Knigionline.co » Казахские книги » Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев

Книга «Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Для того, чтобы столкнуться с масштабной темой, пронизанной реалистичной и картиной, и детской наивностью, необходимо прочитать произведение казахского писателя-классика Б. Сокпакбаева. Таким произведением является повесть «Путешествие в детство».

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев читать онлайн бесплатно полную версию книги

Құдай қойса, тағы біраз шымырлап қайнаған соң қазандағы ет піседі. Тәтем оны жайпақ табаққа буын бұрқыратып түсіреді. Ортамызға әкеліп қояды. Әкем ұстарадай қылпыған өткір пышағымен жапырақтап турай бастайды.

Айтпақшы, турамас бұрын ол әрқайсымызға бір-бірден сүйек шығарып береді. Ет туралып болғанша біз сол сүйекті рақаттанып мүжиміз. Бүгінгідей молшылық күні ол сүйектер ит қажағандай тап-тақыр болып келмейді. Асап-асап жеуге жарайтын мол етімен келеді.

Қарғыс атқыр аштық, сенің көзіңе енді құм құйылады. Қазан астындағы от біртіндеп сөніп барады. Тәтем мені сырттан азырақ тезек алып келуге жұмсады. Киіз есікті желпең еткізіп ашып сыртқа шықтым. Шықтым да, екі көзім бағжиып тұрып қалдым.

Сол жақта, біздің үйді қоса есептегенде, үшінші үй Сәрсебек дейтіннің үйі. Сол үйдің есігінің алдында солдаттың қос ат жегілген қорапты көк арбасы тұр. Үйге кіріп-шығып жүрген шекарашылар. Мүше-мүше ет алып, арба қорабына лақтырып тастап жатыр.

Және бір үйдің алдында осы сурет.

– Әскер тінтіп жүр! – деп, ентігіп, үйге қайта қайтып кірдім.

Үйдегілердің төбелерінен жай түскендей болды. Үрейлері ұшып кетті. Құрым үйде не көп, жыртық көп. Сәрсебек үйі жақтағы жыртықтардың бір-біреуіне жабыса қалып, әкем де, шешем де, тәтем де сыртта не бо­лып жатқанын өз көздерімен көрді. «Енді қайттік десіп біреуіне біреуі бағжия қарасты».

Өрешенің іші тола самсатып жайған ет. Қазан толы ет және пісіп жатыр. Не істеу керек? Қайда тығу керек?­

Пысық тәтем бір ақыл таба қойды. Өрешенің ішін­дегі көп еттің мәнді-мәндісін алып, босағаға жердің тура өзіне жайып тастай-тастай салды. Оның үстіне бірнеше қабат құрым киіз төседі. Құрым киіздің үстіне көрпе жайып, әрі екіқабат, әрі ауру шешемді ыңырантып жат­қызып қойды. Жер төсекте бұрыннан ауырып жатқан адам болды да шықты.

Солдаттың сықырлаған көк арбасы біздің үйге қарап қозғалды.

– Келе жатыр!

Шешем жаны қиналған адам боп, дөңбекшіп бебеу­лей бастады. Басқалар ауруды күткен жандар боп, бірі оның аузына кесемен су тосып, бірі тамырын ұстап, қоршалап төне-төне қалысты. Осындай әбігер халдің үстіне үйге екі-үш шекарашы кіріп келді.

Ауырып қиналудан емес, астымдағы етті солдат тауып алып, тағы да аш қалар ма екенбіз деп уайымдап қиналудан шешем, шынында да керемет күйзеліп жатыр. Тер дегенің алты тарам болып ағып, тынысы тарылғанның белгісі тәрізденіп танаулары желп-желп етеді.

Шекарашының бірі заставаның бастығы еді. Әкем мен тәтем қыс бойы оның қол астында жұмыс істеген, жақсы таниды. Оны көріп, ағайынды екеуі бірден жамырап амандасты.

– Здрәсти, нәшәндік! «Нәшәндік» те таныды:

– О, Аманбаевы! Вы здесь живете?

Әкем мен тәтемнің орысша сөздік қоры «здрәстимен» басталып, «здрәстимен» бітеді. Нәшәндіктің не айтқанын олар түгел ұққан жоқ. Бұлар енді аудармашы қазақ солдат арқылы сөйлесе бастады.

Әлі де бебеулеп жатқан шешемді нұсқап, «Нә­шәндік»:

– Мына кісі неғып жатыр, ауру ма? – деді.

– Ауру. Ана мынадай қарын көрдіңіз бе, толғатып жатыр.

– Ауданға ауруханаға алып бару керек қой?

– Оған, нәшәндік, көлік жоқ. Колхоз арба бермейді. «Нәшәндік» енді келген жұмысының жайына тіке көшті:

– Ет бар ма, Аманбаевтар?

– А? Ет... бар.

– Көрсет...

Тәтем өзі де көрсеткісі келіп, дайын тұр екен. Өре­шені ашып келіп жіберді. Керегенің бойымен ұзын етіп байланған сырық ағашта әлгінде самсап тұрған көп еттің әредік жұғын-жұрнағы, сүйек-саяғы ғана қалған.

– Осы-ақ па?

– Осы, нәшәндік.

– Басқа тағы қайда бар?

– Басқа жоқ, нәшендік.

– Ұрлыққа сендер де бардыңдар ма?

– Жоқ, нәшендік, біздікі барған жоқ.

– Енді кімдер барды?

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий