Knigionline.co » Казахские книги » Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев

Книга «Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Для того, чтобы столкнуться с масштабной темой, пронизанной реалистичной и картиной, и детской наивностью, необходимо прочитать произведение казахского писателя-классика Б. Сокпакбаева. Таким произведением является повесть «Путешествие в детство».

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Бар. Мына мен басамын, – дейді жеңгем.

– «Жолы болар жігіттің жеңгесі алдынан кездеседі» деген осы екен ғой. Онда маған бір пима басып берсеңіз қалай болады? Еңбегіңіз ақталады, – дейді Өмірбек.

– Өзің бір сылқым жігіт көрінесің, қайным. Бассам,­ басып берейін.

Ертесінде Өмірбек біздікіне орта қап жүн және алдын ала жеңгемнің көңілін аулап біраз шай-шамалақ әкеп тастайды.

Уәделі күн болады. Өмірбек даяр пималарын алуға келеді. Бибіжамал басып бола алмай жатырмын, үш-төрт күннен кейін кел деп, қайырып жібереді.

Тағы келсе, тағы басып болмаған.

Бұл екі арада, обалы нешік, жеңгем біздің үйді пима басатын заводқа толық айналдырып бітіп еді. Күндіз-түні қазанда бұрқылдап қайнаған су, үйдің іші толы бу. Бірімізді-біріміз көре алмаймыз. Осы бір шуаш сасыған соқыр тұманның ішінде жеңгем бірдеңені оқтаумен былш-былш ұрады да жатады. Жақын барып қарасаң онысы көлемі жаялықтай киіз болып шығады. Енді бір кезде әлгі киіз байпаққа, одан киіз етікке ұқсағандай болады.

Пиманың ұзын саны екеу болмай, көбейіп барады.

Өмірбек үшінші рет келеді.

– Жеңге, дайын болды ма?

– Дайын...

Өмірбек үйге кіреді. Бибіжамал оның алдына бі­реуі­не-біреуі ұқсамайтын екі пиманы тастай береді:

– Мә, қайным, киіп көр. Қайнысының көзі баданадай болады.

– Ойбай-ау, жеңге, мыналарыңыз пима ма, не зат? Екеуі екі басқа ғой?

– Ендеше, мынаны киіп көр. Осылардың ішінен өзіңе ұнағандарын таңдап ал, – дейді де, жеңгем сыл­қым жігіттің алдына төсектің астынан топырлатып және бірнеше пима алып тастайды. Бірінен-бірі үлкен қиқы-жиқы ұсқынсыз бірдеңелер.

Өмірбек жер қапқанын бір-ақ біледі. Ұялып, қызаратын Бибіжамал емес, сампылдап айтып отыр:

– Бір кезде пиманы тәуір-ақ басатын секілді едім. Не қара басқанын, қара басып, сенің пималарыңды ұқсата алмай қойдым, қайным. Табыскер жігітсің ғой және біреуге бастырып аларсың, қапа болма оған. Ал мына оймаларды алам десең ал. Ұнағанын өзің киерсің, ұнамағанын әйел, бала-шағаларың бар шығар, солар киер...

– Саған пима басып береді деп, сеніп жүрген мен де ақымақ екенмін! – дейді де, Өмірбек жерде үйіліп жатқан пималарды төрге қарай бар пәрменімен шаша бір теуіп, үйден шығып кетеді.

Жеңгем енді бырқылдап ұрсып, Өмірбекті соңынан тілдеп жүр:

– Өй, қараң қалғыр, о несі! Жарты қап жүнім шығын болды деп өле ме! Алмасаң, адырам қал! Өзім киіп алам. Қызым киеді. Соншама еңбектеніп, мен енді бұларды лақтырып тастар деймісің!

Бұзаубас қиқы-жиқы ұсқынсыз пималардың еке­уін, шынында да, жеңгем өзі, екеуін қызы киіп алды. Сөйтіп, қыстан аяқтары көпіріп тоңбай шықты.КонцертҚазір мен екінші кластамын. Сауатым ашылып, өздігімнен оқуға, жазуға жарап қалған кезім. Әліп­педегі бүкіл өлең, әңгімелерді жатқа білем. Өйткені одан басқа ермек етіп оқитын кітап жоқ. Күндіз-түні айналдыратыным сол бір кітап.

Тышқан мен мысық жөніндегі әңгіме күні бүгінге дейін есімнен кетпейді. Кітаптағы суреті көз алдымда. Мысық тышқанды қуып береді. Тышқан қашып береді. Менің бәтеңкем секілді тұмсығы ырсиған жыртық бә­теңке кездеседі. Тышқан бәтеңкенің қонышынан кіріп, тұмсығынан шығады. Мысық та қуа кірмек болғанда, басы бәтеңкеге кептеліп шыға алмай қалды. Әңгіме мазмұны осы.

Маған бұл әңгіме өте ұнайды. Кішкентай әлсіз тыш­қанның айлакерлігіне сүйсініп, аман қалғанына қуанамын. Ақымақ болған мысыққа күлемін. Өзімді айлакер­ тышқанға, Жанбосынды дөрекі мысықка теңеймін.

Сағатбай ақындық өнерден де қара жаяу емес. Бір күні масақ теруге барған едік. Айша дейтін ересек қыз ауырдым деп, жұмыс істемей, үйге қайтып кетті. Сонда Сағатбай әлгіні былай деп өлең еткен еді:

Масақтан Айша қашты үйге таман.

Кетіпті іші ауырып өте жаман.

Орындап нормамызды топ оқушы

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий