Knigionline.co » Казахские книги » Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев

Книга «Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Для того, чтобы столкнуться с масштабной темой, пронизанной реалистичной и картиной, и детской наивностью, необходимо прочитать произведение казахского писателя-классика Б. Сокпакбаева. Таким произведением является повесть «Путешествие в детство».

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бұл үйдің еркектері мен қыздарының бастарында осы кезде қоян терісінен істелген бір-бір қара көк малақай. Әрі жібектей жұмсақ, әрі жылы. Осы тәрізді малақайым болса деп, қызығамын.

Ұйғырлардың дәстүрімен есік алдынан қорық соғып, қоршап алған аз ғана жер бар. Жарымына картоп егіледі, жарымына пішен өсіріледі. Осы жұмыстың бәр-бәрін атам бір өзі тындырады.

Дәл қазір, мен келген кезде, атам үйінде жарты ұра картоп бар екен. Кеспеге мол етін картоп турау бұлардың дәстүріне айналған. Әрі ұнға үнем, әрі кеспе дәмді.

Бір қора тауық бір қора жұмыртқа береді. Мауыздай­ тоғыз ауызға жем тауып тығындау да атам атқаратын қызмет, осал емес екенін енді өзіңіз де көрдіңіз.

Қонаққа қой ала жүгіріп үйренген қазекең тауық етін ет деп қарамайды. Онысы бекершілік.

Ал жұмыртқаны атам бізге жегізбейді. Кебек салған­ жәшікке мол қылып жинайды да, әр талын бес тиыннан дүкенге өткізеді. Әйтпесе, бұлар ақшаны қайдан алады? Ақшасыз бұларға дүкенде сатылатын шайды, кездемені киім-кешекті кім береді?

Нағашым үйіндегі адамдар киім сәндемейді. Дүние, жи­һаз жинамайды. Күндіз-түні ойлайтындары кеңір­дектің қамы ғана. Күн жылыда жалаңаш, күн суықта үсіп өлмесе болды. Адамның жасы молайған сайын ұйқысы азаяды. Құс ұйқылы Сембай атам таңертең бә­рі­мізден бұрын түрегелед. Малға шөп салады, та­уыққа жем шашады. Содан кейін есіктің алдын сыпыра­ жүріп, дауыстап, үйдегі кемпірін оятады, – Бөпке! Әй, Бөпке! Тұр!

Айқай тек әжеме арналғанмен, бәрімізге бірден же­теді, бәрімізді бірдей оятады. Өйткені бәріміз бір бөлмеде ұйықтаймыз.

Екі кісілік бір ғана көне ағаш төсек. Онда Қағазбай мен Зәуре жатады. Басқамыз төр алдына жерге жаппақ тізіліп, «колхоз» болып ұйықтаймыз.

Бөпке әжем атам тұр дегенде бірден ұшып тұрмайды. Естісе де естімеген болып, тыпыр етпей жата түседі. Аз кідірістен кейін атам тағы дауыстайды. Бұл жолы үні әлгіндегіден қатуырақ шығады.

– Әй, Бөпке! Тұрамысың, жоқ па? Ана сиырды бадаға қос!

Шалының маза бермесін білген әжем:

– Таң атпастан қаңқылдап, осы қақпастан тарттымау, жағың қарысқыр? – дейді де, тұрып жатады.

Атамда әйел затын кемсітіп қарайтын мінез бар. Әсіресе, өз кемпіріне қатал-ақ. Екі-үш дауыстағанда Бөп­ке әжем ұшып тұрмаса, қолындағы сыпырғыны қабырғаға суйей салып, ол үйге кіріп келеді. Жыртық көрпенің астында бір уыс болып жатқан апама төне түсіп, кіжініп:

– Өй, мына неме әлі жатыр ма? Жыл келгендей тырайып, не көрінген! Өй, Бөпке, өліп қалғаннан саумысың?! – дейді.

Атамның тілі найзаның ұшы тәрізді. Жерлеп, зекіп ұрса бастағанда, етің түгіл, сүйегіңнен өтеді.

Таршылық өмір атамды үнемшіл болуға үйреткен. Бір тал шеге жатқанын көрсе, ол аттап өтпейді. Айдала­да бір жаңқа кезіксе, үйге алып келеді.

Таңертең жуынған кезде біз сабынды қолымызға көбірек езіп жіберсек, және оны әбден уқалап сіңірмей, шайып, жуа бастасақ, атам зекіп ұрса бастайды.

– Өй, санасыз неме! Сабынды сонша көпіртіп езіп... Әне, не болды? Бәрін құр текке су шайып кетті!

Атам бар жерде біз нені де болса үнемдеп, байқап істеуге тырысамыз.

Сүмбеде отын тапшы, жақын маңда орман жоқ. Отқа қурай, сабын, тезек, көң жағылады. Қарағайды таудай күші жеткендер ғана әкеледі.

Шайлық суды нағашым үйі сабын жағып, әуелі қара қазанда қайнатып алады. Сосын самауырға құяды. Үстіне тамақ ішетін аласа дөңгелек столды мұндағы қазақтар ұйғыршалап «жозы» деп атайды.

Шайға тоғыз ауыз лап беріп, бірден келіп отырамыз. Төрдің тақ төбесінде атам. Атамнан ары қыздар: Оралхан мен Оразхан. Оразханға жалғас апам.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий