Knigionline.co » Казахские книги » Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев

Книга «Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Для того, чтобы столкнуться с масштабной темой, пронизанной реалистичной и картиной, и детской наивностью, необходимо прочитать произведение казахского писателя-классика Б. Сокпакбаева. Таким произведением является повесть «Путешествие в детство».

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев читать онлайн бесплатно полную версию книги

Есен-сау үйімізге қайттық аман.

Жазылуы олақ болғанымен бұл тәрізді әзіл өлеңдер­ ауыздан-ауызға тарап кеткіш, сыналып отырған адамға­ әсер еткіш болады.

Әліппедегі өлеңдерге және ұстазым Сағатбайға елік­теп мен-дағы өлең жазуға құмартам.

Октябрь мерекесінің құрметіне біз алдын ала да­йындалып, колхозшыларға концерт қойып бердік. Сол кеш менің есімнен еш уақытта кетпейді.

Жаман мектептің іші өзінше тап-таза болып сыпырылған. Темір пеште ерекше жомарттықпен маздап жанған от. Үй іші жылы. Екі жерден шишалы ондық шам қойылған. Шаршылау келген кластың терезе жағы шымылдықпен бөлініп, сахна жасалған.

Ұмытпасам, сары шымылдық.

Осының бәрін ұйымдастырып, әлекке түсіп жүрген адам Сағатбай.

Концертке қатысушының бірі менмін. Өнерім – тақпақ айту. Біз, «артистер», жұрт жиналмастан бұрынырақ келгенбіз. Жүрегім қуаныштан кеудеме сыймайды. Дәл мұндай салтанатты көңілді кешті өмірі көрген емес­пін. Қолтығымнан қанат біткендей өзімді-өзім ­қо­ярға жер таппаймын. Әлсін-әлсін шымылдықтың сыртына жүгіріп шығам, қанша адам жиналғанын қараймын.­

Концертке Майра да қатысады, ән айтады. О, сіз Майраның ән салғанын көрсеңіз! Майраның дауысындай әсем дауыс қыздардың біреуінде жоқ.

Менің бір байқаған нәрсем, табиғат өзінің сүйкімді етіп жаратқан пендесін өнерден еш уақытта да құр тас­тамайды. Бір өнерді оның кеудесіне қалай да құйып, бірге жаратады. Кейде тіпті сүйкімді сұлу адамға оның тән сұлулығы аздық ететіндей үйіп-төгіп, бәрін береді.

Өзі сұлу болып, өзі ақымақ болған пендені мен сірә, көрмеген тәріздімін. Сол секілді ақылды, талантты адам­дардың өңсіз, дөрекі жаралуы және сирек.

Қалай десеңіз де, нені неменеге орауды білген жара­тылыс. Майрада, менің Майрамда, бәрі бар: ақыл да, та­лант та бар. Сұлулығы өз алдына, бүгінгідей өмірде сирек кездесетін әдемі кеште Майра тіптен әдемі. Ол өзінің ең жаңа, ең қонымды киімдерім киіп келген. Бұ­рымдарының ұшына жібек лента таққан. Аяғында қардай аппақ, ақ пима. Өзі де аппақ, маржандай тісі де аппақ.

Майраның тал бойында ине жасуындай бір мін болса, ол оның мұрнында. Мұрны сәл тампыштау. Бірақ ол да мін емес. Қазақ жақсы көрген баласын тампышым демей ме? Томпаң қаққан Майраға кішкене тампыш мұрын, қайта, жарасатын тәрізді. Күлімдеген кезде әдемі танаулары делдиіп, қоса күлімдегендей болады. Міне, міне, дәл осы кезде екі бетінің ұшында әсем бір томпақшалар орнай қалады. О, Майраның кісіге көзқарасы қандай! Ол жақсы көрсін, жаман көрсін, бір ғана рет қараған көзқарасымен білдіреді. Айтарының бәрін де сонымен айтып салғандай болады. Кеще болмасаң, ұғасың, түсінесің.

Сөйтіп, мен концерттің басталуын күтіп, өзімді қо­ярға жер таба алмай жүрмін.

Жиналған адам саны қанша болғанын байқамаққа тағы да шымылдықтың сыртына жүгіріп шықтым. Дәл осы арада бетпе-бет Майра ұшырасып қалсын. Ол-дағы көбелектей ұшып-қонып, тыным таппай жүргеннің бі­реуі. Мен Майраның білегінен қалай шап беріп, ұстай алғанымды өзім де байқамай қалдым. Ол кілт тоқтады. Не айтасың дегендей күтіп тұр. Жүр бері деген кісіше жетелей жөнелдім. Майрада қарсылық жоқ, ілесіп бер­ді. Кластың бүйір қабырғасының орта тұсында бір кісі­лік бұлтық қуыс бар. Құпия бірдеңе айтатын адамша Майраны сол қуысқа ертіп келдім. Бірақ келіп алып, мел­шиіп үнсіз тұрмын, ештеңе айта алмай тұрған сөзімді естіп білгенше ынтық болады.

– Кейін айтам, – дедім де, қаша жөнелдім.

Соңымнан Майра жүгіріп келеді.

Кейін не айтпақ болғанымды өзім де білмеймін.ҚазаШешемнің халі күрт түсіп кетті. Далаға әрең шығады. Төсегі қаңылтыр пештің түбіне жерге салынған. Күндіз-түні ыңыранып жатады да қояды. От жанғанда қаңылтыр пеш қызып кетеді де, терлейді. От сөнсе, тез суиды да, жаңа ғана былбырап терлеп жатқан анам енді тоңази бастайды. Сөйтіп, аса жайсыз жағдайда жат­қандықтан ауруына ауру жамала береді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий