Knigionline.co » Казахские книги » Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев

Книга «Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Для того, чтобы столкнуться с масштабной темой, пронизанной реалистичной и картиной, и детской наивностью, необходимо прочитать произведение казахского писателя-классика Б. Сокпакбаева. Таким произведением является повесть «Путешествие в детство».

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Ыдырыс, тағы да сен бе? Тұншықтырып өлтірдің ғой сығыр құдай. Қақтамай, қоя тұршы. Жатар кезде жайсаң да кебеді ғой. Тым болмаса, пешке тақамай, әрірек жай.

Түнде біздің үйге ұры кіре ме, қайдам, таңертең әлгі аталған мүліктердің бірсыпырасы жайылған орнында тағы да жоқ болып шығады. Әкем үйдің ішін қопарып тағы іздеуге кіріседі.АғаларымАғаларыммен танысудың реті енді келді.

Смағұл – әкемнің інісі. Мұрт шыға бастағанына аз ғана жыл. Мен бұл кісіні тәте деймін. Шешем қазақ әйелдерінің салты бойынша атын атамайды, тергеп «шырақ» дейді.

Шырақ үйленбеген, бойдақ.

Смағұл әкемдей сылбыр емес, әрі пысық, әрі өнерлі адам. Қолынан өрімшілік, ұсталық, бәрі келеді. Тегі, ол не жұмысқа болса да бейім. Істеген ісін жапырып, өндіріп істейді.

Қаршадайынан байларға малай жүріп ысылған. Колхоз қайда жұмсаса барады, ерінгенді білмейді.

Аурушаң шешеме үйде бірден бір қолғабыс болатын осы кісі.

Ол әйел жұмысын да, еркек жұмысын да талғамай, бәрін істейді. Су әкеледі, отын жарады, арпа кеузеп, қол диірменмен талқан тартады.

Смағұл шешеме әрі қайын, әрі келіні есепті. Қажет болса, кір де жуады. Шешем Смағұлды жақсы көреді.

Тәтемнің мінезінің шайпаулығы бар. Ашуланса, су тамған ыстық майша шатыр ете қалады. Мен үйде тә­темнен ғана жасқанып, шын қорқамын. Ашуланса ол ұрып та жібереді. Қолы балғадай қатты.

Бірге туған ағайым Сатылғанның жасы жиырмаға жаңа ілінген. Азды-көпті оқуы бар, жаңалыққа бейім интеллигентіміз. Мінезі, жұмсақ, майда жүріп, майда тұ­рады. Ешкіммен қақ-соғы болмайды. Аз уақыттан бері қарай Сатылған ауыл советте секретарь болып істейді.

Сатылған жиырма тоғызыншы жылдан бері комсомол мүшесі, қолынан газет-журнал түспейді. Күнде кешқұрым сығырайған бөтелке шамның түбінде тесіліп кітап оқып отырады.

Жиырмасыншы жылдардың ортасында осы өлкенің Қолтық дейтін жерінен төте оқу бойынша бастауыш мектеп ашылғанда, Сатылған сонда үш класс оқып бітірген. Кейін латын әрпіне көшкенде оны өздігінен меңгеріп, біліп алған.

Сатылған мінезінің сынықтығымен жұрттың бәріне жағады. Біреуден озсам деп, жағаласуды білмейді. Шамасы келсе, бой түзеп, тәуір киініп жүруге тырысады, Ағайым мені ұрмақ түгіл, дауыс көтеріп, ұрсып көрген жан емес.

Мен болсам ағайыма тартпағанмын, тез ысып, тез суимын. Ыза болсам, күйіп-жанып дызақтап кетем. Ойланбай істеп, ойланбай сөйлеп, өкінетін кездерім көп болады. Соңынан сол үшін өзімді өзім жек көріп жүрем.

Сатылғанды мен өте сүйетін едім. Ол мен үшін алдымдағы өнеге болатын. Ылғи да жақсы мінез-қы­лық­қа тәрбиелейтін: өтірік айтпау, біреудің бірдеңесін ұрламау, жақсы оқу, темекі тартпау, т. т.

Менің білімге, адамгершілікке тәрбиелейтін түздегі ұс­тазым Сағатбай болғанда, үйдегі ұстазым Сатылған еді.

Сатылған Отан соғысынан оралмады.Шешем жайлыӘкемді алсаң, ал құдай, шешемді қой,

Шекпен тоқып берсе де өлмеймін ғой.

Халық бұл өлеңді текке шығармаған. Шешелі балада бәрі бар. Менде қазір бәрі бар.

Үйде түк болмай қалған күнде де шешем мені аштан өлтірмейді, әйтеуір бірдеңе тауып, өз аузына салмастан менің аузыма тосады.

Қыз кезінде шешем көрікті болыпты. Орта бойлы, қыр мұрын, қызыл шырайлының әдемісі болғанға ұқ­сайды. Ал мен ес білгелі ол науқасшаң. Ауру мен жоқшылық қоса қабаттасып құр сүлдері қалған. Отырса, тұрса, аузынан ойбайы түспейді. Соған қарамастан күні кешке қыбыр-қыбыр қимылдаумен болады. Жоқты бар етіп түтін түтетеді.

Біздің үйдегі адамдардың қай-қайсысы да шешемді сыйлайтын еді. Ол не айтса, сол болады.

Біз тату тұратын едік. Айқай-шу, жанжал болғанын­ білмеймін. Момын әкем шешеме дауыс көтеріп, қораздана алмайтын. Қайта, шешем оған ынжықсың деп ұр­сып отырушы еді. Еркектік намысына тиіп, күйініп небір қатал сөздер айтатын. Әкем сонда да былқ етпейтін.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий