Knigionline.co » Казахские книги » Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев

Книга «Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Для того, чтобы столкнуться с масштабной темой, пронизанной реалистичной и картиной, и детской наивностью, необходимо прочитать произведение казахского писателя-классика Б. Сокпакбаева. Таким произведением является повесть «Путешествие в детство».

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев читать онлайн бесплатно полную версию книги

Мен өзімді батыр болуға дайындап жүрген адаммын. Егер патша кезінде әділсіздік заманда тусам, онда революционер болар едім деп ойлаймын. Революционерлер оттан, судан қорықпайды. Айлар, жылдар бо­йына қол-аяғы кісенделіп түрмеде жатады. Аш-жалаңаш болады, неше түрлі қинау көреді. Сонда да дұш­пандарының алдында тізе бүгуді, жалынуды білмейді. Өз де­гендерінен қайтпайды. Өлімді қасқайып, бетіне түкіріп қарсы алады.

Сол үшін де революционерлердің аттары тарихта мәңгі қалады.

Иә, мен патша кезінде тумағаныма өкінемін. Ол кезде тусам, қазір атым тарихта жүреді. Балалар мен туралы оқып, менің ерлік істеріме таңырқасады.

– Неткен батыр адам! – деп, бас шайқасады.

– Неткен қайсар!

– Неткен төзімді!

– Мен, құдай ақында, мұнша азапқа төзбес едім. Шынымды айтқан болар едім, – дейді кейбір жаны тәттілер.

Менің рухым, менің әруағым бүгінгі жас ұрпақтын арасында қызу талас туғызады. Мен оларға кітап бетінен тек күлімсіреп қарағанды білем.

Осы кезде біздің Атымтаев дейтін аға пионер вожатыйымыз бар, қалтаңдаған тарамыс арық қара жігіт. Өз жұмысына жанын салады. Сабақтан тыс уақытта бізге маза тапқызбайды. Күнде таңертең мектепке сабақ басталардан жарты сағат бұрын келеміз. Атымтаев таң асып шыққан атша бізді сылаң ұрып қарсы алады. Мектептің алдындағы ашық алаңға тізіп тұрғызады да, дене шынықтыру жаттығуларын жасатады. Жүгіртеді. Кешігіп қалсаң, немесе келмесең, о, онда ол әкеңді танытады. Мәселеңді пионер жиынында қарайды.

Атымтаев саясатсыз бір ауыз да сөз сөйлемейді.

Пионер жиынында не мәселе қаралмасын, Атымтаев әңгімені І917 жылдан бастайды. Тап тартысы. Ленин, Октябрь революциясы. Барлық сөздің түйіні міне, осыған келіп саяды.

– Патша заманы болса, сен оқу оқымақ түгіл, қой бағып, құл боп жүрер едің. Осыны неге түсінбейсің? Физзарядкаға неге кешігесің? Ұйықтап қаппын деген де сөз бола ма екен? Бұрынғы заман болса, бай сені таң бозарып атысымен оятып, малға қуар еді. Ұйқы қанбау дегеннің не екенін сонда анық, білер едің! – дейді Атымтаев. Енді аз жылда бізден басқа елдерде де революция болады. Капитализм жер бетінен мүлдем құриды деп. Атымтаев күн демей, түн демей құлағымызға сіңі­ру­мен болатын еді. Яғни, революция әлі біткен жоқ.

Революцияның көкесі әлі алда! Ол дүние жүзілік пролетариат революциясы. Мен, тым құрыса, соған қатыссам деп армандаймын. Осыған іштей дайындалып жүрген адаммын.

Қораптың астында жатып, өзімді өзім сынаймын. Қиыншылыққа төзе алам ба, төзе аямаймын ба? Мына тар қуыс патшаның түрмесі болсын.

Мен батыр революционермін. Ал, Баймырзалар мені азаптаушы жендеттер.

Мен оларға ешуақытта да жалынбақшы емеспін. Өздері босатпаса, қыңқ деместен жата берем.

Бір күн түгіл, бір ай жатсам да шыдаймын.

Қайта олар келмесе екен, босатпаса екен деп ті­-

лей­мін. Өйткені талайдан көксеген арманына жеткен адаммын.

Күн кешкіріп, қараңғы тартып барады.

Бір кезде біреудің келе жатқан дыбысы естіледі. Сөйт­сем, Қасымқан екен. Менің қамауға түсіп қалғанымды жендеттер өздері айтқан.

Қасымқан оларды боқтай жүріп, мені түрмеден босатып алды. Өзімді өзім ақырына дейін сынап көруге мүмкіндік болмай қалды.Өлем-ау, өлем!Баймырзаның ызасы әбден өтіп бітті. Бір емес, екі емес, үш рет ол маған білгенін істеді.

Бірінші рет осы мектепке алғаш келген күні шал­қамнан омақастыра жығып, миымды аузыма түсіре жаздады ма? Жаздады. Екінші рет қыруар ақшаға сатып алған жібек белбеуімді шашағын кесіп, істен шығарды ма? Шығарды. Үшінші рет, бүгінгі істеп отырған ісі және мынау.

Күнбе күн ол екеуміздің арамызда талай болып тұратын ұсақ-түйек теке тірестер бұл есепке кірмейді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий