Knigionline.co » Казахские книги » Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев

Книга «Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Для того, чтобы столкнуться с масштабной темой, пронизанной реалистичной и картиной, и детской наивностью, необходимо прочитать произведение казахского писателя-классика Б. Сокпакбаева. Таким произведением является повесть «Путешествие в детство».

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев читать онлайн бесплатно полную версию книги

Жый есіңді, балапаным! Қайт үйіңе. Ақымақ болма! Аяулы анашыңның шырағы мәңгілікке сөнетінін бі­ліп, өстемісің? Соңғы иек қағысына дейін, тым құры­са, көз алдында болып, қоштасып қал. Анаң сенің бұл сапардан енді қайтып келмейді. Сен оның аналық ме­й­ірбан жүзін енді қайтып еш уақытта да көре алмайсың.­ Өкінбей, кешікпей тұрғанда, қайт! Тезірек қасына жет шешеңнің! Өмірінің ең соңғы минутында, үзілетін шағында ол қалай да сені іздейді. Беркенім... Бердібегім қайда? Әкеліңдерші, көрсетіңдерші дейді. Өзегін жарып шыққан балапаны болғандықтан сенің иісіңді бір иіскеп, бетіңнен бір сүюді арман етеді. О дүниеге сенің жұ­пар иісіңді өзіңмен бірге алып кеткісі келеді. Ақымақ бала, сен осыны түсінемісің, сеземісің? Бойындағы ең соңғы тіршілік қуатын уысынан шығармай, анаң сен үшін, сені бір көріп, қоштасу үшін ажалмен арпалысып­ жатқанын білемісің? Қайт! Қайт үйіңе.

Қайғының қара дүлей жартасы үстіме қаңғыр-күңгір құлап келе жатқандай Текес ананың маған айтып жатқан ақыл-өсиеті міне, осындай еді.

Далада мәңгіріп, қанша қаңғырып жүргенім есімде жоқ. Бір кезде үйге қайттым. Өзіміздің үй жақтан жы­лаған дауыс күтіп, елеңдеп қараймын. Әзірше ештеңе естілмейді. Қазір, осы енді қазір естілуі керек, жүрегім оны анық сезеді де, үй жаққа жолағысы келмейді.

Қыстақтың су жақ шетінде өзіммен бірге оқитын Сыдықжан досымның үйі бар. Мен сонда келдім. Сыдықжанның әкесі де, шешесі де мейірбан жақсы адамдар.­

Мен бұл үйге былай да жиі келіп тұрамын. Сыдықжанмен ойнап, уақыт өткізіп қайтам. Нұрақын үйінде сауын бар. Ақ үзілмейді. Айран, сүт ішіп, ішегімнің бір сүйем жері ағарып қалғандай болады.

Сырт киімімді де шешпестен Нұрақын үйінде отырмын. Темір пештің арт жағында бір шөңке тұр екен, соған қалай болса солай жаншылып отыра кеттім.

Кенет есікті қатты жұлқып ашып, колхоз предсе­дателі Жәкібайдың әрі ерке, әрі сотқар баласы Тілеу кіріп келді. Әлдекімді іздегендей алақ-жұлақ етіп, мені көрді де:

– Ей, неғып отырсың? Шешең өліп қалды! – дегені.

Төбемнен шатыр етіп аспан құлағандай болды.

Әлгінде менің осында кіріп бара жатқанымды Тілеу көрген еді.

Отырған орнымнан қалай атып тұрғанымды біл­мей­мін. Аңырап есікке ұмтылдым. Біздің үй әлгі арадан көрініп тұрады, әрі жап-жақын. Есіктің алдына біраз жұрт жиналып қалған. Іштен жылаған дауыстар естіледі. Міне, енді енесінен айырылған боташа боздап келе жатырмын.

Есіктен кіре беріп оң жақ босағаға ши құрылып қалғанын байқадым. Өлікті соған салған екен. Аңыраған­ бойда шидің аузына ұмтылдым. Бірақ әлгі арада тұрған әйелдер жібермеді, ұстап алды. Сосын әнеугі Қанша­йым­ша жыламақшы болып, анамның ағаш төсегіне етпеттей барып құладым.

Өкіріп, бақырып жылап жатқандар, негізінен, өзі­міздің үйдің адамдары. Бибіжамалда дауыс дегенің бар-ақ екен. «Ойбой, жеңеше-ау! Басие, ақылшым-ау!» деп аңырағанда үні көктегі құдайға жетеді. Бөлменің дәл орта тұсында жерде отыр. Екі бүйірін балуан қолдарымен таянып алған. Тебіреніп, шын жылап отырғанымды көріңдер дегендей семіз бетінен сегіз тарам боп сор­ғалаған көз жасын, құдай үшін, сүртіп те қоймайды.

Сатылған ағайым Тұрдыбекті құшақтап, тікесінен-тік жылап тұр. Алты-жеті айлық жас нәресте аяқ асты нендей сұмдық болып қалғанын біле алмайды. Бас-басына шулағаны несі дегендей жан-жағына бағжаң-бағжаң қарайды.

Әкем арқасын қабырғаға тіреп, жүресінен отырып алған. Дауысын онша шығармай, пыш-пыш жылайды.

Даладан ойбай салып кірген әйелдер үй ішінде және азырақ ойбайлап жылаған болады да, қоя қояды. Сосын, біраз уақыт өткен соң сусып шығып кетіп, жаңадан жылап келетіндерге орын босатады.

Ертесінде шешемнің денесі ата-бабамыздың талай ұрпағы мәңгілік мекен тапқан Жауыртоғандағы бейітке апарып жерленді. Жол шетіне таман жаңа бір жас төм­пешік қабір пайда болды да, біраз күн арлы-берлі өткен жо­лаушының назарына шалынып, мұңлы ой салып жатты.­

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий