Knigionline.co » Казахские книги » Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев

Книга «Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Для того, чтобы столкнуться с масштабной темой, пронизанной реалистичной и картиной, и детской наивностью, необходимо прочитать произведение казахского писателя-классика Б. Сокпакбаева. Таким произведением является повесть «Путешествие в детство».

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев читать онлайн бесплатно полную версию книги

Атамнан бері қарай тағаша иіліп Қасымхан, Рамазан, мен отырамыз. Менен төменірек Қағаз аға. Қағаз аға­ға жалғас Зәуре. Зәуре мен апамның екі аралығында баяғы заманда Тулада жасалып, содан бері талай тепе­рішті бастан кешкен, талай-талай жандарға қызмет етіп, бүйірінің талай жері майысқан, сонда да істен қалмай келе жатқан көне жез самауыр. Диаметрі бір метрден асатын қына түсті тақтай жозы жұтынған тоғыз ауыздың тас қоршауында қалғанын сіз енді көріп отырсыз.

Тамаққа отырудың осы тәртібі еш уақытта да өзгермек емес.

Нанды нағашым үйі тандырға пісіреді. Піскен нан төрдегі сыртына әшекей үшін темір шегеленген қара көк кебежеде сақталады. Кебеженің аузы іш жағынан құлыптаулы. Жоқ, жоқ, шегемен ашамын деп, әуре бол­маңыз. Рамазан екеуміз мұндай әрекетті оңашада талай жасағанбыз. Түк шықпайды. Құлыбы о баста осы кебежемен бірге жасалған. Жер бетіндегі кілттің бір де біреуісі оған шақ келмейді. Бірде бір шеге оны аша алмайды. Кілт салатын ойығын ақжемдеп, майыстырып, босқа бүлдіресіз.

Бұл кебеженің кілті әрі үлкен, әрі тұмсығы ойлы-қырлы бір түрлі.

Ха-ха! Сіз-дағы қиялдайды екенсіз! Бұл кілтті кол­ға түсіру – ол ертегілерде айтылатын хор қызын қолға түсірумен бірдей. Ол үшін сіз Зәуре жеңешемнің жар дегенде жалғыз бұрымын пышақпен кесіп алуыңыз керек. Қалайша дейсіз ғой. Міне, бұлайша: кебеженің кілтін бұл үйде тек Зәуре жеңешем ұстайды. Ол оның бауын бұрымына қосып өріп, шашының ұшына байлап­ алады. Кілт байланған бұрымының ұшы әменде беш­пенттің қалтасында. Ал енді мықты болсаң ол кілтті қолға түсіріп көр!

Дастарқан жайылып, әбден шай ішілер кезде Зәуре­ кебежеге барады. Ғажап кілтті сұғып жіберіп, ішкі музыкалы құлыпты «дзің» еткізіп ашады да, дастарқанға­ тандырдың кейде екі, кейде үш тоқашын әкеп салады. Екі тоқаш салған күні кем салынған бір тоқаштың орнына тостағанмен талқан қояды.

Кебеженің аузы дереу қайта бекітіледі.

Бас қолбасының бұйрығынсыз атакаға шығу – дас­тарқандағы нанға шабуыл жасау болмайды.

Атамның қолында мүйіз сапты өткір қара пышақ. Нанды ол сонымен жұп-жұқа етіп, бипаздап турауға кіріседі. Біз бұл кезде сілекейімізді жұтып, тамсанып қа­рап отырамыз. Жаңағы шағын ғана екі немесе үш то­қаш әлгіндей қаңылтақ боп турала келе ғажап көбе­йіп кетеді. Береке дарып, үйеме дастарқан нанға айналады.­

Ірі, кесек-кесек етіп тураса, көбеймес еді. Тоғыз жақ­тан тоғыз қол лап қойғанда, бірден ойсырап қалар еді. Атамның нанды соншама ұсақ етіп, көпсітіп турауында үлкен психологиялық есеп жатыр.

Туралған нанды ол дастарқанға бірдей етіп тегістеп шашып тастайды да, бір талын өзі алып, аузына салады. Бұл телміріп, тосып отырған тоғыз ауызға енді атакаға шығуларыңа болады деп, команда берілуі. Сақадай-сай тұрған тоғыз жауынгер – тоғыз қол лап береді. Тоғыз турам нан дастарқанда жоқ болып шығады.

Үлкендердің қолдары бір барғанда, біздің қолдарымыз екі барып үлгіреді.

– Ақырын! Ақырын! Немене, жау қуып келе ме? – деп атам бізге сұрлана қарап қояды.

Өрт тигендей жапырылып, дастарқандағы нанның әуелі біз отырған – ер балалар отырған жағы сап болады.­ Үлкендер жақта ғана аздаған нан қалады. Біздің нысапсыз қолдарымыз енді солай қарай сумаңдап, тықсыра береді. Сол кезде атам, – Болды! Енді талқан жеңдер! – деп бұйырады. Кейде дастарқанда талқан болмайды. Біздің жалақтап, тоймай қалған түрімізді көріп, ондайда Қағаз аға:

– Зәуре, наның бар ма? Әкел, мына балалар тоймай қалды, – дейді.

– Бүгін нан жаппаймын. Аз ғана нан тұр. Түсте, кешке нелерін жейді? – дейді жеңешем.

– Әкел. Сабақтарына тойып барсын. Кешке көже­лерін ішер.

Жомарт бейілді Қағазбайды біз жанымыздай жақсы көреміз.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий