Knigionline.co » Казахские книги » Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев

Книга «Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Для того, чтобы столкнуться с масштабной темой, пронизанной реалистичной и картиной, и детской наивностью, необходимо прочитать произведение казахского писателя-классика Б. Сокпакбаева. Таким произведением является повесть «Путешествие в детство».

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев читать онлайн бесплатно полную версию книги

Кешке жұмыс соңынан екі аяғымыз талтаңдап жүре алмай қаламыз. Көзге ұйқы тығылып кешкі тамақты ішуге шамамыз әрең келеді.

Тамағымыз – талқан. Қадімгі қара талқан. Кішкене пияламен таңертең бір пияла, түсте бір пияла, кешке бір пияла арпаның талқанын береді.

О, қасиетіңнен айналайын, қара талқан! Сен де мені тұлықтастан артық болмаса, кем зығыр еткен жоқсың-ау. Туғаннан көзімді сенімен аштым. Аузым алғаш асқа талпынғанда апам бөкпен етіп талқан берген. Міне, содан бері қарай сен, қара талқан, менімен ылғи да се­рік­тесіп, бірге жасап келесің. Қайда барсам айрылмас до­сымсың. Мен міне деп, жарқырап алдымнан шығасың.­

Қыста да талқан, жазда да талқан. Ерте де талқан, кеште де талқан. Ана үйге барсаң да талқан, мына үйге барсаң да талқан. Талқан... талқан... талқан...

Ақсуды талқанмен ішеміз. Көжені талқаннан жасаймыз. Майға да қосылатын осы талқан, шайға да қосылатын осы талқан.

Талқанды тамақ етудің тәсілі көп-ақ. Мәселен, сарымайға немесе қаймаққа шылап жеу. Оған шекер сепсе, тіптен абзал.

Майға шыланған талқан шайнау тілемейді, өңештен өзі сырғанап өтеді. Сүтке, айранға шылап жесе де ауыздан түсіп қалмайды.

Талқанды тамақ етудің бұл айтылған бапты тәсіл­дері уақыты тапшы еңбек адамдары үшін жарамсыз. Біз «әуресі аз» болсын дейміз де, талқанды тамаққа бы­лай жаратамыз: ортада үлкен тай қазанда беті жыбыр-жыбыр етіп шымырлап қайнаған бір қазан қара су тұрады. Содан ыдыспен керегімізше көсіп алып, тиесілі тал­қанымызды үстіне саламыз. Дәмін кіргізіп тұз себеміз. Бұдан кейін қасықпен немесе ағаш қалақпен, ол да болмаса ортасынан екі бүктеп сындырған шимен былғап-былғап жібер де, аузыңды күйгізіп алмай, кәдімгі балқаймақ жеген секілді ұрттап, көмейіңнен өткізе бер.

Бұдан соң келесі пияла талқанға қалай да өлмей же­туіңе мен кепіл.

Қырман мен ауыл арасы бірғауым жер, қонуға үйге жі­бермейді. Таңертең бригадир айқай салған кезде ұшып-ұшып түрегелу үшін қырманның басына түнейміз.

Ұйықтайтын төсегіміз қырман шетіндегі үймек сабанның іші. Соны төбесінен төмен қарай үңгіп, інге кірген суырша, кіреміз де кетеміз. Мойнымызға топан тү­сіп, жыбырлатпас үшін жағамызды көтеріп, қымтап аламыз. Сабан төсеніш, сабан жастық, сабан жамылғы. Үңгірдің аузын ауа кіретіндей етіп себездеп, бүркемелеп жауып қоямыз. Таңқасқадан бригадир:

– Тұр! Тұрыңдар! – деп, сұңқылдай бастағанда оянып кетеміз. Ұйқының ең тәтті кезі. Тұрғымыз кел­мейді. Дүниені өрт басып бара жатса да жата тұрғымыз келеді. Алда күні бойы атқа мініп тепеңдеу, жан қинау бар екенін ойлағанда жүректі қайғының уы көміп кеткендей болады.

Бригадирмен қабаттасып айқайлаған қырманшы Жылқыбайдың зәрлі даусы естіледі:

– Әй, жүгірмектер! Тұрасыңдар ма, жоқ па? Әне, ат келді! Тұрып, аттарыңды ұстаңдар!

Жылқыбайдың даусы ұйқыны шайдай ашып жібе­реді. Енді жату қауіп. Ұшып-ұшып тұрмасақ, бураша зіркілдеген Жылқыбай маяның үстіне шығады. Бізді аяғы­мен теуіп жүріп тұрғызады. Қайда тығылғаныңды тап­паса, сабанға айыр сұққылайды. Айырдың ұшы біре­уінің бір жеріне кіріп кетер деп, сескенуді білмейді ол.

Күн сайын осы. Күн сайын ұйқы қанбай мәңгірт боп түрегелеміз. Аштық уайым емес, ұйқы уайым. Ұйқысы қанып бір ұйықтаған адамда арман бар ма екен дейміз.

Құдайдан жауын тілейміз. Жауын жауса, жұмыс тоқтайды. Демалып жетісіп қаламыз. Қашан жауын басылғанша пырылдап ұйықтағанды білеміз.

Бірақ жауын оңайлықпен жаумайды. Күн бұлттанып келеді де, желдетіп, әлгінде жауар деп үміт еткен бұлттың бәрі басқа жаққа ауып кетеді. Сөйтіп, бізді ке­леке еткендей болады. Аспанның жарқырап келе жатқанын көргенде көңілді тағы да қайғы бұлты басады.

Жауын бермеген құдайдан мен енді ауру тілейтін едім. Шын ауырсам, үйге қайтам. Төсек тартып жатқан­ды білем. Ұйқым мейлінше қанған болар еді.

Ауру бірақ жоламайды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий