Knigionline.co » Казахские книги » Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев

Книга «Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Для того, чтобы столкнуться с масштабной темой, пронизанной реалистичной и картиной, и детской наивностью, необходимо прочитать произведение казахского писателя-классика Б. Сокпакбаева. Таким произведением является повесть «Путешествие в детство».

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев читать онлайн бесплатно полную версию книги

Шырылдауы шегіне жеткен Тұрдыбек бір кезде сілесі қатып, үні өшіп, жылай да алмай қалады. Екі беті көгеріп, сазарып әлдекім буындырып жатқандай халге­ түседі. Енді оны аямасқа мүмкін емес. Шешем мені сауыны бар үйлердің біреуіне сүт сұратып жібереді. О, жалған! Біреуден бір нәрсе сұрап телміруден өткен жаман не бар екен! Жігерім құм болып, амалсыз бара жатамын. Қолымдағы сүт сұрауға арналған ыдысымды көрсетпей, тығып алам.

Қылмысы бар адамша үйге қорыншақтап әзер кі­рем. Босағамен босаға боп, жабысып тұрып қалам. Үй иесінің қас-қабағын бағам. Не үшін келгенімді олар да біле қояды. Сонда да:

– Неге келдің? – деп сұрайды.

– Апам кішкене сүт берсін дейді Тұрдыбекке...

Осы сөзді айтқанда жарты жасым құрып кеткендей­ болады. Үнімді тамағымнан күшпен сығып шығарамын. Кей үй бір-екі қасық сүт береді, кейі жоқ деп бермейді.

Сұрап әкелінген бір қасық сүтке сол шамалы қайнаған су қосылады. Молайтылады. Аузына шай қасықпен тамызған кезде Тұрдыбек енді сүттің дәмін бірден сезінеді, обырланып, тамсанып жұта бастайды. Тірші­лік, өмір үшін қу сәби осылай күреседі.Менің салақ жеңгемМен біреуіне біреуі ұқсамайтын неше түрлі жеңге­лерді бастан кештім.

Шешемнің науқасы күннен-күнге асқына берді. Ары қарамаса, бері қарамайтын болды. Басын да жөн­деп көтере алмайды. Тамақты тәтем жасайды, ыдыс-аяқ­ты тәтем жуады. Тіпті арпаға дейін Смағұл тәтем қуырады. Қуырылған арпаны мен келі сұрап әкеліп, кеу­зеймін. Келі түюге әбден-ақ жаттығып алғам. Алақанымды түкіріктеп, құлашымды кең жазып соққанда, келінің түбін түсіре жаздаймын.

Кеузелген дәнді тәтем ұшырады.

Талқанды қол диірменмен тартамыз. Бұл азап жұ­мыс. Ап-ауыр шомбал тасты айналдыруға менің шамам әрең келеді. Жіңішке білектерім салдырап талып кетеді.

Тартылған талқанды елеп, майдасын бір бөлек, сағын бір бөлек аламыз. Сатылған мен Ыдырыс даяр тамақты жегенді ғана біледі. Біреуі үй тіршілігіне намыс көріп, мырзалықпен жоламаса, екіншісі аюдай ебедейсіз болғандықтан жоламайды.

Үйде әйел қолы болмай, береке болмайтыны қатты білінді. Ол үшін ағаларымның бірі үйленуі керек. Кезек, әрине, жасы үлкен Смағұлдікі.

Қайдан қалай тауып әкелгені есімде жоқ, тәтем бір күні қалбиған бір қара әйел алып келді. Шектен шыққан олақ та, салақ та жан екені көрініп тұр. Шаш дегенің таралмай, дудырап, орамалдың жан-жағынан шығып кеткен, бөренедей аяқ-қолы қап-қара. Беті балшықтан жасағандай быттиған май бет. Үстіндегі киімдері әрі лас, әрі тозып біткен. Қап-қара күс шынтағы көйлектің жыр­тық жеңінен көрініп жүреді.

Түр-түсі осындай бола тұрып, әйелдің аты тамаша-ақ еді – Бибіжамал. Соңынан ере келген, өзіне аумай тартқан бес-алты жасар қызы бар. Оның да аты осал емес – Айгүлсім. Бибіжамалдың бір қолы үй тіршілігін істеп жүрсе, екінші қолы шашының арасына, киімнің тігіс-тігісіне кіріп алып, шағып маза таптырмайтын арамза ұсақ мақұлықтармен үнемі күресуде болушы еді. Қазандағы тамақты сапырып, немесе отты сырып жатып, мықынын қасып-қасып алады. Екі шаруа, екі қанағат бірден орындалып жатады...

Қазан-ошақ күйесінің жарым-жарты бөлегі әменде Бибіжамалдың қолына, бетіне жабысып жүреді. Казанның күйесіне былғап алған қолымен ол құлағын қасиды. Содан қарала құлақ болып шыға келеді.

Қолы бос кезде Бибіжамалдың жаны сүйетін бір ісі болушы еді. Ол үй сыртындағы күнеске астына тулақ төсеп, теңкиіп жатып алып, қызының тізесіне басын қойып, шашын қарату. Айгүлсім бұл істің шебері болуы­ керек. Тырнағы найзадай болып өсіп кеткен, саусақтарымен шаштың арасын бір-бірлеп ашып, әрбір тал шаштың түбіндегі қайызғағын аяусыз қыратын.

Ақыл-ой жағынан да жеңгем өзінің түр-түсінен оншалық алыс кете қоймаған.

Бір күні Қостөбеге Өмірбек дейтін бір милиционер келеді. Бибіжамалға кезігіп:

– Жеңге, сіздің ауылда жақсылап пима баса алатын әйел бар ма? – деп сұрайды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий