Knigionline.co » Казахские книги » Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев

Книга «Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Для того, чтобы столкнуться с масштабной темой, пронизанной реалистичной и картиной, и детской наивностью, необходимо прочитать произведение казахского писателя-классика Б. Сокпакбаева. Таким произведением является повесть «Путешествие в детство».

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев читать онлайн бесплатно полную версию книги

Көзге шыққан сүйелдей елден ерек оғаш боп кел­генімді мен дағы анық байқадым. Оғаш түгіл, тіпті ұят екен. Өмірі киім киіп жарымаған сорлы екенімді бұдан артық әшкерелей қоймаспын, сірә да. Бір өзім екі адамның орнын алып, аяқтарым жөнді бүгілмей, әрең отырып жатырмын. – Киімдерін жұртқа көрсетіп, мақтанайын дегені ғой! – дейді біреулер. Солай екенін ел түгел біліп отыр.

Қысыла бастадым.

Жерге дастарқан жайылған, бауырсақ төгілген. Енді ыстық шай құйыла бастады. Шай құюшы келіншектер маған қарап, мырс-мырс күледі:

– Мына Қағазбайдың жиеніне қайдағы қыс келген?­

– Қарағым, үйде тағы да кимеген киімің қалды ма?

– Баланы мүйіздей бермей, қойсаңдаршы. Аяқ ­астынан қар борап, күн суытып кетсе, үйіне қалай жетпек!­

Қатындардың тілдері тікеннен де жаман, пісіп-пісіп алады.

Қалың киімнің пысынатуы, ұялып-қызаруым бәрі араласып, жазамды бере бастады. Терлеп кеттім, ба­уырсақтан емін-еркін еңкейіп, алып жей де алмаймын. Есем кетіп барады. Ыстық шайдан ұрттасам, одан бетер терлеймін. Менен басқалар жайылымға шыққан сиырларша жапырып барады.

Мен адам емеспін, буып қойған теңмін.

Ақымақ болғанымды ойлап, қысылған сайын тер анан да, мынан да сорғалап, еркін кетті. Моншада, ыстық буда отырғандаймын. Тер арқамнан, шашымның ара-арасынан жорғалап, жыбырлап шыққаны өзіме ап-анық білінеді. Сүртінейін десем, орамал жоқ. Менің қалтама өмірі орамал бітіп көрген бе!

Терімді алақаныммен сүртем де, жамбасыма сүйкеймін.

Мұрын... Мынау кішкентай тәмпіш мұрын бұл-дағы нағыз оңбаған зат. Осындай жаның қысылған кезде өзіне-өзі бекем болуды білмейді, бір винті босайды да кетеді... Мұрынмен, термен алысып отырып, енді ас алып көр!

Қазір менде бір ғана арман бар, ол – бәрін қойып, тезірек сыртқа шығып жөнелу. Бірақ оған жол жоқ. Тым құрса, есік жаққа, шетке де отырмаппын. Сығылысқан балалардың ортасына түсіп қалғам. Алдым дас­тарқан, артым үй қабырғасы, қозғала алмаймын.

Басымды кегжитіп тік ұстап, мұрнымды пыш-пыш тарта берем. Сәл еңкейсем, танаудың ішіндегі мүлікке ие бола алмай қалатындаймын...

Өлдім-талдым дегенде шықтым-ау сыртқа! Бұрышты айнала беріп, зыңқ еткізіп, мұрнымды босаттым. Пальтомның түймелерін ағытып, кеудемді самал желге­ тосып, жан шақырып жатырмын. Бүйткен жаңа киім­дері құрып қалсын! Көрмеген азабымды көрсетті, өмірі естен кетпес халге душар етті. Бір қызықтың бір шыжығы болады деген осы екен.АрбасуКісі үйі қанша жақсы болғанмен адамның өз үйін­дей болмайды екен. Өз үй, өлең төсегім-ай деп, бекер айтпаған ғой. Шаңырақтың басқалығы көңілге көлең­кесін түсіреді де тұрады.

Оқудан қарнымыз ашып келеді, әрине. Зәуре жеңешем Рамазан екеумізге нан үзіп береді. Маған аздау, оған көптеу етіп үзіп беретін тәрізді. Көже құйғанда, Рамазанға шелектің түбінен алып, қоюырақ, маған сұйы­ғырақ құятын тәрізді. Осының бәрі дық болып ішіме жинала береді. Ақымақтық десеңші.

Жарайды, солай-ақ болсын. Мейірбан ана жүрегі іштен шыққан шұбар жыланына бұрып-ақ тұрсын. Бұл заңды емес пе? Өз баласына бүйірі бұрмайтын пенде бола ма? Бұл үшін ішіме арамдық жинап бұртыюға менің қандай қақым бар? Соншама кінәмшіл болатындай мен бұларға немді өткізіп қойыппын? Қайт, кет әрі демей, ауырсынбай пана болғандары үшін мың да бір рақметімді айтуға тиіс емеспін бе? Бергендерін ішіп-жеп, жарқылдап жүре беру парыз емес пе маған? Жоқ, бұл ойдың бір де бірі менің ақымақ басыма жоламайды.­ Әлгіндей ұсақ-түйекке кінәмшыл болуым сыздауықша ісініп, асқына береді. Анда-санда Қостөбеге келгенде нағашым үйін жамандап сөйлейтін әдет таптым. Мені өз балаларымен тең көрмейді, алалап қарайды, т.т. Жаман иттің басын алтын табаққа салсаң, шоршып түседі секілді, менің бұным, нағыз есірік екен.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий