Knigionline.co » Казахские книги » Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев

Книга «Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Для того, чтобы столкнуться с масштабной темой, пронизанной реалистичной и картиной, и детской наивностью, необходимо прочитать произведение казахского писателя-классика Б. Сокпакбаева. Таким произведением является повесть «Путешествие в детство».

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Бол, бол! Жеңгеннің шапаны қайда, бер! – дейді Нұрғазы. Сабаққа бөгет жасадым-ау деген ой оның басына енді ғана келген тәрізді.

Класта киім ілгіш болмайтын. Сырт киімдерімізді терезенің алдына үйіп қоятынбыз. Қара шапан сол киім­дердін арасында. Кірмегенім қара жер, қара шапан­ды Нұрғазыға алып беріп жатырмын.

...Бос класс. Балалар тарап кеткен. Мен ғана орнымда тапжылмастан отырмын. Жылап отырмын. Ағайымнан ажырасып кетіп бара жатқан Әлиман жеңгемді қимаймын. Нұрғазы алып кеткен бүтін қара шапанды қимаймын. Атаңа нәлет жоқшылық, мұншама қор етер­лік мен саған не істедім деп, ыза болып жылаймын.

Құрғыр Нұрғазы-ау! Сен мені мектепке іздеп келмей-ақ, сабақ бітуін тоссаң қайтетін еді. Сосын мен жүрген Мырзатайдың үйіне келсең, әлгінің бәрін сонда айтсаң, қара шапанды үстімнен сонда сыпырып алсаң болмас па еді?

Қайран ғана надандық-ай! Көңілдің көрсоқыр болуынан жаман не бар екен!

...Бос класс. Қаудырлақ жаман плащты үстіме олай киіп көрем. Былай киіп көрем. Біздің үйде бұл тәрізді киім жоқ секілді еді. Ағаларым бұны қайдан алды екен? Әлдекімнің бастан құлақ садақа деп, күресінге лақтырып тастаған салабасы емес пе?

Бұл плащты бұған дейін не тракторшы, не мал соя­тын қасапшы киген. Өйткені май болмаған жері жоқ. Әсіресе, екі жеңнің ұшы мен екі қалтаның аузы майға әдейі малып алғандай.

Плащтың ішіне мен тәрізді екі адам мол сиятын. Етек шұбалып жерге тиеді, жең салақұлаш. Әр жеңнің кеңдігі қасқырдың апанындай. Қанша сорлы болсам да мына плащты киіп, көшеге шығуға бетім шыдайтын емес. Тым құрса, өз денеме шақ болса екен-ау! Бұны киіп алғанда, қойшылардың ит-құсты үркіту үшін қора шетіне орнатып коятын қарақшысынан аумайтын тәріздімін.

Не істеймін? Басқа киер киім тағы жоқ. Тым құрса, жылы кез болса екен, жейдешең-ақ жүрер едім. Қазір қыс, күн суық. Кебінін сүйреткен өлік тәрізденіп жексұрын плащты қаудыр-қаудыр еткізіп, Күлән үйінің есігінің алдынан өтіп бара жатқанша, өлгенім артық емес пе?!

Күлән тіпті танымай да қалар.

Күлән шошыр! Нағыз «м. с. с.» енді бопсың демей ме?

О, тағдыр! Көрсеткен азабыңның бәріне де көніп келем. Тек осыңа – мына жексұрын плащты киім етуге­ көне алатын емеспін.

Бұны киіп, көшеге шыға келсем, ауылдың бүкіл иті менің соңымда болуында дау жоқ.

«Бұл» плащты киіп, сый елге күлкі болып жүр­генше. Өшір қараңды! Кет! Жоғал бұл арадан», дейді ­­ар-намысым.

Мектеп үйі көшенің төмен жақ шетінде. Қостөбеге­ қарай қасқайып кетіп жатқан шана жолдың бойында. Етегі жер сызған жаман плащқа оранып, кітабымды қолтығыма қысып алдым да, ұрыша жан-жағыма сығалап қарап, сыртқа шықтым. Маңайда ешкімнің қарасы байқалмайды. Маған керегі де, міне, осы еді. Жан адамға көрінбеген қалпымда Қостөбе қайдасың деп, тартып отырдым.

Қостөбедемін. Үйдемін. Анада арық ат бір күн сүй­реп әрең жеткізген аралыққа екі сағаттай уақытта зымырап келдім. Күннің суықтығы зымырамасыма қоймады. Жай жүрсем, тоңып, өліп барам.

Сезінгіш жүрегім есіктен аттап кірген бетте-ақ үй ішін ала құйын кезіп өткенін, аға, жеңгемнің арасындағы әуелгі сүттей ұйыған татулықтан түк қалмағанын бірден байқады. «Құлыным, неғып келдің? Тоңып ке­тіп­сің-ау» деп, жеңгем үстіме төніп түспеді. Бұрынғы тазалық, бұрынғы береке бәрі ғайып болған.

Кешкі шайды қос басында отырғандай әркім әр жаққа қарап, томсырайып отырып іштік. Әлиман жең­гемнің қабағы түсіп кеткен. Күйеуіне деп құйған шайды Сатылғанның алдына жеткізбей, орта жолға торс еткізіп қоя салады. Бұл тәрізді тұрпайылық бұрын одан шықпайтын еді.

Ағайым мен жеңгем біреуіне біреуі тіл қатыспайды.­

Түнде де екеуі ары жат, бері жат деп, кең төсекке сыймай шықты.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий