Knigionline.co » Казахские книги » Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев

Книга «Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Для того, чтобы столкнуться с масштабной темой, пронизанной реалистичной и картиной, и детской наивностью, необходимо прочитать произведение казахского писателя-классика Б. Сокпакбаева. Таким произведением является повесть «Путешествие в детство».

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев читать онлайн бесплатно полную версию книги

Түскі үзілістің кезінде жұртты «көп отырып қалдыңдар» деп бол, болдың астына алып, шақ-шақ еткен өкілдер көз алдымда. Сүйретпе шанамен балшыққа қосатын сабан тасып, ыстық күнде тілі салақтаған өгіз­дер, емшектегі балаларын көлеңкеге жатқызып қойып, кесек құйып жүрген әйелдер көз алдымда. Мезгілімен ембей, шыр-шыр етіп жылаған жас сәбилер менің көз алдымда.

Соның бәрі не үшін? Қарға-құзғынға қонақтап отыратын жар жасап беру үшін бе? Текестің жары да солар­ға жететін еді ғой.

Айтпақшы, бітпей қалған сол көп жаңа үйдің біреуі ғана пайдаға асты.

Қостөбеде Ауғанбай дейтін бала-шағасы мол, кірме біреу бар-ды. Әлгінің меншікті тамы болмайтын да, әркімнің шаңырағын бір паналай, күн көретін. Қысқа қарай Ауғанбай кесектен қаланған еңселі үйдің шеткі біреуісін өз күшімен жабады да, кіріп алады. Ауғанбай бұрын орыс арасында болған, үй салудың жөн-жосығын білетін адам екен. Үйіне биік есік, үлкен терезелер орнатады. Іші, сыртын әдемілеп сылап, әктейді. Сонымен, Қостөбедегі ең биік, ең көрнекті үй Ауғанбайдың үйі болады да шығады.

Және оның тұрған орны қандай? Киікбай мен Найза ауылының қақ ортасында, оқшау. Төңірегі тап-таза көгал жазық. Бұрқыраған шаң, бықыған көң-қоқырдан оңаша.

Нарынқол жақтан келе жатқан адамға әуелі Қос­төбеде бірінші боп жарқырап Ауғанбай үйі көрінеді. Ауылдағы ең тәуір үй, әдетте, не кеңсе, не мектеп. Қостөбеге тосын келетін жолаушының көбі кеңсе екен деп, енді Ауғанбай үйіне түсіп, шатаса бастайды.

Сөйтсе, кеңсе емес. Бықыған жас бала, бықсып жан­ған от. Ауғанбайдың әйелі балабасты салақтау адам.

– Өй, кеңсе қайда? – дейді таңырқаған жолаушы.

– Кеңсе ана ауылда!

Шатасып жөн сұраушылардан Ауғанбай балалары біраздан соң мезі бола бастайды. Енді осы үйге беттеп келе жатқан тосын адам көрсе-ақ алдынан жүгіріп шығып:

– Кеңсе ана ауылда! – деп, айқай салуды олар әдетке айналдырады.Шайтан екен деп қалсамМенің ертеңді-кеш үйде, жас жеңгемнің қасында күзет болып отыруым Бәзілге ұнамаған тәрізді. Бір күні ол маған:

– Шөпке барасың, шөмеленің атына мінесің, – деді. Шөп ору – астық ору секілді ол-дағы қарбалас науқан. Шабындық ауыл маңынан алысырақ болады. Шөп орағында істейтіндер сонда түнеп, сонда тамақтанады. Бәзе­кең менің көзімді ауылдан жойғалы отыр.

Қарсыласар менде шама жоқ. Бригадирге мінгестім де, кете бардым.

Текестің арғы өңірі тоғайлы алқап, саздауыт. Шөбі қалың. Шөп машина еркіндеп жүре алмайды. Шөпті жігіт­тер тоғай арасындағы алаң-алаңнан шалғымен ша­бады. Мая салатын жерге шөмелені арқанға орап, атпен­ сүйреп жеткізеді.

Атқа бала мінеді, ол – мен.

Мая салушы Жылқыбай, менің ескі «досым».

Ортақазан Текестің бергі солтүстік қабағында, әрі биік, әрі ашық тақыр жазықта. Тоғай арасында маса көп, бұл арада аз.

Күлімбала енді үйде күндіз де, түнде де жалғыз өзі.

Түнде мен қоста жатып, жөндеп ұйықтай аямаймын. Үйдегі жас жеңгемді ойлаймын. Көзім ілініп кетсе,­ жа­ман түстер көрем. Түсімде Бәзілді көрем. Әне, ол шы­лымды бұрқ-бұрк сорып, жеңгемнің кереуетінің үс­тінде отыр, Күлімбала қасында. Ол да шылым шегіп отыр. Екеуі сықылықтап күле ме-ау. Бірін-бірі құшақтап, бірінің аузына бірі түтін үрлеп, ойнай ма-ау. Мен төр алдында өтірік ұйықтаған болып жатыр екенмін деймін.

Мен енді шыдамаймын. Айқай салып, тұра ұмтылғанда өз даусымнан өзім оянып кетем. Сөйтсем қос басында жатырмын. Қасымдағы адамдар қоса оянады. Жылқыбай маған зекіп ұрса бастайды: «Не көрінді ей? Бірдеңе басып жатыр ма? Осы неменің дені сау емес қой деймін!».

Менің шошып оянуымды әркім әр саққа жориды.

– Шешесі түсіне кіретін шығар, – дейді біреулер.

– Етпетінен жатып, бастырылып қалған ғой, – дейді екіншілер.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий