Knigionline.co » Казахские книги » Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев

Книга «Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Для того, чтобы столкнуться с масштабной темой, пронизанной реалистичной и картиной, и детской наивностью, необходимо прочитать произведение казахского писателя-классика Б. Сокпакбаева. Таким произведением является повесть «Путешествие в детство».

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев читать онлайн бесплатно полную версию книги

Жантай сұңғақ бойлы, еңкіш. Кішірек қыр мұрынды, сұрша көсе кісі. Бір жамбасынан ақсап басады. Ше­кара қатаймаған кезде бұл өлкеде шекарашыларға кө­мектесетін коммунистік отрядтар құрылған. Жантай сонда қызмет еткен. Совет өкіметі үшін басын оққа байлап, бандамен талай шайқасты бастан кешкен. Талай ерлік қимылдар жасаған. Жантайдың ақсақтығы – сол шайқастардан тапқаны – мықын сүйегіне бандының оғы тиген.

Боқшабай құдыс жонды, бурыл сақалды, еңгезердей зор адам. Алпамса денесі селкілдеп, күрк-күрк жө­теліп отырады. Онысы бұрыннан бар көкжөтел. Боқшабайдың қолының үлкендігі ағаш күректің басындай, әр саусағының жуандығы кетпеннің сабындай. Біздің ауылдағы ең зор адам осы еді.

Баяғы жортуыл заманның кезінде жұрт Боқшабайдан сұрайды екен:

– Бәке, сіз осы ұрлыққа қалай қорықпай барасыз? Күрк-күрк жөтеліңізбен барған ауылыңызды оятып, өзіңізді өзіңіз ұстап бересіз ғой? – дейді екен, Боқшабайдың жауабы:

– Е, жөтелетін мен ғана ма, һөһ-һөһ! Мен секілді көк­сау малда да болады. Қойлы ауылға барғанда, һөһ, һөһ, қойша; сиырлы ауылға барғанда сиырша жөтелем, һөһ, һөһ!

Боқшабайдың бұнысы шын сөз екенін жортуылға онымен бірге қатысқан адамдар рас дейді. Қай малдың болса да даусына салып жөтелісі ғажап дейді.

Бір рет Бәкең қалмаққа ұрлыққа барады. Түн. Көзге түртсе көргісіз қараңғы. Қалмақтың үйінің тап іргесін­дегі ірі қара қамалған қораға кіреді. Иттер сезіп, шә­­уіл­деп үре бастайды. Қалмақтар оянып, сыртқа атып-атып шығады. Қорадағы малды тексеріп қарайды.

Боқшабай бұл кезде қатар шөккен екі түйенің арасына жата қалған екен. Жөтелі құрғыр шыдатсын ба. Өңешін жыбырлатып, тіреліп кеп қалады. Дәл қасында­ қалмақтар жүр. Көксау Боқшабай түйе боп жөтеле бас­тайды. Қалмақтар ештеңе сезбейді.

Қалмақтар үйлеріне қайта кіріп кеткен кезде әлгін­дегі «көкжөтел түйе» қасындағы басқа екі түйені бұйдасынан жетелеп тайып отырады.

Халық күн көрістен тарыққан осы кезде Жантақ мен Боқшабай сол баяғы лас кәсіптерін қайтадан есте­ріне алады.

Бірақ, қашса құтылып, қуса жеткізетін бұрынғыдай жарамды жүйрік ат жоқ қолдарында, ұрлық жасауға сол ғана бөгет.

Бір көлік бар, ол Боқшабайдың есік пен төрдей жалдас күрең аты. Жұрт оны жамбас күрең деп атайды. Жамбас күрең Боқшабайдың сыралғы кәрі жолдасы. Талай жортуылды ол екеуі бастан бірге кешкен, талай қауіп-қатерден бірін-бірі аман алып шыққан. Күреңнің жамбасына қалмақтың оғы тиіп, содан ол артқы аяғының біреуін сылтып басатын болған. Жамбас күрең атануы, міне, осыдан.

Жамбас күрең қазір иесі тәрізді ол-дағы кәрі. Бұдан жасырақ, әрі күйлі кезінде оның ақсақтығы онша көп білінбейтін. Біраз жүріп, еті қыза бастағанда мүлдем сау ат болып кететін. Оқ тиіп, жазылғаннан кейін де Бәкең оны сау аттан артық көріп, оған сау көліктен артық сенім білдіріп, жортуылға талай мініп барады. Соның бір де біреуінде күрең ат Боқшабайдың көңілін қал­дырмайды.

Ел ішінде Боқшабай туралы аңыз көп болса, күрең ат туралы одан да көп.

Иесі жортуылға шықпақ боп, жинала бастағаннан-ақ күрең ат біледі дейді. Ерттеп жатқан кезде бір түрлі көңілді оқыранып, ауыздықты қаршылдатып шайнап, сілкініп, неге де болса мен дайын дегендей қалып білді­реді. Біраз күн сапар шекпей қалса, бойына ас батпайтын Бәкеңнің құдды өзі тәрізді. Көзге түртсе көргісіз қараңғыда жыныс тоғайдың арасымен қоянжым соқпақ жолды өзі тауып өтеді. Бір де бір бұтаны сыбдыр еткізіп, дыбыс шығарғанды білмейді. Аяғын тышқан аңдыған мысықша басады.

Алдына түскен малға иесі емес, күрең ат ие дейді білетіндер. Қос құлағын жымқыртып, тістелеп, ауылға қарай қуалап айдап алады. Қашаған түгіл, онан бетер безеген мал болса да күрең ат құтқармайды.

Қауіп төнген жағдайда Боқшабай жат деп белгі берсе, күрең ат жата қалады екен. Тұр дегенде, атып тұрады. Мылтықтың оқыс атылуынан, сойылдасудан, ­айқай-шудан үркіп-қорқуды білмейді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий