Knigionline.co » Казахские книги » Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев

Книга «Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Для того, чтобы столкнуться с масштабной темой, пронизанной реалистичной и картиной, и детской наивностью, необходимо прочитать произведение казахского писателя-классика Б. Сокпакбаева. Таким произведением является повесть «Путешествие в детство».

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев читать онлайн бесплатно полную версию книги

Тамақсау әкем ет қашан пісіп, аузына түскенше шыдай алмайтын тәрізді. Қазының сап-сары майынан білемдеп кесіп алады да, бисмилла деп, шикідей шайнамай-толғамай қылғып жібереді. «Мә, асап қой» деп, маған да кесіп береді. Жып-жылы жұмсақ майды шикі­дей қалай асарымды білмей ұстап тұрамын.

– Жеп қой. Жылқының майы шикілік етпейді, – дейді әкем.

Қазының майын шикідей асап жатқан қазақтарды мен бұрын да көргем. Мен де қазақпын. Солардан кем болғым келмейді. Қолымдағы майды өзімді өзім күш­теп, батылданып, қылғып қоямын. Уылжыған жұмсақ май тамағымнан жылп ете қалады. Шикі дәмі өңешімде ұнамсыздау болып тұрып қалады да, біразға дейін кет­пейді. Бірақ оның есесіне бойымды жадыратып тоқтық сезім жүгіреді.

Ауылдағы барлық үйде де бүгін осы хал – елді бір-ақ түнде аспаннан ақ май жауып, басқан да қалған. Тәңірінің құдіретімен болған уақиға емес, Жантақ мен Боқшабайдың арқасы еді. Екі көкжал қарындары қа­быс­қан аштыққа ақыры шыдамаған. Тәуекел деп, баяғыда талай жортқан іздерімен аттанған. Сапар сәтті боп, бір үйір жылқы айдап келген. Батырбай түбегіндегі жаман тамдарға қамап, әлгінің бірін қалдырмастан қан-жоса етіп сойған да, нені жұтарға білмей отырған елге:

– Кедейдің бір тойғаны – шала байығаны. Мә, жеңдер! – деп таратып берген.

Ертесі. Таңертеңгілік кез. Текестің жарқабағына итіне қонған аз ауыл бүгін сырт көзге әдеттен тыс тым-ты­рыс. Аспан жарқырап – күн маужырап тұрса да үйлердің бәрі дерлік есіктерін түсіріп, түндіктерін қымтап жауып алған. Сыртта бейсауат жүрген адам қарасы байқалмайды. Әркім өз үйінде, өзінің қуысында. Жұрт бүгін әлденеден бой тасалап, өздерінің құрым үйлеріне кіріп-кіріп алған.

Байқағыш көз ауылда бұдан басқа да өзгерістер бар екенін және байқар еді. Барлық үйдің дерлік шаңырағынан бүгін көк түтін тым ерте будақтайды. Шыжғырылған күйік майдың ашқылтым иісі, асылған жылқы етінің жас иісі түтінмен араласып, жел айдап алысқа тарайды. Ауылдың ық жағымен өтіп бара жатқан жолаушы болса, танауын әлсін-әлсін тыжырып, мына ауыл бүгін түгелдей май сасиды ғой деп, алақтап қарап өтер еді.

Ауылда иесі белгісіз бұралқы иттен көп нәрсе жоқ. Қарындары қабысып, таңертеңнен тышқан аулап, қаңғып жөнелетін сол аш иттер бүгін үй маңын торуыл­дап шықпайды. Ет пен майдың иісін күндік жерден сезінетін хайуандар босағаны иіскелеп, қыңсылап жан таппайды. Үйден оқыс шыға келген адам болса, дәметіп тұра жүгіреді. Анадайға бірдеңені лақтырып жіберсе, сү­йек шығар деп ойлап, соңынан қоса жөнеледі. Әр үйге таңға жуық дағар-дағар болып кірген мол олжа еттен ит түгіл әлі адамдар да сұғынып ауыз тие қойған кез емес.

Мынау, міне, біздің үй. Ауылдағы аяқ астынан береке дарып, май сасыған көп үйдің біреуі. Қақ ортада үш бұтты темір ошаққа асылған қара қазанда шымыр-шымыр қайнап, ет пісіп жатыр. Біз, барлығымыз, кақпағы жартылай ашық қазанды қоршап алып, ет қашан піседі, тісімізге қашан тиеді деп, телміріп тосып отырмыз. Пісе бастаған еттің иісі шикі еттен мүлдем бөлек, танаудан кіріп, қытықтап, бүкіл асқазанды аралап өт­кендей болады. Жас малдың еті пісе бастағанда сорпадан жоны шығып, өсіп үлкейе береді, Қазанға енді сыймауға айналады. Қазының сап-сары майы піскендіктен әр жерінен іріп жарыла бастайды.

Өзің жеуге арналған, барлық бабымен шымырлап қайнап пісіп жатқан тамаққа тоқмейілсіп қарап отыру да бір ғанибет-ау.

Әкем өзіне ермек етіп, онсыз да өткір пышағын одан бетер өткірлеп қайрап отыр. Оқта-текте түкірігін жұтынып, қазанға көз салып қарап қояды. Түкірігін жұтынса, өңешіндегі томпақшасы жоғарылы-төмен бір жүгіріп өтеді.

Аурушаң шешем бұл кезде шермиген екіқабат. Айы-күні тақап қалған. Отырған орнынан әрең қозғалады. Қазанның астындағы отты еңкейіп сырып қоюға шамасы әрең келеді. Сорпаның көбігін алып, тұзын көріп, аспазшылық істеуші тәтем Смағұл.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий