Knigionline.co » Казахские книги » Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев

Книга «Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Для того, чтобы столкнуться с масштабной темой, пронизанной реалистичной и картиной, и детской наивностью, необходимо прочитать произведение казахского писателя-классика Б. Сокпакбаева. Таким произведением является повесть «Путешествие в детство».

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев читать онлайн бесплатно полную версию книги

Міне, енді күніміз жатқа қарағандай боп, бұрын сы­рын білмейтін тосын мұғалімнің алдында отырмыз. Қан­дай адам? Сағатбайдай сүйкімді бола ала ма, жоқ па?

Екі иығы қушиған тәпелтек Жұмабайды арт жағынан қараған адам бала екен деп қалады. Басын төмен салып, аяғын тырп-тырп еткізіп, сүйрете басып жүрген жүрісі де құдды бала тәрізді. Бірақ қолтығында күйектей қара папкасы бар. Әне, ол тоқтады. Пальтосының сырт қалтасынан әтірден босаған төрт қырлы кіш­кентай қара флакон алып шықты. Онысы насыбай екен. Алақанына салып, атып тұр. Арт жағынан келе жатқан сенің аяқ тысырыңды естіді де, жалт бұрылып қарады. Сөйт­сем бала емес, беті қатпар-қатпар қартамыш біреу...

Жұмабай сабақ беріп тұрып та насыбай ата береді. Салпиған көнтек ерні ішіндегі насыбайды ауырлағандай салпиып түсіп кетеді, ара-арасынан ел кеткендей сапсары шірік тістері үнемі көрініп жүреді. Бұл адамның киім киісі де салдыр-салақ. Пальтосының біраз түй­мелері баяғыда үзіліп, құрыған. Біразы салбырап үзілуге жақын. Менің әкеме ұқсап, Жұмабай жаздыгүні де пысынап, қалың киініп жүреді.

Үзіліске шыққанда Жұмабай мектептің алдында тәш­тиіп тұрып маңайдан арлы-берлі өтетін ауыл адамдарын іздейді. Көзіне түскен біреуді, ей, бері кел деп, шақырып алады да, насыбай сұрайды. Насыбай сұрауы әрі өктем, әрі тұрпайы.

– Әй, шал, әкел шақшаңды!

Өз насыбайын үнемге сақтайды.

Кейде Жұмабайдың насыбайы шын бітіп қалады. Насыбай атып, көңілі жай таппай, ол енді сабақты жүр­гізбейді. Бір баланы біреуден насыбай тостаған әкелуге, бір баланы аршаның күлін тауып келуге жұмсайды. Содан соң класқа тапсырма береді де, өзі әлгі арада отырып, насыбай жасауға кіріседі. Көк темекінің ағашын бәкімен бипаздап тұрып турайды. Үстіне күл қосады. Сосын таяқпей мыжғылап езе бастағанда, үйдің іші теме­кінің ащы иісіне толып кетеді. Балалар шетінен түшкіріп, қақала бастайды.

Талғампаз әйел затының бір мінезіне таңқаламын. Кейде мынау деген әдемі сұлу қыздар өзінен он есе төмен сумұрындарға тиеді. Не басына күн туды? Неменеге мәжбүр болып тиді, түсіне алмаймын.

Жұмабайдың әйеліндей көрікті әйел «бұл өлкеде сирек. Сұңғақ бойлы, аққұба, алдынан да, артынан да қарасаң қарап тұрғың келетін келбетті жан. Жұмабай әйелімен қатар келе жатса, бұларды танымайтын адам анау ананың әйелі, анау ананың күйеуі деп тіпті де ойламайды.

Жұмабайдың мінезі әрі ұшқалақ, әрі тұрақсыз. Болмашы бірдеңе үшін аяқ астынан бұлқан-талқан болады, Ұстазға лайықсыз боқтық сөздер аузынан молотилканын топанындай атқылайды, Қол жұмсап, ұрып та жібереді. Қымс етсе, жазалауға дайын тұрады.

Оның жазасының түрі санаулы-ақ: кластан тырқы­ратып қуып шығады. Немесе қолыңды тік көтертіп, қар­сыға тұрғызады.

Жұмабай екеуміздің жұлдызымыз ол алғаш келген күннен-ақ жараспады.

Үзіліс кезі. Бәріміз есік алдына шыққанбыз. Көк­тем­нің жас иісін тамашалап, күн шуақтап тұрмыз. Мен Жұмабайдың артына таман тұр едім. Аяғымның астына­ төмпектеу жер кез келіп, бойым Жұмабайдың бойымен­ теңеліп қалғанын байқадым. Балалардың ішіндегі ең кішкентай тапалымын деп жүрсем, оным бекер екен. Ойыма осы келіп, қызықтап, беталдыма тұрған балалар­ға Жұмабай екеуміздің бойымыз бірдей екенін көрсетіп, қутың қақтым. Балалар күліп, мәз болысып жатыр.

Еңсемді одан бетер созып, енді тіпті Жұмабайдың төбесінен қарай бастадым.

Кенет Жұмабайдың ағаштай қатты шапалағы бетіме сарт ете қалсын. Көзімнің оты сау етіп төгіліп түссін. Мен бұны тіпті де күткен жоқ едім. Соққының қаттылығы сонша, бір сәтке кәдімгідей мәңгіріп, есеңгіреп қалдым

Сөйтсем менің сотқарлық қылығымның бәрін де Жұмабай көзінің қиығымен байқап тұрған екен.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий