Knigionline.co » Казахские книги » Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев

Книга «Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Для того, чтобы столкнуться с масштабной темой, пронизанной реалистичной и картиной, и детской наивностью, необходимо прочитать произведение казахского писателя-классика Б. Сокпакбаева. Таким произведением является повесть «Путешествие в детство».

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев читать онлайн бесплатно полную версию книги

Кенет, қарасам, атам, шынында да, үйге кіріп келе жатыр. Көзім атыздай болып, күлкім бірден тыйылды. Сыртқа періп ұрып жөнелдім.

Рамазан қаша алмай, қалып қойды.

Үйдің сыртында анадай барып, қарап тұрмын. Рамазан жоқ әлі. Қылмысымен қолға түскен батырдың халі не болып жатқанын мен көрмей де жобалаймын.

Бір кезде Рамазанның сыңсып жылаған даусы ­ес­тілді. Әне, өзі де шығып келеді. Екі құлағын қолымен басып ұстап алған. Атам ыза болғанда, құлақтан созатын.­

Мен өзім қолға түсіп қалмағаныма тәуба дедім.Жібек белбеу«Қымбатты, жаннан артық көруші, ай жүзді, алтын дидарлы ағайым Сатылған, әкем Ыдырыс, тәтем Сма­ғұл, інішегім Тұрдыбек. Қалай, бәріңіз де сау-саламат Текестің кең даласында, жұпар ауасында денсаулықтың арқасында құдай деп, аман-есен, өкімет пен пар­тия­ның тапсырмасын адал атқарып, жүріп жатқан боларсыздар. Ал енді менен амандық білмек болсаңыздар,­ мен де аман-есен оқушылық борышымды адал орындап, Сүмбенің жұпар ауасында, өз тең-құрбымның тең қатарында жүріп жатырмын. Нағашым үйі түгел өздері­ңіз көргендей аман-есен. Атам мен апам да аман-есен. Қағазбай нағашым да аман-есен. Ұшта Зәуре жеңешем екеуі жұмыс істеп жүр. Мен өкімет пен партияның тапсырған оқуын жақсы оқып, мектепке Зәуре жеңешем­нің бешпентін киіп барып жүрмін. Жейдем әбден тозып­ кетті. Апам күнде жамаса, күнде жыртылады. Сымымның құйрығы ол да жыртылып еді, апам бір сары шүберек тауып, жамап берді. Сондықтан сіздерден өтініп сұрайтыным: қатынаған адамнан маған бір-екі езім сия және бес-алты қаламұш беріп жіберіңіздер. Және жейдем әбден тозып кетті. Бір жейде тіккізіп, беріп жібер­сеңіздер екен. Және арифметика кітабын алуға ақшам жоқ. Маған қатынаған адамнан азырақ ақша беріп жі­берсеңіздер екен.

Амандық хат жазушы Бердібек.

1935 жыл, 13 апрель».Дәптердің бір парағына жазылып, үш бұрыш етіліп бүктеле салған, ешқандай марка жапсырылмаған менің бұл хатым осы арадан әуелі біздің Қостөбені басып өтіп, Нарынқолға почтаға барады. Сол арада сорттаудан өтіп, әлгі ізімен қайтадан кейін қайтып, Қостөбеге келеді. Талай жерді шарлап, айқыш-ұйқыш сапар шегіп, Сатылған ағайымның қолына тиеді. Жайдан-жай тие салмайды, ол оны маркасыз хат болғандықтан бір сомға сатып оқиды. Сондағы хат мазмұны жоғарғыдай.

Мен оқу оқып жүрген Сүмбе мен Қостөбенің арасы­ салт атты адамға түстік жер. Кісі үзбей қатынап жатады.­ Айтылмыш хатты мен солардың біреуінен беріп жібер­сем де болар еді ғой. Әрі тез, әрі әуресі аз.

Жоқ, мен өйтпеймін. Адамзат почтаны не үшін ойлап тапты деймін де, реті келіп тұрғанда, пайдаланып­ қалуға тырысам. Почта арқылы барған хат мәндірек, жауаптырақ болатын тәрізді.

Сүмбеде дүкен бар. Дүкенші жігіт мені жақсы таниды. Бір күні сол кездесіп қалды да:

– Ағаң саған жиырма бес сом ақша беріп жіберіп еді, жүр, берейін, – деді.

Мына хабарды естіп, Рамазан екеумізде ес қалмады.­ Бір сом, екі сом емес, бақандай жиырма бес сом! Біз мұнша ақшаға өмірі ие болып көргенбіз бе? Жүрегіміз алып-ұшып, дүкеншіге ілесіп, оның үйіне келдік.

Неге екенін білмеймін, дүкенші жиырма бес сомды­ түгелдей тиыннан санап берді. Әйтеуір бақыр берген жоқ, он бес, жиырма тиындық күмістер. Соның өзіне қос уыстан асып кетті. Бұны енді қалай алып жүрем? Қалтама салып едім, бір қапталым салбырап түсіп кетті. Салбыраған қапталды қос қолдап көтере ұстап, тана­уымыз желп-желп етіп, үйге келдік.

– Сатылған Бердібекке жиырма бес сом ақша беріп жіберіпті! – деп Рамазан анадайдан жар сала келді.

Бала мінезді Бөпке апам:

– Рас па? Қане, көрсетші? – деп, үйіріле қалды.

– Міне! – деп, қалтамдағы тиынды саудыр-саудыр еткізем.

– Маған бес-алты сомын берші, шай алып ішейін.

– Өзім кітап-қағаз алам.

Отырып, санаймын ақшамды. Дәл жиырма бес сом ба? Не артық, не кем емес пе? Рамазанның болысқысы келсе, қолын қағып, жолатпаймын.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий