Knigionline.co » Казахские книги » Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев

Книга «Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Для того, чтобы столкнуться с масштабной темой, пронизанной реалистичной и картиной, и детской наивностью, необходимо прочитать произведение казахского писателя-классика Б. Сокпакбаева. Таким произведением является повесть «Путешествие в детство».

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бой жағынан әкесіне тартпаған, аласа келген, бет­жү­зінен, көзінен адамшылық сезімнің не бір жақсы нышандары нұр боп саулап тұратын бұл тамаша жанның мейір ықыласына құрық бойламайды.

Таңертеңгі шайдан кейін Рамазан екеуміз мектепке­ жинала бастадық. Қағазбай сол кезде әйеліне:

– Зәуре, сен бешпентіңді Бердібекке бер. Берді­бектің сырт киімі жоқ екен. Мына суықта мектепке жейдешең бара алмайды ғой, – деді.

Зәуре қыңқ деместен берді.

Астарына жылылап мақта салған, қалың матадан тігілген көнетоз бешпент екен. Жексұрын плащқа қара­ғанда тәуір. Киіп алдым. «Мә, беліңді мынаумен буып ал, жылы болады», – деп, Қағаз аға өзінің жіңішке қайыс белбеуін белінен шешіп берді.

Менің белім бір уыс. Талыстай әйел киім етіп жүр­ген бешпенттің екі өңірін айқастырып салып қапсырынғанда, бір емес, екі бешпентті қабат киіп алғандай болдым. Белбеудің бұрынғы тесіктері бір жақта қалды да, Қағаз аға беліме лайықтап, жаңадан тесік тесіп берді. Өзімнен бойы ұзын, қоңқақ мұрын Рамазанның көктен салаң етіп түсе қалған көмекшісі тәрізденіп, міне енді оның қасына еріп, өзім әлі үйір болмаған жат мектепке жүрегім дүрс-дүрс етіп, толқып келе жатырмын.

Сүмбе бұл аймақтағы селоның біреуі. «Қызыл шекара», «Ынтымақ», «Үлгілі», «Большевик» аталатын төрт колхоздың орталығы.

«Большевик» колхозы түгелдей ұйғырлар.

Басқа үш колхоз қазақтың осы арадағы негізгі үш руынан: «Қызыл шекара» – Айт. «Үлгілі» – Жанбаба. «Ынтымақ, – Қышпақ руынан. Кәдімгі Қара Қыпшақ Қобландының тұқымдары. Ішкері жақтан ауып келіп, осында сіңісті боппыз деп, өздері айтып отырады. Көріп отырсыздар, үш рудың да қоныстары бір. Бір өзеннен су ішіп, бір жердің отын оттайды. Мектеп бір, магазин бір. Ауыл совет, яғни, өкімет бір. Ал бірақ үш ру өз алдына бөлек-бөлек үш колхоз.

Ұйғырлар қазақтай емес, жер кәсібіне шебер халық. Там үйді де жұтындырып әдемі салады. Балшықтан қамыр илеп, түйме түйеді. Әр ұйғырдың үйінің іргесінде қорық соғып, қоршап алған бақшасы бар. Картоп, пияз, сәбіз, асқабақ, күнбағыс, капуста егеді.

Қазақ ауылдарында, айталық, біздің Қостөбеде бұ­ның бірі жоқ. Қазекең мал, мал дейді. Мал жоқ болса, есінеп аш отырады. Тамақтың көкесі аяғының астында,­ қара жерде жатқанын түсінбейді. Ұйғырлар жер шұқылап, жер емеді.

Сүмбедегі қазақтар ұйғырлардың үй салу, жер игеру шеберлігін үйрене бастаған. Олар да қорық соғып, бақша егеді, құс ұстайды. Нанды тандырға пісіреді.

Мұндағы мектеп жеті жылдық. Мектеп үйі кесектен қаланып салынған үлкен, шатырлы. Терезелері көшедей. Мұндай үлкен терезелерді менің бірінші рет көруім. Ауылда там соққанда қыста суық болады деп, терезелерін сығырайтып кішкентай жасайтын. Мұншама үлкен терезелі үйде қыста адам қалай шыдайтынына таңмын.

Кейін, қыс түскен соң білдім, үлкен терезеден жа­рық көп түседі екен де, қыста да жылы болады екен.

Терезесі үлкен үй әрі жарық, әрі көңілді.

Мектептің асты да, үсті де тақтай. Қабырғасы бір метр. Мен үшін дүниеде бұдан әсем, бұдан берік үй жоқ секілді.

Класқа бөтен баланың кіріп келуі мұндағы кәрі тұрғындар үшін зор оқиға. Бәрінің назар тіге қалғаны мен болдым. Ех, шіркін! Бұндайда үстіңдегі киімдерің инеден қазір ғана шыққан жаңа киімдер болса. Мына сумұрындарға «жоламаңдар, киімді былғайсыңдар» дегендей шекеңнен қарап тұрсаң. Ал енді мен секілді жабағы жамылған байғұсқа бұлар адам деп қарамайды. Мойныңа бір-ақ секіріп мінеді.

– Мынау кім-ей?

– Бұл қайдан келді? – десіп жатыр. Әп-сәтте біраз бала өзімді қоршап та алды.

Ауыл итінің құйрығы қайқы. Ал сен болсаң, өзіңді кірмедей сезінесің, жүрегің қобалжып, арты не балатынын күтесің.

Дегенмен мен сыр білдірмеуге тырысам. Ә дегенде, мә демесең бұлардың желкелеп алатынын жақсы білем. Сондықтан көрген құқайым бұл ғана емес дегендей өзімді тосын жағдайдың қандайына да дайын ұстаймын.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий