Knigionline.co » Казахские книги » Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев

Книга «Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Для того, чтобы столкнуться с масштабной темой, пронизанной реалистичной и картиной, и детской наивностью, необходимо прочитать произведение казахского писателя-классика Б. Сокпакбаева. Таким произведением является повесть «Путешествие в детство».

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев читать онлайн бесплатно полную версию книги

Кенет, киіз үйдің есігі жалбаң етіп ашылды да, қо­лында тегеші бар Қант шыға келді. Ол үйде жалғыз екен. Тыр жалаңаш жүгіріп келе жатқан мені көріп, шайтан көргендей баж ете қалсын! Қолындағы қамыр салған тегеш құлап қалды. Менің бөгеліп, түсінісіп жа­туға уақытым жоқ. Тоқтамастан үйге зып беріп, кірдім де кеттім. Керегенің көгінде Мұқамедидің ұзын шекпе­ні ілулі тұр екен. Үстіме соны жамылып, далаға қайта шық­сам, Қант жоқ. Сөйтсем жаулығының ұшы желбең-желбең етіп, анадайда безіп барады.

– Қант! Қайда зытып барасың? Бұл мен ғой! Қант сенбегендей таңырқап қарап қалыпты.

Ақыры таныды. Уһлеп, бырбық қолымен жүрегін ұстай береді:

– Ой, қу шешек! Тырдай боп жүгіріп келе жатқан­ға, қайдан білейін. Шайтан екен деп қалдым.

Мен күлкіге қарық болып жатырмын.

Бірер шыны ыстық шай ішіп, әлденіп алдым. Енді ар жақтағы шөпшілерге тамақ алып қайтуым керек. Қа­занға қарып пісірілген үлкен бір жаппа нан берді Қант.

– Бұны қалай әкетесің?

– Бір шүберек бер, соған орап, арқама байлап алам.

Қанттың үлкен қызыл шыт дастарқаны бар екен. қинала тұрып, әрең дегенде соны берді. Дастарқаным ағып кетіп жүрмесін деп, таптап айта берді. Байқа, су жаман, өзің ағып кетіп жүрме демейді.

Су бойына дейін Мұқамедидің шекпенін жамылып келдім. Қант анадайда қарап тұр. Нанды арқама кел­тіріп, дастарқанды мойныма байлап жатырмын.

Шекпенді сыпырып тастап, суға қойып кеттім. Жо­тамдағы нан су болмас үшін кеудемді, мүмкін болғанша,­ көтере малтуға тырысам.

Шөпшілер риза болып, қаужаңдасып қалды. Төбемнен төгіліп жатқан мақтау сөздер қаншама!Көне заттар музейіТөртінші оқымаққа тағы да Сүмбеге келдім.

Нағашым үйі бұрынғы тамда емес. Ол арадан көшіп, басқа тамға кірген. Бүлкең-бүлкең еткен көп қара көк қоян бар емес пе? Ескі үйдің түбіне солар жеткен екен. Іргеден үңгіп қазып алған қалың іннің бірінен бір күні түн ішінде сарқырап су кіре бастайды. Төр алдында жат­қандар дүркіреп, шошып оянады. Шам жағып қарайды. Сөйтсе, коянекең інді қаза-қаза, үйдің сыртындағы су ағып жатқан арыққа жеткен екен. Арықтағы су үйге қарай лап қойған.

Онсыз да асты шылқып жатқан су там енді тұруға жарамсыз боп қалған.

Осыдан соң атам қоян атаулының бәрінің басын кесіпті. Енді қоян асырасам, екі көзім желкеме бітсін деп, ант ішіп отыр.

Нағашымдар отырған қазіргі үй де бұрынғы үй секілді үш бұлың қоржынға ұқсас. Бір бөлмеде өздері тұрады, ортаңғы бөлмеде ас дайындалады. Кітап бе­тіндей ғана ойық терезесі бар соған жалғас үшінші бөл­ме – қойма. Онда әр алуан зат сақталады.

О, бұл бөлмеде жоқ нәрсе жоқ!

Қап-қап арпа, бидай, қыста жағатын отын (қурай, тезек) сонау көшпенділік заманда баспана еткен киіз үйдің уық, керегелері, киіздері. Ескі ер-тұрман, т.т. Қыс­қасы, бұл бөлмеде не зат бар екенін түгел санап шығу мүмкін емес.

Одан да сіз кіріңіз де, өз көзіңізбен көріңіз.

Мынау үңірейген үлкен қуыс – есік. Төбеңізді соғып алмай, еңкейіп, байқап өтіңіз. Жарық бұл бөлмеге кітап бетіндей ойық терезеден емес, негізінде, осы есік­тен түседі. Сыртқы есік жабық болса, бұнда тас қараңғы. Сырт есік ашық болса, осындай алакеугім.

Қапа болмай, аз ғана сабыр етіңіз. Кім де болса, көзі үйреніп болғанша өстеді – ештеңе байқай алмайды. Әне, енді көріне бастады. Анау бұрыштағы текшелеп жинал­ған зат – тезек. Оған қатарлас қаттап тізіп тастаған қалың бау – ши-қурай. Бұның бәрі Бөпке апамның қыста жағу үшін тасып жинай берген отын қоры. Анау үйіліп жатқандар әлгі айтқан киіз үйдің ағаш, киіз­дері. Мынау үлкен фанера жәшікте ұн сақталады. Анау кішірек жәшікте кебек, кебектің іші толы жұмыртқа.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий