Knigionline.co » Казахские книги » Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев

Книга «Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Для того, чтобы столкнуться с масштабной темой, пронизанной реалистичной и картиной, и детской наивностью, необходимо прочитать произведение казахского писателя-классика Б. Сокпакбаева. Таким произведением является повесть «Путешествие в детство».

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев читать онлайн бесплатно полную версию книги

Шешемді күтімілдеп жүрген үлкендердің қас-қаба­ғы да бүгін ерекше болатын. Талайдан күткен сұм­дықтары тақалғандай абыржысып, ауру адам шындап жөн тартқанда істейтін әрекеттер істеп жатқан. Көрші Киікбай ауылынан Жақай молданы шақыруға тездетіп адам жіберген.

Одан кейін не болғанын мен әзірше білмеймін. Өзім­мен өзім боп, міне енді мәңгіріп, балалардан бір оқшау келе жатырмын. У-шу бірдеңе естілмес пе екен дегендей өзіміздің үй жаққа елеңдеп көз тігемін. Әзірше тыныш секілді.

Үйге келдім. Біраз әйел-еркек жиналып қалған. Екі-үш шалдың ортасында көзі сұмдық жайнаңдаған Жақай молда. Біреулер шешемді қоршалап алған. Маған өте бір жат көзбен қарасады.

Жүрегім жаманшылық тақап қалғанын бірден се­зін­ді. Шүберек сөмкемді терезенің алдына елеусіз тастай­ беріп, дереу сыртқа шығып кеттім. Жаманшылықты көрмейін, оның басы-қасында болмайын, соңынан бір-ақ естиін дедім.

Жардың астымен Текестің суын жағалап келе жатырмын. Қайда барам, не істеймін, өзім де білмеймін. Тек тезірек үй маңынан ұзап кетсем, ешкімнің көзіне түспесем болғаны.

О, Текес! Жаным қысылып сасқанда мен саған ке­ліппін. Сендағы менің анамсың. Кішкентайымнан суы­ңа шомылып, жағаңда өстім. Істерге іс таппай зерік­кен­де, қолдан жасаған, жалмансыз тебен қармақпен балығыңды аулаймын. Сөйтіп, сенен ермек табамын, сенімен көңіл көтеремін. Аш, жалаңаш жүрсем де ауырмауым, берік болуым, Текес, ол-дағы сенің арқаң. Сенің қоймалжың лай суыңа түсе-түсе шынығудың арқасы. Жұрт:

Текестің суы арық  емес пе!

Бердібек балық емес пе! –

деген сөзді бекер шығармаған.

Текес, сен мені балығыңмен асыраған, шынықтырған анам болсаң және бір мені осы жарық дүниеге алып келген анам үйде хал үстінде. Ол-дағы өзің секілді аяулым, қимасым еді. Сол асыл анам бұл дүниенің тізімінен сызылуға жақын жатқан секілді. Осы бір мен үшін тіл жетпес ауыр кезеңді мен оның шырағы жалп етіп сөнген шағын көзбен көріп, шыдай алар емеспін. Сондықтан да басым ауған жаққа қаңғып кетіп барам. Айналайын, Текесім, ол үшін сен мені кінәлама, кешір. О, ғажап! Адам мен табиғат бір-бірінің тілін түсінетін, бірімен-бірі ұғынысып, сөйлесетін кез болады екен. Жа­ғасына жырым-жырым мұз тұра бастаған Текес ме­нің басымдағы ауыр халді түйсінетін тәрізді. Менімен кәдімгідей тілдескісі келгендей мұз қабаққа жөңкіп келіп, ышқына соғылады. Мұздың үстіне асып шығып, құлдыр-құлдыр етеді де, қайта шегініп кетеді. Ағынның­ өз тілінде былдырлап, бірдеңе айтқандай болады. Не дейді? Не айтады? Ана тілін бала қалай да ұғады ғой. Текес ана, мен де сенің не айтып жатқаныңды білемін. «Мен осы өлкеге аты мәлім кәрі Текеспін. Мыңдаған жылдар бойында мал мен жанға, даланың аң-құсына сарқылмас сусынымын. Ғасырдан ғасырға созылған ұзақ өмірімнің ішінде менің көрмегенім қалған жоқ. Бәрін де көрдім, сендей жетімдердің талайының көз жасының куәсі болдым. Балапаным, егілме! Егілгенмен ештеңе өнбейді. Тірліктің осындай бет қаратпас сұрапыл заңы болады. Соған төтеп бере алғандар өмір кешеді де, төтеп бере алмағандар қаусап қалады. Одан да өзіңе-өзің берік бол. Сілкін де бекін!

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий