Knigionline.co » Казахские книги » Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев

Книга «Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Для того, чтобы столкнуться с масштабной темой, пронизанной реалистичной и картиной, и детской наивностью, необходимо прочитать произведение казахского писателя-классика Б. Сокпакбаева. Таким произведением является повесть «Путешествие в детство».

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев читать онлайн бесплатно полную версию книги

Тағы қозғалдық. Аз жүрді де, ат тағы діңкеледі. – Түс, біраз дем алдың ғой, енді жаяу жүр, – деді Жүніс­бай. Жаяу жүрудің азабын ойлап, жүрегім зырқ ете қалды. Бірақ бағынбасқа амалым жок.

Тағы да жаяу жүріп келем. Тағы да балаларға ілесе алмауға айналдым, – Жүнісбай, шаршадым. Жүре алмаймын... Балалардың кейбірі:

– Жүре алмасаң, қал, – деп жыныма одан бетер тиеді. Жүнісбай ересек балалармен бірдеңені күбірлеп сөз етісіп тұр. Мен өкпем өшіп қастарына келдім.

– Жарайды, біз сені шанаға отырғызайық. Сен ол үшін бізге бір таба нан бер, – деді Жүнісбай.

Балалардың қай-қайсысының да әкеле жатқан азықтары бар. Көбі талқан-тұлқан, нан сирек.

Бір дорба талқан, екі таба наным бар менің. Нан дор­баның ауыз жағына салынған. Дорбаның аузы жамау жіппен көктеліп тігілген. Бүйтіп қолға түсе бермейтін қайран ғана нанымнан бір үзіп жесем деп, өзім де зар болып келе жатыр едім. Бір таба нанды тектен-текке бере салуға тіпті де қимаймын. Екі бүйрегімнің бірін суырып беретіндей ішім ашиды. Ал жаяу жүрудің азабы одан да жаман.

– Не істерімді білмей, күйзеліп тұрмын.

– Өзің біл. Бермесең, біз сені қинамаймыз, – деп Жүнісбай бастатқан обыр топ маған кегжие қарайды. Біздің бұл шартымызға көнесің ғой, көнбей, қайда барасың дегендей болады.

Мен қиналудамын. Оңбағандар нағыз жанды же­рім­нен ұстағанын қарашы!

– Бол! Бересің бе, жоқ па? Бермесең, Сарыбастауға дейін жаяу жүресің.

Сарыбастау әлі жер түбі. Оған дейін жаяу жүріп, өлмеймін бе! Бір таба нанды тектен-текке бере салу...

Екі оттың ортасында тұрмын. Екеуі де нағыз то­зақ оты.

– Жарайды, жарты таба нан берейін, – дедім. Жылағандай болып әзер айттым.

Үлкен балалар өз ара тағы ақылдаса бастады. Бұлар Шықабайдың Тұрсынбайы, Уәлібайдың Әбегі, Өзібек­тің Әріпбайы секілді кілең қадалған жерінен қан алмай­ тынбайтын көкжалдар еді. Ақылдасты да, көнді олар.

Дір-дір еткен аяншақ қолмен қоржынның аузын сөгіп жатырмын. Сарыбастауға барғаннан кейінгі халді тағы да ойлаймын. Ағайым Мырзатай дейтін адамның үйіне түсесің. Мырзатай тосып алады. Сол үйде жүріп оқисың деген. Жол-жөнекей қоржынның аузы сөгіліп қалғанын, жарты таба нан ғайып болғанын көріп, олар не айтады? Мен не айтам?

Нан тоң боп қалған екен. Күш жұмсап, сындырып жатырмын. Өзімнен өзім аяп келе жатқан қайран нан қазір ту-талапайға түседі. Кім көрінген сұғанақтың аузында кетеді. Бұл деген қорлық-ақ еді.

– Мәңдер...

Арық ат омбылап тағы да қозғалды. Мен ғана шана­нын үстіндемін. Жамбастап жатып алғам. Ақысы тө­ленді. Енді маған ешкім де жаяу жүр деп айта алмайды.­ Тек наныма ішім ашуы оңайлықпен басылатын емес.

Түн болған, бір тоқтап, бір қозғалып, итшілеп жүріп келеміз. Алдан жылтылдаған от көрінді. Сарыбастау екен деп, қуанып шу ете қалдық. Сөйтсек, қырман екен. Біреу сабанға от қойып кетіпті, қып-қызыл боп, қоздап жанып жатыр. Атты тағы да шалдырып, өзіміз жылынып алдық. Және қозғалдық. Ит үргені естілді. Келе жатқан жолымыз қатқылданып, түзеле бастады. Қарауытқан там үйлер, жылт-жылт еткен шам жарығы көрінді. Күні бойы діңкелетіп жеткізбей қойған Сарыбастау осы еді. Рас келдік пе, өтірік келдік пе!«М. С. С.»Сарыбастауда оқып жүріп жаттым.

Мұндағы бастауыш мектеп төрт кластық. Қостөбе­дей емес, бала саны мол, көңілді. Пионер ұйымы дегенің шақшақ етеді. Сабақтан тыс уақытта ойын-сауық үйір­месі, қабырға газетін шығарту, т. т. қол тимейді. Әйтеуір қалай болғанда да күнде кешке қарай мектепке жиналамыз. Тым болмағанда, әр түрлі ұлт ойындарын ойнап­ қайтамыз. Мектеп ол біздің әрі көңіл көтеруге баратын­ клубымыз тәрізді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий