Knigionline.co » Казахские книги » Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев

Книга «Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Для того, чтобы столкнуться с масштабной темой, пронизанной реалистичной и картиной, и детской наивностью, необходимо прочитать произведение казахского писателя-классика Б. Сокпакбаева. Таким произведением является повесть «Путешествие в детство».

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев читать онлайн бесплатно полную версию книги

Қаншалық кедей үйдің де қазаны бүлк-бүлк қайнайтын көңілді бір күні болады ғой. Қайдан білетінін Өкембай біле қояды. Қазан түсер кезде салаң етіп жетіп келеді. Төрге шығып, отырып алады.

Ірілеу жұмыс істесе, Өкембай ақыны атап сұрайды.­ Бір пұт арпа немесе бір қап тауық жем, яки болмаса бір табақ ұн бересің дейді. Ақша айтылмайды. Ақшаға жұрт­тың бәрі зәру.

Ақы алдын ала төленсе, Өкембай көңілденіп істейді.

Жұмыс үстінде Өкембай әндетіп ыңырсып отырады да, басы жоқ, аяғы жоқ бір сөзді қойып қалады:

– Шіркін, Мәскеуді бір көрсе! – дейді.Арам сорпаАуылдың тап іргесінен шекаралық застава орнаған. Қысқа қарай заставаға отын кесіп жағатын жұмысшы қажет болады. Менің әкем мен Смағұл тәтем колхоз жұмысынан мойындары босаған соң жанбағысқа себі тиер дейді де, енді осыған жалданады.

Таудай қосақтап сүйреп әкелінген жуандығы түйе­нің беліндей нән қарағайлар. Заставаның бет алдында­ғы тақыр алаңда әкем мен тәтем сол қарағайларды күні бойы арамен кертіп турайды. Сосын шойын балтамен жаңқалап жарып текшелеп жинаумен болады.

Бұл үшін оларға ешқандай да ақы төленбесе керек. Өйткені еңбек ақы алдық деп, үйге тиын-тебен ұстап келіп жүргендерін көрген емеспін.

Ақының орнына солдаттың тамағынан ішеді, кейде­ үйге де әкеледі.

Біздің үй заставаға жақын шеткі үйлердің біреуі. Бір күні Смағұл тәтем шелекпен буы бұрқыраған ыстық бірдеңе әкеле жатыр. Далада ойнап жүрген мен алдынан жүгіріп шықтым:

– Тәте, бұл не?

– Сорпа.

Үңіліп қарасам, бетінде кесек-кесек майы қалқып жүр. Сорпаның бұрын сезініп көрмеген әдемі ғажап иісі мұрын жарады.

– Ура! Тәтем застаптан бір шелек сорпа әкеле жатыр! – деп, үйге атой салып кірдім.

Төсегінде қисайып жатқан шешем басын әнтек кө­теріп алды. Үйге тәтем де кірген еді. Сорпаның бұрқыраған тамаша иісі лезде үйдің ішін алып кетті.

– Шырақ-ау, бұның не? – деді шешем үріккен жүзбен.

– Сорпа, жеңеше.

– Тарт әрі! Шошқаның сорпасы шығар. Аулақ әкет! Тәтем ақталып жатыр:

– Шошқанікі емес, жеңеше, Побыр өзі айтты. Кеше өгіз сойған, өгіздің сорпасы.

– Жо-жо, әкет! Көрсетпе!

Тәтем сорпаны ауыз үйге алып шықты. Әкем де кел­ді. Сатылған үйде жоқ болатын. Бұны енді не іс­тейміз деп, ақылдаса бастады.

– Побыр өтірік айтпайтын шығар? – дейді әкем.

– Кеше өгіз сойды ғой, – дейді тәтем. Төгіп тастауға көз қимайды.

Шошқа арам, шошқа лас, шошқа андай, шошқа мын­дай деген сөз кішкене күннен әбден сіңген. Шешем әлгінде шошқаның сорпасы шығар дегенде менің де­ денем дір ете қалған. Бастапқыдай емес, енді шелекке сескеніңкіреп қараймын. Ынтығым басылып, десім қайтыңқырап қалған. Дегенмен әкем, тәтем ішер болса,­ көппен көрген ұлы той деп, тәуекелге басуға дайын тұрмын.

Тәтем қасық алып, сорпаны араластырып, тексере бастады. Ішінде капуста, картоп жүр. Енді ойлап отырсам, борщ екен. Бір кезде үлкен жалпақ қабырғаның басы шыға келді.

– Міне, өгіздің қабырғасы, – деп, тәтем қуанып қалды.

– Өгіздікі. Шошқанікі мұндай болмайды, жіңішке болады.

Шешем сонда да безілдеп жолатпады.

– Өгіздікі түгіл, ненікі болса да менен аулақ, өздерің ішіңдер!

Шешемнің ойы белгілі еді. Заставада шошқа да, өгіз де сойылып жатады. Тамақ бір қазанда жасалады. Шош­қа еті пісірілген қазаннан дәм тату – қарамның өзін жегенмен пара-пар. Яғни ауыр күнә.

Біз, шешемнен басқаларымыз, мұсылмандықтың әлгіндей қатаң жолын сақтай алмадық. Ораза, намаз тоқтықта дегендей майлы сорпаны қарынға салып алуды мақұл көрдік. Қара су, қара талқанмен бүйіріміз қа­бы­сып, жұтап жүрген жандармыз. Мынадай ғажап асты құр бекер төгіп тастағанымыз қылмыс емес пе?

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий