Knigionline.co » Казахские книги » Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев

Книга «Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Для того, чтобы столкнуться с масштабной темой, пронизанной реалистичной и картиной, и детской наивностью, необходимо прочитать произведение казахского писателя-классика Б. Сокпакбаева. Таким произведением является повесть «Путешествие в детство».

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев читать онлайн бесплатно полную версию книги

Іргебайдың шекесін оқ сызып кеткен, болар-болмас қан шығады. Қолына жұққан қанды көріп, дереу жылап жіберді.

– Өй, неге жылайсың?

– Өлем-ау, өлем! – дейді Іргебай.

– Осыған да кісі өле ме екен?

– Оқ тиген адам өлмегенде...

Іргебай жылап-жылап басылды. Сірә, өлмесіне көзі жетсе керек. Бірақ оның есесіне:

– Мен саған нөкер болмаймын! – деп, үзілді-кесілді бас тартты.Жол үстіндегі кездесу– Алматыдан оқудан ағаң кепті. Саған бастан-аяқ жаңа киімдер әкепті! – деген, мен үшін дүниеде теңдесі жоқ, қуанышты хабар жетті. Өзімді қоярға жер таппадым. Қостөбе қайдасың деп, жаяу тартып жөнелдім.

Қол көтерсең, бірі болмаса бірі тоқтай қалатын қазіргідей машинаның ағылып жатқан кезі емес. Арба­ның өзі сирек. Даланың төсін шұбалып тіліп өткен шаң­дауыт қара жолға түсіп ап, жалаң аяқ тартып келем.

Бастан-аяқ жаңа киімдер... Не киімдер екенін тез барып көргенше ынтықпын. Үстімдегі мынау жаман салабалардан құтылатын, маған да жаңа киімдер киетін заман болады екен-ау.

Мектепке бармаған кезім. Шешем қызыл ала шыттан қолмен көктеп, жейде тігіп берген. Соны киіп, қуа­нып, көршілерден байғазы сұрап жүрмін. Жанбосын кездесе кетті. Менің мақтаныш еткен жейдемді нұсқап:

– Қызтеке, қызтеке! – деп келеке ете бастады. Мен әуелі түсінбедім. Сөйтсем, қызылды тек қыздар киеді, сен енді қызсың деген сөзі екен.

Мақтанудың орнына, сосын, қорланатын болдым.

Ескі былғары етіктің қонышын бастатып, аяғыма шапшақ етік тіккізіп берген. Әлгіні киіп, құр ат мін­гендей жетісіп қуанған едім. Жас кезімнен осы екі уақи­ға менің есімде қалыпты.

Бұдан басқа жаңа киім киіп қуанғанымды біле қоймаймын.

Сөйтіп, Қостөбеге жаяу келе жатырмын.

Бұл, сірә, октябрьдің іші болуға керек. Аспан сол күні құбылыңқы. Жентек-жентек түсі суық сұр бұлт­тар шығысқа қарай ауыр сырғып көшуде. Бұлт қарасы біртін-біртін қалыңдай түсетін тәрізді. Менің бет алдымнан ызбар жел соғады, омырауымнан кірген жел қоиын-қолтығымды аралап, денемді тітіретіп өтеді.

Қара сұр бұлттар әрі түнеріп, әрі төмендеп келеді. Әне, тысырлап тамшы тама бастады.

Мен бұл кезде Сүмбе мен Ұштың дәл екі арасында қара моланың желкесінде келе жатырмын. Айдала. Жолдың асты-үсті құлазыған аңыз. Жаңбырдың тысырлауы жиілей бастады. Құлағымды, маңдайымды тамшылар сап-салқын болып шертіп-шертіп өтті. Бір тамшы тәмпіш мұрнымның ұшына тиді.

Жаңбыр лезде нөсерге айнала бастады. Үдеп, көп жауатын түрі бар. Не істерімді білмеймін, жақын маңда жүгіріп барып, бас сауғалар пана жоқ.

Не болса да көндім.

Нөсер де ештеңе емес екен. Тамшы орнына аспаннан бармақтай-бармақтай бұршақ түсе бастады. Нағыз масқара енді болды. Түйе құмалағындай көксоқта шымыр бұршақтар жерді түтіп, тесіп жібере жаздайды. Бас киімсіз шекеге дөң ете қалуы таспен ұрғаннан бір кем емес. Бешпентімнің жағасын екі қолдап созып, құлақтарымды бүркеймін. Тақырайған төбем сонда да ашық, бұршақ екіленіп төбеме, қолымның сыртына келіп соғы­лады. Қолы қатты біреу аямай шертіп жібергендей тыз еткізеді.

Бұл да ештеңе емес екен. Келесі бірнеше минуттың­ ішінде жер беті бұршақтан аппақ ақ қарға айналды. Жалаң аяқпын ғой! Енді қалай жүрем? Қар-бұршақтың­ суықтығы мұздай, табанымды қарып, өлтіріп барады, ызғары шекемнен шығады.

Ақ көрпесін жерге төсеп тастады да, бұршақ басыла­ қалды. Селдіреген сұйық бұлттың арасынан жарқыраған күн көрінді. Одан маған не пайда? Жол шетіндегі биік бір шидің ық жақ тасасында алақандай қара жерде бүрісіп, жан сауғалап тұрмын. Дүниені сел алғанда бір түйір томарға шығып аман қалған қоян тәріздімін. Енді мына жолмен кім өтер екен? Мені мына ауыр халден кім құтқарар екен?

Егер ешкім кезікпесе, қашан бұршақ еріп, жол қарайғанша өстіп тұра бергеннен өзге лаж жоқ.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий