Knigionline.co » Казахские книги » Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев

Книга «Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Для того, чтобы столкнуться с масштабной темой, пронизанной реалистичной и картиной, и детской наивностью, необходимо прочитать произведение казахского писателя-классика Б. Сокпакбаева. Таким произведением является повесть «Путешествие в детство».

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев читать онлайн бесплатно полную версию книги

Тәкаппар сұраққа тәкаппар жауап қайырам. «Бұл менмін! Қайдан келгенімде сендердің не шаруаларың бар?» деймін.

Менен гөрі бойы ұзындау, тақырбас сұрша бала басқаларды киіп-жарып, тура бетпе-бет келді. Көзқарасы өткір, осылардың ішіндегі нағыз пәлесі көрінеді. Менен емтихан алатын адамша тақ-тақ етіп:

– Білсең айтшы, неше көсем бар? – деді.

– Төртеу, – дедім мен.

– Кім-кім?

Мен санап бердім.

Галстугімнің түйінінен шап беріп ұстай алды. Бұн­дайда не айту керек екенін жақсы білем:

– Әрқашан дайынмын, – дедім.

– Мынау не? – деп, тақырбас галстугімнің ұзын ұшын көрсетті.

– Партия.

Қысқарақ ұшын көрсетті.

– Мынау ше?

– Комсомол.

Галстуктің желкедегі үшкілін нұсқады.

– Мынау?

– Пионер.

Галстуктің түйінін көрсетті:

– Мынау не?

– Үшеуінің бірлігі.

Сол заманда пионерлер бір-бірінің саяси сауаттылығын осылай сынайтын.

Жаттамалы сұраққа жаттамалы жауап, мүдірмедім, сарнап айтып бердім. Тақырбас мені сүріндіре алмаған­ға өкінген тәрізденіп, желкесін қасып, мүдіріп қалды. Сон­да да тақала түсіп, түймең қандай-ей, белдігің қандай деп, енді ол маған тиісудің басқыншылық жолына ашықтан анық түсе бастады.

Мен жәутеңдеп, сен маған неге болыспайсың деп, Рамазанға қараймын. Сөйтсем, бойы ұп-ұзын болып, шет­теп, Рамазаным бейқам тұр. Тегі, ол тақырбастан жасқанатын тәрізді. Мені қорғап бір ауыз да емеурін біл­діре алмайды. Өзім аман болсам, дегендей қалып танытады.

Сыриған қайран бой, қайран дене! Жасқаншақ Рамазанға біткенше, маған неге бітпеген!

Кенет тақырбас мені көкірегімнен оқыс итеріп келіп қалсын. Шалқалаған қалпымда мойным астыма қайырылып, оңбай құлап түсейін. Шүйдем қақ айырылып, миым аузыма төгілгендей болды. Тақырбастың ымдауымен басқа бір бала артыма төрт тағандап жата қалған екен. Әлгіге сүрініп жығылған едім.

Менің өле жаздағаныммен ешкімнің шаруасы жоқ, бәрі дуылдасып күлісіп жатыр. Оларға бұл ермек.

Мен осы арада тілмен айтып жеткізгісіз жалғыздық­ көріп, қорланып қалдым. Ызадан жарылып кетуге бармын. Өзімнің Қостөбемде болса, тақырбаспен шайнасып өлер едім. Ал дәл қазір, мынау жат орта, бөтен балалардың арасында, менен ондай ерлік шықпады. Шаңырақ иесі біз дегендей еліріп, өрекпи күлген содыр топтың мысы еңсемді басып кетті. Жылауды намыс көріп, жыламауға шыдамым әрең жетіп тұрмын.Сембай атам және бізНағашым үйіндегі бар адамды әскер деп қарасақ, сол әскердің бас қолбасшысы Сембай атам. Үйдің іші-тысындағы тіршіліктің бәрі де бас қолбасшының бұйрығымен істеліп жатады. Бұл беделге атам қартайған­ жасымен қарадай болған сақалын сатып, сол арқылы жетіп отырған адам емес. Шындығына келсеңіз, ол осы үйдің, осы үлкен семьяның Қағазбайдан гөрі де белді асыраушысы. Өмірде көрген, түйгені мол, жақсылық-жа­мандықты алыстан танып, аққаптал болған тәжіри­белі қорушы. Осы қара шаңырақтың береке-панасы.

Желкесінде зілдей боп жетпіс отыруына қарамастан, атам еңсесін тік ұстайды. Бойындағы қаруы бір жігіттен кем емес. Еңбексүйгіш, әрі шаруақор. Қаракер биеден өзге, бұл үйде адал еттіден, қарны шермиген­ сынық мүйіз ала сиыр бар. Екеуіне де Сембай атам жем-шөпті өзі дайындайды, екеуін де өзі күтіп-баптайды. Сол күтімнің арқасында сиыры да, биесі де жыл сайын төл береді. Биыл да буаз.

Сембай атам бір қора тауық, бір қора қоян өсіреді.

Бүлкең-бүлкең еткен кілең қара көк қоян там үйдің іргесін іш жағынан үңгіп, ін қылып алған. Сол індерден бірі кіріп, бірі шығып, өріп жүреді. Адамнан үркіп, қорыққанды білмейді, сенімен сейлескісі келгендей қол созым жерде құлағы тікірейіп, көзі мөлдіреп, шоқиып қарап атырады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий