Knigionline.co » Казахские книги » Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев

Книга «Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Для того, чтобы столкнуться с масштабной темой, пронизанной реалистичной и картиной, и детской наивностью, необходимо прочитать произведение казахского писателя-классика Б. Сокпакбаева. Таким произведением является повесть «Путешествие в детство».

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев читать онлайн бесплатно полную версию книги

Кейде шошып оянған соң, қасақана, әлдененің шалығы тиген тәрізденіп бақырып жылай берем. Қос басындағыларды дүрліктіріп түгел оятам. Талайға дейін жұбанбай, әлек қыламын. «Не болды? Не түс көр­-

дің?­ Айт­­шы?». Мен ештеңе де айтпаймын, үйге барам деймін.

Түсіме шешем кіретіні ол да рас.

Өсти-өсти мен, шынында да, ауру бола бастадым. Бірден елге қатты ренжісем, ашулансам, етім қызып шыға келеді. Екі шекем солқылдап, басым ауырып, жа­тып қаламын. Бұндай кезде дүниенің бәрінен безер болам. Нәр татып алмаймын. Айқай-шуды жақтырмаймын, тек өлі тыныштықты қалаймын. Басымды таңып алып, жатқанды білем. Не ұйықтап тұрсам, не құссам, сонда тәуір болам. Жұрт енді мені:

– Бұның басының сақинасы бар, – дейтін болды.

Күнде түсте тамақтануға Текестің суынан өтіп, Орта­қазанға келетінбіз.

Ортақазан маса аз, дөңес жерге тігілген оқшау киіз үй. Мұқамедидің Қант дейтін әйелі тамақ жасайды. Танертең шай, кеште шай. Түсте кейде шай, кейде тал­қан көже.

Оқта-текте өлген малдың еті келіп қалады. Тартқы­ласаң тіс өтпейтін көкжасық шандыр.

Бір күні, әдеттегіше түскі үзіліске шықтық. Аттылы-жаяулы шұбап, Текестің арғы бетіндегі ортақазанға­ келе жатырмыз. Мәссаған, безгелдек! Тоғайдың ішін қаптаған су басып кеткен. Көктен түскен су емес, әри­не.­ Шілденің нағыз ыстық кезінде тау басындағы қар ақыл-тегіл ериді де, Текеске құяды. Әншейінде моп-мо­­мақан болып жататын Текес өстіп шарасынан асып тасиды.

Бүгін күн ерекше ыстық болған еді. Соған орай Текестің тасуы да сойқан екен. Судың түсі қызыл кү­рең­деніп өзгеріп кеткен. Тоғай ішіндегі су мұнша болғанда, Текестің өз арнасынан дәл қазір көлік өтіп болмайды. Атты да, адамды да жаңқа құрлы көрмей, ағы­зып әкетеді.

Шөпшілер Ортақазанға бара алмай, каңтарылып тұрмыз. Не істеу керек? Көпір төмен Қостөбенің тұсында. Көпір айналып баруға тым алыс.

Маяшы төрт адам. Шөмеле сатушы төрт-бес әйел және бар. Бәріміз он шақтымыз.

– Мен барып, тамақ әкелейін. Судан өте ала-

мын, – дедім.

– Қалай өтесің?

– Жүзіп өтем. Жұрт жамырап кетті: «Қой! Сумен ойнама! Ағып өлесің», – дейді бірулер. Біреулер: «Өлгің келсе, бара ғой», – дейді. Үшіншілер: «Бұл өлмейді. Текестің суы арық емес пе, Бердібек балық емес пе деп, бекер айтылды деймісің. Барасың», – дейді.

Мен баратын болдым.

Тоғайдағы судың біраз жеріне дейін атпен кешіп келдім. Әрмен қарай терең, жұмыстан қажып жүрген арық атқа сену қиын. Атты сол арада қалдырмақ болдым. Бар киімімді шешіп, ердің үстіне байладым. Енді, міне, тыр жалаңашпын. Труси менде жоқ-ты. Шалбармен жүзе алмайсың.

Тоғай ішіндегі судың өзі көкірегімнен келеді.

Монтиып жататын Текес көк долы дарияға айналған. Жүрексініп біраз қарап тұрдым да, қойып кеттім. Құлаштай жүзіп келем. Өзіме өзім сенем.

Ағын күндегіден қатты, маған ырық бергісі келмейді.

Жаға жақын. Міне, қолым ілінді.

Тыр жалаңаш болып жағада тұрмын. Ар жағымда жүз метрдей жерде киіз үй. Ортақазан. Онда қазір тым-тырыс. Судың бұ жақ бетінде істейтін басқа шөпшілер тамақтанып, тарап кеткен.

Не істеймін? Тапайдың тал түсінде тыр жалаңаш қалай барам?

Бармай және болмайды.

Киіз үйге қарай жүгіріп келем. Кім болса, сол болсын, үйге тез кіріп, қолыма іліккен киім, бірдеңемен тәнімді бүркей қалмақпын. Есік түсірулі, тым-тырыс. Үйге жақындап қалдым.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий