Knigionline.co » Казахские книги » Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев

Книга «Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Для того, чтобы столкнуться с масштабной темой, пронизанной реалистичной и картиной, и детской наивностью, необходимо прочитать произведение казахского писателя-классика Б. Сокпакбаева. Таким произведением является повесть «Путешествие в детство».

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бұны айтып жатқан менің ата жауым Жанбосын. Әлгінде сабақтың үстінде отырып, пимамды оған да көр­сеткенмін. Көзін бағжитып, аузын қусыра созып, таңырқап қарап қалғаннан өзге ол онда ештеңе дей алмаған. Кесір неме үзіліске шығуды күткен екен.

Мен қашанғы тапжылмай отыра берейін. Мазақтайтын иттер тезірек мазақтап тынса екен. Киімімнің нашарлығынан мазаққа көкпар болуым менің осы ғана ма? Өлмеспін, бұдан да тірі қалармын.

Сыртқа шығар-шықпастан-ақ балалар мені қоршап алған.

– Бұған енді тақаның да қажеті жоқ, – дейді біреулер.

– Жүріп көрші, қалай жүрер екенсің? – дейді екіншілер.

– Жүре аласың ба? – дейді үшіншілер. Жанбосын сөзбен тәлкектеп қоймайды. Пимамды аяғымен теуіп, жүгір деп, қолымнан жетелеп, осы тұста мені басынып-ақ жатыр.

Тоқтай тұр, бәлем, Жанбосын. Өш алатын кез әлі-ақ келер, «Автомобиль» пиманы мен сол жылы қыстап­ киіп шықтым. Біраз күннен кейін өзіне үйреніп кеттім. Үлкендігі де, ауырлығы да байқалмайды. Кадімгі дағды­лы аяқ киім тәрізді онша елемейтін болдым.

Бұл пимамен сырғанақ та тебем, ләңгі де ойнаймын. Тек тосын көрген біреулер:

– Өй, мынаның пимасы өзінен де үлкен ғой! Қалай көтеріп жүрсің?! – деп, таңырқаса, аяқ киімімнің бойы­ма шақ емес екені есіме сонда ғана түседі.Бір табақ ұн, бір табақ арпаКөктем басы. Жуанның созылатын, жіңішкенің үзі­летін нағыз көкөзек қиын кезі. Қай үйге барсаң да шықпа, жаным, шықпа деп әрең жан бағып отыр.

Әкем мен Смағұл тәтем бұл кезде заставада жұмыс іс­темейді. Солдаттар отынды өздері кесіп-жаратын болған.­

Әкем мен тәтем күндіз қырман қағып келеді. Бір табақ, жарым табақтай дән әкеледі. Өткен жылдан қар астында қалып, бөртіп бүлінген дән. Ауру шешем оны қуырып, талқан, көже жасайды.

Таңертең сабаққа барар кезде шешем маған бір кружка сұйқылтым арпа көже ысытып береді. Күні бойғы қорегім сол ғана. Мектептен қайтқанда аштықтан көзім қарауытып, бұралып, үйге зорға жетем.

Осы күнгі балаларша:

– Апа, қарным ашты, тамақ бер, – деп, есіктен дабыра салып кірмеймін. Ол сөздің әрі пайдасыз, әрі ар­тық екенін білем. Кітап салған шүберек сумкамды тере­зенің алдына үнсіз қоямын да, шапанын үстіне айқара жамылып, төсекте бүк түсіп жатқан ауру шешеме мөлие қарап тұрам.

Шешем бұл келген мен екенімді көрмей-ақ біледі. Басын бұрып қарамастан, ыңырсыған нашар дауыспен пәлен жерде бір уыс қуырған бидай, немесе бір уыс тал­қан тұрғанын айтып, соны жей ғой дейді.

Бір күні оқудан тағы да ішім ішіме қабысып, әрең келдім. Ауырып жатқан шешеме өлімсірей қарадым. Шешем үнсіз. Пәлен жерде мен үшін сақталып қойыл­ған бір уыс бидай бар екенін айтпады. Үйде ауызға салар түк қалмағанын бірден білдім.

Бұл бірінші кездесіп отырған жағдай емес.

Бұндайда мен сол үнсіз-түнсіз қалпымда сыртқа шығып кетем. Өз жанымды өзім бағудың қарекетін ойластырам. Колхоз председателі Жәкібайдың немесе тамағы бар басқа біреудің үйін торуылдап келем. Батырқан үйіне жоламаймын. Онда Майра бар. Аштан өліп кетсем де Майраның көзіне үй торыған сорлы боп көрінбекші емеспін.

Менің сағалайтыным көбінесе Жәкібай үйі.

Жәкібайдың менен үш-төрт жас кіші Тілеу дейтін әрі ерке, әрі сотанақтау баласы бар. Әке-шешенің алақанға салып отырған жалғызы.

Председательдің баласы болғандықтан Тілеу аш болу дегеннің не екенін онша біле қоймайды. Қолына добалдай етіп нан ұстап, жеп жүреді. Құрдан құр берші дегенге ол нанынан бере салмайды, әрине.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий