Knigionline.co » Казахские книги » Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев

Книга «Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Для того, чтобы столкнуться с масштабной темой, пронизанной реалистичной и картиной, и детской наивностью, необходимо прочитать произведение казахского писателя-классика Б. Сокпакбаева. Таким произведением является повесть «Путешествие в детство».

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев читать онлайн бесплатно полную версию книги

Төбемнен тас құлағандай мелшиіп отырдым да қалдым.­

Күләннің аузынан мұндай сөз естігенше, жеті қат жердің астына түсіп жоғалғаным мың есе артық еді.

Пәленше қызға хат жазыпты...

Сүйемін депті...

Оқушылардың арасынан мұндай сөз естілуі мектепке өрт шыққанмен бірдей. Кім жазыпты, кімге жазыпты? Жұрт лезде біліп алады да, екеуін де ағаш аттың басына мінгізіп қояды. Бұдан соң өмір сүргеннен де сүрмеген артық.

Әлгі минуттан – Күлән қолымнан қағазды жұлып алып, жүгіре жөнелген минуттан бастап, менде зәре қалмады. Ажал сағатын күткен тұтқын тәрізді іші-бауы­рым қалтырап күтудемін. Менің ендігі өмірім санаулы.

Бір күн өтті, тыныш.

Екі күн өтті, тыныш.

Бұның бәрі де мен үшін азапты күндер еді. Сабақта бұрынғыша Күләннің қасында отырамын. Бірақ тіл­деспеймін. Сабақтан тыс уақытта оған жоламаймын. Мұғалімді немесе вожатыйды көрген жерде жүрегім зу ете қалады. Міне, осы тап қазір:

– Өй, ұятсыз, сен не істеп жүрсің? – деп, жерлей бастайтын тәрізді.

Сабақта отырғанда да мұғалім бетіме қараса, жаным тырнағымның ұшына келеді.

Қара қарындашпен асығыстау болып «м. с. с.» дейтін үш қана әріп жазылған, умаждалған бір жыртым­ жаман қағаз – менің күндіз-түн ойлайтыным тек осы. Күлән мұғалімге беремін деді, яғни берді. Мұғалім оны қалтасына салып алып, енді әдейі үндемей жүр. Менің жанымды қинай түскісі келеді. Қайда кетер дейсің? Ерте ме, кеш пе жазасын тартады дейтін шығар.

Бұл күндері менің ішкенім ірің, жегенім желім. Күту­демін! Күте-күте тіпті жалықтым. Енді не болса да, болса екен! Құртатын болса, құртса екен. Бірдеңені күндіз-түні қалтырап күтуден жаман іс жоқ.

Мұғалім атымды атаса, дір ете қалам.

– Тақтаға шық, – деді. Өлім сағаты жетті, құрыдым деп ойлаймын. Балалардың алдына шығарып алып, жер етпек қой.

Жоқ, тыныш. Әңгіме «м. с. с.» жайында емес, сабақ жайында.

Вожатый шақырып жатыр десе де зәрем қалмайды. Е, сол үшін шақырып жатыр ғой деймін. Қашан жетіп, естігенше ішіме қан құйылғандай болам.

Сөйтсем тыныш.

Бүйткен тыныштығы бар болсын. Бір өлем-ау деп, мың өліп, әбден қор болдым.

Және бірнеше күн өтті. Көңілім аздап орнығайын деді. Үйде жалғыз отыр едім. Күлән кіріп келді. Келі сұрай келген екен. Артынан есік алдына ере шықтым. Маңайда ешкім жоқ екенін көріп:

– Күлән, – дедім.

– Не?

– Сен әнеукүнгі қағазды бермеші мұғалімге...

– Қай қағазды... А! Оны мен баяғыда-ақ жыртып тастағам.

Уһ! Жүрегім орнына жаңа түсті.Қара шапанКласта сабақ жүріп жатқан. Кенет есік айқара ашыл­ды да, ар жақтан біздің ауылда бригадир болып істейтін Нұрғазы көрінді. Үстінде етегі жерге шұбалған­ сеңсең ішік, аяғында пима. Бір қолында жұмарлап ұстап алған қап тәрізді бірдеңесі бар.

– Біздің ауылдың Бердібек дейтін баласы осында оқи ма? – деп Нұрғазы бәрімізге шола қарап тұр.

Үйдің іші маған бірдеңе беріп жіберген екен ғой деген қуанышты оймен «аға, мен ғой» деп, орнымнан ұшып түрегелдім.

Табанының қары сықыр-сықыр етіп, Нұрғазы бері класқа кірді.

– Әй, ағаң мен жеңгең ажырасқалы жатыр. Сен жеңгеңнің шапанын киіп кетіпсің. Жеңгең шапанымды беріп жіберсін деді. Саған мынаны кисін деді, мә, – деп Нұрғазы қолындағы нәрсені алда отырған балалардың төбесінен маған қарай асыра лақтырмасы бар ма, Сөйтсем, әлгі нәрсе қаудырлаған бір жаман плащ екен. Тура менің алдыма партаның үстіне топ ете қалды. Сия сауыт, қағаз-қаламды шашып, машақаттап кетті.

Мен не істерімді білмей, сасып қалдым. Масқара! Мұндай да масқара іс болады екен. Кіріп кетуге жер те­сік емес. Бүкіл класс маған қарайды, мен жерге қараймын.­

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий