірақ шақырылмаған қонақ – сыпырылмаған жерде отыратынын да білемін... Аллаухи-ах! О, мұсылмандар, қайыр-садақа бер. Бәле-жаладан, кесір-кесепаттан ада боласыңдар. Аллаухи-ах! Ақкөз, аман бол, қарағым. Аллаухи-ах! Аллаухи-ах! Аллаухи... х!

Дуана дауысы қалың топтың арасына судай сіңіп кетті.

Оның орнына енді бақалшы дауысы бажылдаңқырап, басым шықты:

– Айна бар, тарақ бар,

Алмасаң да қарап қал!

Бір шеттен бағлан қозыдай сары ала қауын сатқан саудагер орысша үйреніп алған бірауыз тақпағын құранның сүресіндей қайталап қақсай беред:

– Падхади народ,

Свой огород:

Палавина сахар,

Палавина мед...

Торлама сары қауындардың біразы пісігі өтіп, қаққа жарылып кетіпті. Ырсиған жарықтан бал ағып жатыр. Күзгі ара, қара шыбын әлгі балға үймелейді. Саудагер оларды белбеуін шешіп үркіткен болады. Шырынның құрбаны болып кетсе де риза шыбындар қайта келіп қонады.

Енді бір сәт елден ерекше қалың топтың ішінде жападан-жалғыз ат мініп жүрген біреу ащы дауыспен айқайлап келеді:

– Ей, жарандар, жарандар!

Бұл сөзіме құлақ сал!

Ел аман, жұрт тынышта

Шоқпар, Шудың бойынан

Сүйіншіге сыйлық бар!

Бір үйір жылқы жоғалды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий