Knigionline.co » Казахские книги » Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев

Книга «Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Для того, чтобы столкнуться с масштабной темой, пронизанной реалистичной и картиной, и детской наивностью, необходимо прочитать произведение казахского писателя-классика Б. Сокпакбаева. Таким произведением является повесть «Путешествие в детство».

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев читать онлайн бесплатно полную версию книги

Сарыбастаудағы күнім ұмыт болды. Есімді жинап алдым да, енді дандайси бастадым. Өз балаларыңмен бір­дей, тіпті олардан гөрі де тәуір жағдай жасамасаңдар­ кетем дегендей қыр көрсететін болдым.

Қайда кетпекпін?

Сүмбеде, «Үлгілі» колхозында менің аталас әпкем Ты­нымжан тұрады. Күйеуі Әлғожа колхоз предсе­да­те­лі. Тынымжан осыдан екі-үш жыл бұрын түскен үлбіре­ген жас келіншек. Әрі сұлу, әрі мырза. Одан он-он бес жастай ересек күйеуі Тынымжанды әлпештеп ұстайды.­

Тынымжанның мырзалығы сонша, тамақты құс тө­сектен түспей отырып ішеді, отын-суға араласуды біл­мейді. Шешесі Әлипа қолында, тамақты сол жасайды.

Тынымжанды бауыр тартып мен бұл үйге келіп тұ­рам. Дастарқаны мол, дәмді ішіп, дәмді жейді. Тынымжан әрі мейірбан, әрі ақ көңіл адам. Келген сайын құ­шағын жайып қарсы алады, мейлінше тойғызып жібе­реді. Басқа сыйдың маған керегі жоқ.

Нағашым үйінен кетсем, осы Тынымжан үйінде жүрсем деп, арман етем.

Бірақ жайдан жай кете салу ыңғайсыз, сылтау керек. Шіркін, бір сылтау табылса!

Қыс.

Сүмбенің солтүстік-батыс жағы биік қырқа, шаңғы­мен сырғанақ тебуге қолайлы. Базарда шаңғы табылмайды, дүкенде сатылмайды. Кәдімгі қазақ үйдің уығын екі-екіден қабаттап шегелеп, қолдан шаңғы жасап аламыз.

Атамның көне заттар музейінде бір бума уық жатқанын оқушы біледі. Рамазан екеуміз содан ептеп жым­қырмақшы болдық. Екі уықты суырып алып, енді үшіншісін тартқылап жатқан кезде атам кіріп келіп қалсын.

Рамазан бұрын көрген екен, періп ұрып жөнелді. Құтылып кетті. Мен сасқалақтап, қаша алмай, қолға түсіп қалдым. Қылмыс үстінде ұсталған соң аяу болсын­ ба? Атам зірк-зірк етіп, құлағымды шытырлатып соза бастады. Пәле алдымен менен шығатынын ол біледі.

Құлағым мүлдем жұлынған адамша қоймадан еңі­реп шықтым. Енді бітті, бұндай нағашыдан бездім. Бұл қорлыққа шыдағанша қаңғып жөнелгенім артық дедім де, үйге кіріп, кітап-қағаздарымды жинай бастадым. Нағашым үйінен кетудің сылтауы әдемі табылғанға ішімнен қуанышты едім.

«Үлгілі» колхозы сол көшенің бойында, төмен жақта. Аяғым қаздаң-қаздаң етіп Тынымжан үйіне келе жатырмын.

Осылайша, менің Тынымжан үйіндегі өмірім ­басталды.

Тынымжанның шешесі Әлипа пысық, ақ сұр кем­пір. Қарсыдағы ас үйде бөлек жатып, бөлек тұрады. Бұрын анда-санда келгенде ол мені жаман қарсы алмайтын. Пәлендей мен үріккендей қатымыр мінез көр­сетпейтін. Сөйтсем, оның бәрі белгілі бір шекке дейін ғана екен.

Едірейген сары мұрты бар Әлғожа әрі табыскер, әрі сері жігіт. Үйінен конақ үзілмейді. Күн ара мал сойылып, тегеш-тегеш бауырсақ қуырылып жатады. Соншама көл-көсір мол дастарқаннан Әлипаның аңдыған-баққаны енді менің ішіп-жегенім бола бастады.

Мен таңертең оқимын, сондықтан ерте тұрам. Әли­па менен де ерте тұрады. Ақ шайнекпен бір шайнек шай ысытады. Кешеден қалған, дастарқандағы көп тураулы нанның тілдей екі жапырағын бөлектеп алдыма қояды. Тақ-тұқ боп, тойыңқырамай қалам. Тағы сұрауға ұялам.

Түсте үйге ішімде ит қыңсылап әрең жетем. Жалпы­ дастарқанның үстіне түссем, онда еркімше ішіп-жей­мін. Әйтпесе, Әлипа маған тағы да тамақты бөлектеп беріп, жарытпай қатырады.

Кеште бұл үй қонақсыз болмайды, әсте, ет асылады. Ауыл белсенділері жиналып, арақ ішіп, қарта ойнайды. Дүкенде спирт көп, су қосып, спирт ішеді. Жарты стақанды қылқылдатып бір-ақ жұтады да, көздерін тарс жұмып, мұрындарын нанмен бітеп, тым-тырыс оты­рып қалады. Қиналғаны ма, жоқ әлде рақат тапқаны­ ма, маған түсініксіз.

Босаған бөтелкелер төсектің астында мастарша қылжиып-қылжиып жатады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий