Knigionline.co » Казахские книги » Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев

Книга «Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Для того, чтобы столкнуться с масштабной темой, пронизанной реалистичной и картиной, и детской наивностью, необходимо прочитать произведение казахского писателя-классика Б. Сокпакбаева. Таким произведением является повесть «Путешествие в детство».

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев читать онлайн бесплатно полную версию книги

Көктем шығысымен Қағазбай мен Зәуре үй көр­мейді. Осыдан жеті шақырым жердегі Ұшқа – егін жай­ға кетеді. Алты ай жаз – күзгі жиын-терін біткенше сон­да болады. Осы уақыттың ішінде бізге тамақ жасап беретін, кірімізді жуып, үй ішіне қарайтын жетпіс жасар қаусаған кәрі кемпір – Бөпке апам.

Әжемді біз «апа» дейміз.

Жоқ, қаусаған деген сөз оған жарамайды.

Таңертеңгі шайды апыл-ғұпыл береді де, апам қап алып тезек теруге кетеді. Мал жайылатын қырқа жақты­ кезіп, түске таман бір қап тезек теріп әкеледі. Мұрнынан су кетіп жүріп, түскі шайды береді. Сосын, қол орақ арқан алады да, сонау төменгі жазықтан бір арқа қурай немесе ши орып әкелуге кетеді.

Өрістен мал қайтатын кешкі мезгіл. Апам әлі жоқ.

– Әлгі Бөпке көріне ме, қараңдаршы, – дейді атам.

Біз үйдің үстіне шығамыз. Апам келетін жолға қараймыз.

Апам жоқ, түйе беліндей етіп нығарлап буған бір арқа нән құрай келе жатыр. Иә, иә, тек қурай. Олай-бұ­лай сәл ырғалып, кәдімгідей жылжып келе жатады. Тағы біраз жақындаған кезде сіз курайдың астында жы­бырлаған аяқ бар екенін байқайсыз. Адам аяғы. Қурай тура біздің үйге қарай келе жатады.

Қурай әбден жақындағанда, сіз енді оның астынан ауыр жүктің салмағымен жерге тие жаздап келе жат­қан,­ кимешек киген әйел басын қоса байқайсыз. Бұл менін әжем, Қажымас Бөпке әжем. Түйе беліндей нән жүкті арқасына қондырып алған. Үй іргесіне келгенде, ол қурай-мурайымен шалқалап бірден құлайды. Бұ дүниенің бір азабынан құтылғандай кеудесін кере күр­сініп, кимешегін басынан сыпырып жібереді. Тер шү­мек-шүмек аққан кәрі басын кештің салқын самал желіне тосып, жан шақырады. Түйе беліндей қурайға сүйеніп отырып, қалтырмаштап алған жібін ағытады. Дем алып, есін жинайды.

Үш мезгіл күніне тамақ пісіруге жұмсалатын және қыста үй жылытатын отын бұл үйге осылай жиналады.­

Біз отқа қурай жақпаймыз, Бөпке апамның терін жағамыз.

Бөпке апам кәріліктің басына теуіп жүрген адам.

Бір күн жұмыссыз отырса, екі қолы алдына сыймайды. Есіне, кенет, Ұштағы Қағазбай мен Зәуре түсіп кетеді. Ол екеуі не күн көріп жүр екен? Халдерін бі­ле­йін. Шайларына қататын қаймақ апарып берейін, әнеу­гүні барғанда Қағазбай тісім деп жүр еді. Сонысы қойды ма екен, не болды екен дейді де, әжем жеті шақырым жердегі Ұшқа жаяу тартып жөнеледі. Кешке мал келгенше, кеп қалармын дейді.

Ары жеті, бері жеті шақырым жаяу жүріп қайту оған түк те емес. Көршінің үйіне кіріп шығайын дегенмен бірдей ғана.

Апам сөзінде тұрады. Ойға алған жұмысының бәрін тындырып, мал қайтар кезде үйге ол да келеді. Бос қол және келмейді. Жол үстінде кез болған кебу жапаларды теріп, бір етек тезек ала келеді. Көпірдің сынық тақтайы кезіксе, оны да тастамайды.

Мен апамның ойбай, ауырдым деген сөзін өмірі есті­ген емеспін. Өле-өлгенше аузына дәрі салғанын көрген­ емеспін. Күтіну, демалу дегенді, марқұм білмейтін еді.

Апам 1953 жылы, сексен тоғыз жасында дүние салды. Бұл деген мойымайтын, тозбайтын болат адам еді.

Бөпке апамның бойындағы бір кемшілік ол аяғына су жұқпас қыдырмашы. Үй жұмысынан қолы қалт етсе-ақ тоқтамайды, ауылды шарлай жөнеледі. Бас-аяғына ат шаптырым ұзын көшелердің о шетінен бір көрсең, бұ шетінен қылаң етіп шыға келгенін және бір-ақ көресің.

Жоқ, ол тектен-текке қыдырмайды, өз үйінің жұ­мысы аздық еткендей елдің тынбай, бітпей жатқан іс-місі болса, жинап, тернеп жүреді. Біреуге жіп иіріп бермек боп, бір дорба жүн әкеледі. Біреудің жыртық қабын алып кеп, жамап отырады. Тағы біреудің қатып қалған елтірісін уқалап, әуреленіп жатқаны.

Немесе, апам сол кеткеннен мол кетеді. Кешке де­йін үйге оралмайды. Артынан іздеп барсаң, әлдекімнің көрпесін қабысып отырады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий