Knigionline.co » Казахские книги » Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев

Книга «Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Для того, чтобы столкнуться с масштабной темой, пронизанной реалистичной и картиной, и детской наивностью, необходимо прочитать произведение казахского писателя-классика Б. Сокпакбаева. Таким произведением является повесть «Путешествие в детство».

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев читать онлайн бесплатно полную версию книги

Мейлі, қуансын! Менің бұл жақсылығым бірінен болмаса да, бірінен қайтар.

Қайтпаса және бопты.

Күс-күс қолдар мен қарала тұмсықтарға май жағылған соң, жылтырап шыға-шыға келісті. Жуып жақпаған соң, кір қоса езіледі екен. Бетті бір сүйкеп өтсе, бес саусақтың ізі баттиып, түгел түсіп қалады...

– Өй, ақымақ неме! Шапанның сыртынан жібек белбеу буынған кімді көрдің? Буынсаң, жейденің сыртынан буын, – деп, мені атам да әжуамен қарсы алды.

Біріншіден, күн әлі салқын. Жейдемен жүрер кез емес. Екіншіден, жейде дейтін жейде емес, қырық жамау.­

Күн әбден жылып, қашан тәуір жейде біткенге дейін белбеуімді сақтап қойып, шыдай алар емеспін. Ертесінде мектепке тәуекел деп, бешпентімнің сыртынан буынып барайын. Тым болмаса, бір рет көрсін балалар. Содан, соң, мумкін, тығып та қоярмын.

Балалар бір дегеннен-ақ қоршап алды. Бірі құптайды, бірі келеке етеді. Белбеуімнің шашағынан тартқылап, тәлкек етушілер көбірек. «Комиссар болып кетіп­сің!», «Өкіл болып кетіпсің!», «Прокурор болып кетіп­сің» деп, мазақтайды.

Сабақ басталды.

– Бердібектің жібек белбеуі бар! – деп, біреулер ең маңызды соңғы хабардай етіп, мұғалімге айтып жатыр.

Мұғалім Назар дейтін жуас, сүйкімді адам. Миығы­нан күліп, жымиды да қойды. Бір сабақ біткен. Үзіліске тысқа шығып келем. Әнеугі тақырбас Баймырза бастатқан бірнеше бала жан-жағымнан жабысып, қоршап алған. Бұлар мұнша неге жабысады?

Баймырза жүрген жерде бір сойқан қоса жүретінін жүрегім сезінетін тәрізді.

Далаға шыққан кезде әлгінде үймелеп қоршап алған баланың бірі:

– Өй, белбеуіңнің шашағы қайда кеткен! – дейді. Жүрегім су етіп, жалт бұрылып қарадым. Белбеуімнің екі шашағы бірдей жоқ. Біреу пышақпен шорт кеспей де алған. Шолтиып жұқанағы қалған. Балалар енді одан әрман мазақтап, ду-ду күліседі.

Мен ызадан жарыла жаздай тұрмын, кімге тиісе­рімді білмеймін. Баймырзаға:

– Сен! Сен кесіп алдың! – деймін.

– Оттама! Кесіп алсам, мә қара! Тауып ал! Баймырзадан табарсың!

Қайран ғана белбеуім-ай! Ішім удай ашып барады. Өзім де ақымақпын-ау! Мектепке неге буынып кел­дім? Атамды тыңдап, күн жылынғанша неге тығып қоймадым!­

Сабақ біткен. Мектептен тарап келе жатырмыз. Баймырзаның үйі көшенің басқа жағында. Анадай ұзаң­қырап алып, ол маған айқай салады. Өлген торғай се­кіл­ді жалбыраған бірдеңелерді аспанға лақтырып, көрдің бе дейді. Көрдім, таныдым, менің белбеуімнің шашақтары.

Боқтап, тұра қудым. Тұра қашты, жеткізу қайда. Қашып бара жатып та шашақтарды аспанға атады.

– Тоқтап тұр, ертең ағайға айтам!

Ағай не істейді? Кесіліп қойылған шашақтарды қайта жапсырта алмайды.

Қыруар ақша төленген қайран белбеу, осылайша істен шықты.Менің кербез жеңгемҮшіншіні Рамазан да, мен де мақтау грамотасымен бітірдік. Бұл біз үшін, әрине, зор қуаныш.

Қостөбеден тағы да бір жақсылық хабар келіп жетті. Сатылған ағайым үйленіпті. Бұл жолы ол ағайынның көңілінен шығып, үлбіреген қыз алыпты. Қостөбедегі кәдімгі кербез Күлімбала сұлу бар емес пе? Оның есігін үйір-үйір болып торыған жігіт-бозбалалардың аузын аңқитып, соның дәл өзіне үйленіпті. Күлімбала шал-кемпірдің ортасында бұлаң өскен жалғыз қыз. Әкесі қой бағады. Орта бойлы, толықша, қасы-көзі қиылған қара торының әдемісі.

Кәдімгі жұрт танып мойындаған Күлімбала сұлу.

Сатылған соны алыпты!

Жолшыбай бір арбамен Қостөбеге келдім. Үйдің іші тағы да жөнделіп қалған. Жаңа төсек-орын, біраз жаңа мүліктер пайда болған. Әйел болған осы деп, үлбіреп жас жеңгем отыр.

Ағайым бұл кезде колхозда есепші.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий