Knigionline.co » Казахские книги » Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев

Книга «Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Для того, чтобы столкнуться с масштабной темой, пронизанной реалистичной и картиной, и детской наивностью, необходимо прочитать произведение казахского писателя-классика Б. Сокпакбаева. Таким произведением является повесть «Путешествие в детство».

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Мынаны қара, сенен жасы да, бойы да кіші. Ал сен оның қасында өгіздейсін, ұялмайсың ба? – дейтін.

Мен мақтағанға мәз болып, Жанбосынға сенен асып кеттім бе дегендей қутың-кутың қараймын. Жай кез болса ол мені иығымен қағып, аяғымен тапап кетер еді ғой. Ал қазір өйте алмайды. Маған деген қыжылы ішін­де болады.

Сабақ бітсін, үзіліске шығайық, мен сенімен сонда сөйлесем дегенді Жанбосын көзқарасымен білдіреді.

Сабақтан тыс жерде, мұғалім жоқта ол менің итімді шығарады. Ойнаған боп, басымнан тоқай алып, құлағымды созып, жерге аунатып, мойныма қар тыққыштап, істемегенді істейді. Жанбосын екеуміз сондықтан да жау едік. Ит пен мысық тәріздіміз. Ол мені өле алмай жүріп, одан асқан білгіштігім үшін, тілімнің кейде оны шағып алатын қыршаңқылығы үшін жек көреді.

Жанбосынды менің жек көруім үстіндегі киімінің бү­тіндігі үшін. Аяғындағы менде жоқ бұжыр табан әдемі бәтеңкесі үшін.

Балалар мектепке қалталарына әр түрлі тамақ салып­ әкеліп, үзіліс кезінде малжаңдап жеп жүретін әдет бар. Көп жұрт қуырған бидай әкеледі. Қалталарына бұрқыратып талқан салып әкеліп, үзіліске шыққанда ауыздарына уыстап құйып жүретіндер бар.

Жанбосынның алып келетіні – аппақ нан. Үзіліс кезінде анадай көрнеңкі оқшау жерде тұрып, әдейі біздің көзімізді қызықтырып, баппен шайнап жей бастайды. Біз оған көңіл аудармаған боламыз. Қарамауға тырысамыз. Бірақ қарамау қайда. Көзі құрғыр еріксіз бұрылшақтап, түсіп кете береді. Ауызға бір кездерде жеген ақ нандардың дәмі келіп, сілекейіміз шұбырады.­

Біздің бұл халімізді қаскөй Жанбосын өте жақсы біледі. Осыдан соң онымен қалай жау болмассың?

Мен Батырқанның баласы болып тумағаныма өкі­нетін едім. Батырқанның баласы болып тусам ғой – әдемі киім киіп, ақ нан жеймін. Әлгінде Жанбосын жеген ақ нан сабақта отырғанда да көзіме елестеумен болды. Тапа-тапа ақ нандар менің түсіме де кіреді. Апам есік алдында көң жағып, көмбеге нан пісіріп жатады. Маған жей ғой деп, үлкен етіп үзіп береді. Мен қаужаңдап жеп жатам. Ояна кетсем, түсім. Ішім удай боп ашып кетеді. Көзімді тез қайта жұмып, әлгіндегі ақ нандарды­ қайтадан іздеймін.

Бірақ, амал қанша, ақ нандар сол жоғалғаннан ғайып боп жоғалады. Аузымда дәмі, ойымда сырқыраған өкініші ғана қалады.

Ересек жігіттер не істесе, Жанбосын бәрін істейді. Мұғалімнен жасырып шылым шегеді. Әкесінің папиросынан ұрлап алатын болуға керек. Түтінді аузынан сақинаша дөңгелетіп, лек-лек етіп шығарып, бізді таңқалдырады.

Бір күні ол:

– Мен түтінді құлағымнан да шығара алам, – деді.

– Шығаршы.

– Ол үшін біреуің аузымды қолдарыңмен басып тұрыңдар.

– Мен басайын, – дедім.

Жанбосын түтінді ішіне толтыра сорып алды. Мен алақаныммен оның аузын бастым. Екі көзім құлағында. Құлақтың тесігінен түтіннің сыздықтап шыға бастағанын көргенше асықпын.

Сеніп тұрмын.

Кенет қолымның сырты тыз ете қалды. «Ойбай!»

Балалар ду күлісіп жатыр. Сөйтсем, Жанбосын алдаған екен. Қолымның сыртына темекінің шоғын басып­ алыпты. Қолымның терісі кәдімгідей қызарып, қолдырап күйіп қалды.

Әлгіндей сасық қулыққа Жанбосын шебер болатын.­Қостөбеге қыс келдіҚостөбеге қыс келді.

Таулы аймақта ауа райы құбылмалы. Текес бойының қысы бірде қатаң, бірде жұмсақ. Қар кейде қалың тү­седі, кейде жұқа түседі. Үскірік суық бола қалса, онша ұзаққа созылмайды. Төрт-бес күн қысып-қысып алады да, ашуы тез тарқап, маужыраған қалыбына келеді.

Онсыз да дабыр-дұбыры, ойын-күлкісі аз бір шөкім бәкене ауыл қыстыгүні жансыз денедей боп, сұлық жатып қалады. Көшеде бейсауат жүрген адам қарасы сирек байқалады. Қалың қар тұмшалаған үйлер, қора-жайлар сырт көзге бұрынғыдан бетер мыжырайып, шөгіп кетеді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий