Knigionline.co » Казахские книги » Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев

Книга «Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Для того, чтобы столкнуться с масштабной темой, пронизанной реалистичной и картиной, и детской наивностью, необходимо прочитать произведение казахского писателя-классика Б. Сокпакбаева. Таким произведением является повесть «Путешествие в детство».

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев читать онлайн бесплатно полную версию книги

Қызмет еткен үйінен апам бос қайтпайды, бешпен­тінің дорба тәрізденген түпсіз терең қалталарына салып,­ кимешегінің ұшына түйіп нан, бауырсақ, құрт, кәмпит, қант секілді бірсыпыра олжамен оралады. Кейде бір табақ ұн, бір жілік ет әкеліп, бізге дәмді етіп кеспе істеп береді.

Апамның ел қыдырып, табыс табу кәсібін біз, бала­лар, намыс көруші едік. Әсіресе, жігіт боп қалған Қа­сым­қан қатты ренжитін:

– Апа, қайыршы құсап бұның не? Ұят емес пе? Осы ел қыдырғаныңды қашан коясың? – дейді.

Апам мойымайды:

– Қайыршы боп мен біреудің бірдеңесін сұрап алды деймісің? Өзі берді.

– Сен алма!

– Е, неге алмаймын! Мен оның бір шекпендік жібін құдайы қып иіріп берді деймісің?

– Әне, қайыршы сөйтеді. Ел қыдырып, кім көрін­геннің жұмысын істейді. Ал сен істеме! Үйде отыр! Үйдегі өз жұмысың аз ба?

– Мен жұрттан не жұмыстарың бар деп сұрайды ғой деймісің, жалынатын өздері. Бөпке, айналайын, мынаны істеп бере салшы дейді.

– Істеме! Жалынбақ түгіл, өліп кетсін!

– Мақұл, ендігәрі істемейін, – дейді Бөпке әжем. Онысын бес минуттан кейін ұмытып кетеді.

Ел қыдырудан оралған Бөпке апама жан-жақтан жамырап, ұрса тұрып, біз оның қалталарын ақтарып, қа­раумен боламыз. Әкелген пісі-күйік нәрселерін та­ла­пайлап жеп апамыз. Сол кезде Бөпке әжем бізді әжуалап:­

– Кәне, менің ел қыдырғаным сендерге жаман болды ма? Бір-бір қаужаңдасып қалдыңдар, – дейді.

Ел болған соң біреу қыз ұзатқан, біреудің әйелі босанып, ұл тапқан. Біреу жегені желкесіне шығып, қамалып қалған. Біреу түрмеден келген. Біреуді ит қапқан, енді біреу қатынын сабаған... Осы хабардың бәр-бәрін де біз Бөпке апамнан еститін едік. Ауылдағы жаңалық атаулыны Бөпке апам елден бұрын біліп алады. Сосын көршілерге, бізге жеткізеді. Мен білгенді жұрттың бәрі білсе екен дейді.

– Әлгі Нұрбекті ит қауып алыпты. Барып, біліп, келейін, – дейді де жөнеп отырады.

Келген соң:

– Иә, Нұрбекті қаппапты, Нұрбектің Жұмабек дейтін сотанақ баласы бар емес пе? Соны қауып алыпты. Балтырының мына арадағы көк етін оңдырмай бөліп түсіпті, – дейді. Ұзын балақ дамбалын түріп жіберіп, иттің дәл қай араны қапқанын саусағымен ұстап көрсетеді.

Қазақ тәуір деген тамағын кешке ішеді. Нағашым үйінде кешке қарай, әдетте, дәу қазан кеспе істеледі. О, Бөпке апам жасаған кеспе ерекше! Дүние жүзіндегі айтулы ресторандардың бір де біреуінен сіз ондай кеспе­ таппайсың!

Ауыз үйдегі қара қазанда қара су шымыр-шымыр қайнап жатады. Осы жетеді-ау деген шамамен апам баспақтан бір уыс тұз алады да, тастап жібереді. Кеспе дәмді болу үшін қасықтың басындай тоңмай салады.

Кеспе істейтін ұнды апам елеп, әуреленіп жатпайды. Кебек шықса, ұн азайып қалады дейді ол. Қамыр түйе терісіндей қалың иленеді. Кескен кеспенің ­жуандығы саусақтай болады. Жіңішке етіп кесуге апам, біріншіден асығады. Екіншіден, көзі көрмейді, кеспе орнына саусағын қоса турап алмасына кім кепіл? Сосын, сиырды кім сауады? Қурайды кім орып әкеледі?

Туралған кеспені апам қазанға себездеп, талдап салып жатпайды. Ұмар-жұмар тастай салады. Былай да жуан кесілген кеспе пісе келе таяқтай болады. Қамыр түйін-түйін байланысып жүреді.

Кеспеге картоп салынады. Біз көз болып отырмасақ апам картопты қазанға қабығымен салып жіберуге бар. Ортасынан бір-бір ғана бөлінген картоптың әр түйірі торғайдай.

Сыпыраның бетінде қамыр кескеннен қалған ұн бар емес пе? Көже маңызды болады дейді де, апам кеспенін үстінен оны және себеді.

Тамақ қазанның сақыр-сақыр қайнауы әбден басылған соң түсіріледі. Ауыр қақпақтың астында тұн­шыққан бу бүкіл ауыз үйді алып кетеді.

Апам будың арасынан көрінбейді. Тек қазандағы кеспені темір шелекке қотарып, құйып алып жатқан дыбысы ғана естіледі.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий