Knigionline.co » Казахские книги » Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев

Книга «Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Для того, чтобы столкнуться с масштабной темой, пронизанной реалистичной и картиной, и детской наивностью, необходимо прочитать произведение казахского писателя-классика Б. Сокпакбаева. Таким произведением является повесть «Путешествие в детство».

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев читать онлайн бесплатно полную версию книги

Тоқтаңыз! Төбе жақты байқап алмай, ілгері қарай баспаңыз. Ондай ағаттық істесеңіз, өкінесіз. Кәне, жоғарыға қараңызшы! Белағаштың қуыс-қуысына, төбені жапқан сырғауыл мен талға жыпырлатып іліп тастаған, сүмеленіп шаң басқан мынау нәрселердің бәрі-бәрі де қа­жет заттар. Қажет болмаса да атам қажет деп, тастамай іліп қойған. Ескі бесік, ескі ердің күмістеген жүген-құйысқаны, аузы салпиған ескі бәтеңке, ескі пиманың қонышы, тот басқан көсеу темір, сынық шалғы, сапсыз орақ...

Жоқ, бұл бөлме қойма ғана емес. Сембай әулетінің бәз заманнан бері пайдаланған көне заттарын сақтайтын музей тәрізді. Осындағы әр бұйым – әр заманның куәсі, көзі есепті.

– Ата, анау бесік қашан жасалған? – деп, сұраңызшы.­

– Әкемнен қалған бесік, – деп жауап береді Сембай атам.

Сонда бұл бесікте, ең бері болғанда, үш ұрпақтың бала-шағасы тербеліп өскен.

– Ал мынау қамшы ше?

– Жігіт кезімде Бөпкені аларда осы қамшыны ұстап барған едім.

– Ал мынау ескі күміс белбеу?

– Бұл әкемнің әкесінің белбеуі екен. Қайын атасы зергер адам болып, оған оны сол сыйласа керек.

Қаңсыған көне заттардың әрқайсысының осындай әріге кетіп жатқан тарихы бар.Қапасқа қамалғанымКүнде кешқұрым, өрістен мал қайтатын кезде, бала-шаға табынның алдынан шығамыз. Жан сақтап отырған­ бір-бір сиырымызды тосып алып, үйге айдап келеміз. Әдетте, ала сиырды қарсы алуға Рамазан екеуміз шығатын едік. Бір күні, Рамазан сырқаттанып қалды ма, есімде жоқ, қолыма жіңішке бір шыбықты ұстай салып,­ дағды болған қызметіме мен жалғыз кеттім.

Табын Сүмбенің сайының ішіне жайылады. Қарындары шеңбірек атып тойынған мама сиырлар қара жолдың бойымен шұбап келе жатыр. Бұзауын сағынған кейбір шыдамсыз құнажындар жіңішке даусымен өңешін соза мөңіреп, мен келе жатырмын деп, хабар беріп қояды.

Біздің жасамыс ала сиыр өзін маңғаз ұстайды, жөн-жосықсыз мөңіремейді. Әне, ол екеуміз бірімізді-біріміз алыстан таныдық. Маған келе жатырсың-ау дегендей ала сиыр алдыма түсіп, айдалуға бейімделе берді.

Жалаңаш аяғыммен жолдың май шаңын бұрқ-бұрқ кешіп, қаннен-қаперсіз сиырдың соңында келе жатырмын. Қай жермен қалай жүріп отыруды ала сиыр өзі біледі.

Жолда колхоздың ат қорасы бар. Сол араға келгенде, кенет, ағаштан мылтық, қылыш асынып, жасанып алған үш бала жау көргендей еліріп, қалқадан уралап шыға келді. Үшеудің бірі менің ескі жауым Баймырза. Бұлар мені анадайдан көріп, бұғынып тосып тұрған.

Қарақшылар жолымды бөгеп, қоршап алды. Кеуде­лерімен қағып, қылыштарын көтере ұстап, қоқаң-қо­қаң етеді. Баймырза бұйырып:

– Қайт кейін, – деді.

– Неге?

– Біздің көшемен неге жүресің? Ана өз көшеңмен жүр.

Шатақ іздеген Баймырзаға бұл тек сылтау ғана. Жі­гітті намыс өлтіреді. Жалғыз бола тұрсам да айбарымды­ сақтауға тырысамын:

– Сенің әкең салған көше ме?

– Қайт деген соң қайт!

– Қайтпаймын!

Баймырза мен оның нөкерлері енді сөзден іске көш­ті. Көкірегімнен итеріп, тықсырып, күш көрсете бастады. Баймырза кеудемнен бір түйіп қалса, мен де бір түйіп қалам. Ол екі түйсе, мен де екі түйем. Түйген олай емес, бұлай деп, есемді жібермеуге тырысам.

Жерде жұдырықтай тас жатыр екен. Соны тез ең­кейіп, іліп алдым. Ал бәлем, енді мен-дағы құр қол емеспін. Аналар қылыштарымен ұратын болса, мен бас, көз демей таспен ұруға дайынмын.

– Ал ұра ғой, – деп, Баймырза кеудесін алдыма тосып, қасқая қарайды.

– Сен ұр!

– Жоқ, сен ұр!

– Сен ұрсаң, мен де ұрам!

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий