Knigionline.co » Казахские книги » Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев

Книга «Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Для того, чтобы столкнуться с масштабной темой, пронизанной реалистичной и картиной, и детской наивностью, необходимо прочитать произведение казахского писателя-классика Б. Сокпакбаева. Таким произведением является повесть «Путешествие в детство».

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев читать онлайн бесплатно полную версию книги

Өкембай Қостөбедегі азын-аулақ партия мүшесінің бірі. Қатардағы еңбекшінің үлгілі өкілі ретінде әрқашан­ санға ілініп, аты аталып жүреді. Оны-мұны комиссия құрылса, Өкембай ішінде. Екпінді колхозшылардың жиыны, слеті болса, міндетті түрде Өкембай барады.

Мейрам сайын трибунадан бір адам колхозшылар атынан құттықтау сөз сөйлейді, ол – Өкембай. Жиылыс болса, Өкембай екі қолын тонының шелектей жуан жеңдеріне тығып алып, есінеп президиумда отырады.

Жиылыс демекші, сол кезде жұрт жиылыстан бас ала алмаушы еді. Ауылға сан алуан өкіл келеді: аупарт­комның, ауаткомның, аудандық жер бөлімінің, ком­сомолдың өкілі. Әйелдер бөлімінің, оқу бөлімінің, ден­сау­лықтың, осовиахимның, құдайсыздар ұйымының өкілі...

Өкіл соңынан өкіл. Өкіл кепті дегенше, жиылыс кеп­ті дей бер. Бригадир үй-үйді кезіп, хабарлаумен болады:

– Ау, жиналысқа жүріңдер! Жиналыс бар! Ауданнан өкіл кепті. Баяндама болады. Тез жүріңдер!

Пәлен сағатта басталады деген сөз қолданылмайды. Ол тұрмысқа сіңбеген.

Мал-пұлдарын жайғап, жұрт кешкі тамақтарын ішіп жиналғанша, түннің бір уақыты болады. Тар кең­сенің ішіндегі аз ғана орындық келген жұртқа түгел жетпейді. Үлкендердің көбі малдас құрып жерге отырады. Алдымен жиналғандар соңғылар жиналғанша қорылдап ұйқыға басады.

Май шамның ала көлеңке жарығымен бір кезде жи­налыс басталады. Басында қазандай түлкі тымағы бар Жәкібай председатель:

– Әй, көтер бастарыңды! Уәлібай! Сатыбай! Немене, сендер мұнда ұйықтағалы келіп пе едіңдер? Қылжимай тұрып отырыңдар! – деп, ұйықтап қалғандарды­ әуелі оятып алады. Күн ара жиналыс ашып жүрсе де өзіне өзі сенбей абдырай беретін сауатсыз председатель қа­сындағы өкілсіз қия баса алмайды.

– Приздум сайлаймыз ба? – деп, ақыл сұрайды.

– Сайлау керек.

Президиумға сайланатын адамдар белгілі: ауданнан келген өкіл, Жәкібай өзі, ауыл совет Батырқан. Жалпы­ колхозшылардың атынан Өкембай. Әйел колхозшылардың атынан екпінді әйел. Етекбай келіні Мария.

Кейде:

– Комсомолдан бір адам сайлау керек! – деген ұсыныс түседі. Қарсы болмайды. Жүнісбай сайланады. Иә, бізбен бірге оқитын Көпекбай ұлы Жүнісбай.

Ол ауылда болып жататын жиналыстардың бір де біреуін құр жібермейді. Жарыс сөзде сөйлемей және қалмайды. Жүнісбай сөз алған кезде сезіктілер қипақтап жандары мұрындарының үшіне келіп отырады.

Өзін нағыз большевикпін деп есептейтін Жүнісбай ешкімнің бет-жүзіне қарамайды. Әкесі болса да тас-талқан етіп сынайды.

Жиналыс кейде таңға дейін созылады. Қыстыгүні ха­лықтың қолы бос кезде ештеңе емес, жазда жұрт жұ­мыспен қарбаласып жатқанда өткізілетін өнімсіз мылжың жиналыстардан өткен жексұрын еш нәрсе жоқ. Адамдарды шаршаған үстіне шаршатады.

Жиналыс болса, тым құрса, бір үйден бір адам қатысу керек деген жазылмаған заң бар. Бұл заң кейде күл­кілі жайға апарып соғады. Айталық, әйелдер жиналысы­ болғалы жатыр. Шал мен кемпір. Кемпірі науқас. Енді ол жиналысқа амалсыздан шалы барып қатысады.

Өкембай колхоздың ұстасы ғана емес, бүкіл халықтың ұстасы. Біреуге бәкі, біреуге пышақ, біреуге қысқаш, біреуге таға, біреуге шот жасап береді. Есікке топса, құлып салатын ілгешек істеп береді. Жұрт тозған шелек, шылапшынын Өкембайға түптетеді. Қаңылтыр пеш, керней жасатады. Қостөбеде Өкембайға ісі түс­пей­тін адам жоқ, онсыз елдің күні жоқ.

Бала саны Өкембайда баршылық. Салақтау Шолпан­ дейтін ақкөңіл әйелі бар. Әрбір жыл жарымда құндақталған бір баланы Өкембайға мә, тағы да мұрагерлі болдың деп, ұстатады да отырады.

Қарт шешесі бар, семьясы үлкен.

Тұңғышы Алтын дейтін қыз, менімен бірге оқиды. Пысық.

Өкембай кісі көңілін қалдырғанды білмейді. Жұрт­тың өтінгенін қалай да істеп береді. Жеңіл-желпі жұ­мыс­қа атап ақы сұрамайды.

Ақыны басқа жолмен алады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий