Knigionline.co » Казахские книги » Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев

Книга «Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Для того, чтобы столкнуться с масштабной темой, пронизанной реалистичной и картиной, и детской наивностью, необходимо прочитать произведение казахского писателя-классика Б. Сокпакбаева. Таким произведением является повесть «Путешествие в детство».

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев читать онлайн бесплатно полную версию книги

Жылқыбайдың аттан тақыр жерге секіріп түскен ды­бысы естілді. Әне ол үйге келе жатыр! Менде ес қалмады.­

Жылқыбай төр үйге кіріп келді. Төсекте қорыққаннан көзім бақырайып жатқан мені көрді.

– Жүгермектің жатуын! Тұр, киін!

Балапанын қорыған тауықша шешем Жылқыбайдың алдын тосқауылдай ұмтылып еді. Ол оны қолымен­ тұрпайы сермеп, қағып жіберді. Менің үстімдегі көр­пені сыпырып алды. Мен бар даусыммен бақырып, пана іздеп, шешеме ұмтылдым. Әкем де, ағаларым да жұмыс­қа­ ерте тұрып кетіп қалған. Олар үйде жоқ еді.

Жылқыбай мені шешеме жібермеді. Өңгерген лақша бақыртып, төсектен көтеріп алды. Аурушаң ше­шемді қаға-соға сол күйде сыртқа алып шығып барады.­ Мен одан бетер бақырып, тыпырлап, Жылқыбайды бас­қа-көзге ұрғылап келем.

Үйге кірерде Жылқыбай кер биені есіктің тұтқасы­на байлай сап кірген екен. Менің ойбайымнан шайпау бие қорс етіп, үркіп жөнелді. Онсыз да әрең жан сақтап­ тұрған жаман есікті маңдайша, таяныштарымен қоса қопарып алып кетті. Жан-жағына қалаған кесектері сау ете төгіліп, үйдің бүкіл бір қапталы үңірейіп, қирап қалды.

Шешем зарлап жатыр:

– О, үйің күйсін, Жылқыбай! Шаңырағың қирап, ортаңа түссін! Жұртым-ай, тал түсте мекенімді талқан­дап, бұл не деген сұмдық! Көгерме, көктеме, қанішер неме!

Шешемнің зарлы дауысы ауылдың бас-аяғына түгел естіліп тұрды. Ешкім оған жәрдемге келмеді...Менің әкемМен бір жағдайда әкеме өте риза болатын едім – ол өмірбаян жазып, анкета толтырған кезде. Кез келген­ қарапайым анкетада әке, шешең кім болған деген сұрақ тұрады. О, бұл сұрақ барлық сұрақтың ішіндегі ең маңыздысы. Болашақ өмір маршрутының сызылуына оның жасайтын ықпалы өте зор. Мінекей, әлгі сұрақ ал­дымнан шыға келген кезде менің көзім жайнап кеткендей болады. Жауапты құлшына жазамын, – әкем де, шешем де кедей болған! Жай кедей емес, қу тақыр кедей.

Мен бұны шынайы мақтаныш етіп жазамын. Ата-те­гімнің кедей болуы ол совет өкіметі үшін менен се­німді, менен бағалы адам жоқ екенін білдіретін бас бұрғызбас дәлел секілді. Ана Жылқыбай балалары өйдеп – ата-тегіміз кедей болған деп жаза алмайды.

Анкета толтырғанда қолдары дірілдеп, жүректері толқып тұрады. Кедей болмай, бұрын бай адамдар бол­ғаны үшін олар әкелерін тап сол кезде бір-бір боқтайды.­

Ал менің жалқау әкем дүниеге кім болып келуді, та­рих үшін қай таптың өкілі болу артық екенін ерте біл­ген. Міне, осы үшін де әкеме риза едім. Ыдыке, ­жарайсың!

Ыдыкеңнің жасы бұл кезде отызды орталап қалған.­ Соған қарамастан, жүріс-тұрысы қарт адамдар тәрізді. Ырғалып-жырғалып, ол қозғалып болғанша, өмір керует біраз жерге барып та үлгереді.

Жақсылық, жамандықтың бәрін де әкем тәңіріден күтеді. Дұрыстау өмір сүруге талпыну, ертеңгі күннің қамын ойлап мазасыздану ол үшін жат нәрсе.

Шешем Әсбет – тілді де отты адам еді. Тек ауру иек­теп алған да қор қылған. Әкемнің ынжықтығын бе­ті­не басып, қайрап айтып отыратын. Бірақ әкем ағаш пышақ тәрізді, қанша қайраса да өтпейді.

Кедей іздеген, кедейшілік өмірдің қандай болатынын көргісі келген адам біздің үйге келсін.

Ауыз үй, төр үй деп аталынатын, соқырдың көзін­дей сығырайған бір-бір ойық терезелері бар аласа екі бөлмеде тұрамыз. Жер еден. Шиқылдақ тапал есік. Үйдің төргі бұрыштарында қадімгі бірнеше тал көк шөп өсіп тұрады. Не шөп екен деп, жұлып алып қарасаң, арпаның не бидайдың дәні болып шығады.

Біздің үйде бір қара жағал ағаш кебеже болушы еді. Мүлік атаулыдан менің есімде сақталғаны сол.

Жалпиған ескі ағаш төсек. Онда әкем, шешем, мен үшеуміз ұйқтаймыэ.

Ауылдағы кез келген үйде самауыр, темір кереует, жүк етіп жинап қоятын азын-аулақ көрпе-жастықтары болады. Көпшілігі кереуеттеріне шымылдық ұстайды. Кестелеген киім жапқыштары болады.

Екі киім жапқышы бар үй әлді үй. Мәселен, Батыр­қанның үйі. Бір киім жапқышы бар үй орта шаруа.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий