Knigionline.co » Казахские книги » Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев

Книга «Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Для того, чтобы столкнуться с масштабной темой, пронизанной реалистичной и картиной, и детской наивностью, необходимо прочитать произведение казахского писателя-классика Б. Сокпакбаева. Таким произведением является повесть «Путешествие в детство».

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев читать онлайн бесплатно полную версию книги

Өмірі киім киіп жарымаған, базар киімін иығына да іліп көрмеген мен байғұста қуанғаннан ес қалмады. Пальтоны да, малақайды да, пиманы да (әрине калошы­мен) киіп алып, былай-былай жүріп қараймын. Жаңа киімнің аты жаңа киім, үстіме қонымы да, денеме сезі­нуі де мүлдем бөлек. Айнаға қарап, өзімді өзім танымай­ қалғандай болам. Иә, адам көркі шүберек, ағаш көркі жапырақ деп, бекер айтылмаған. Күндегі жарбиған жаман емеспін, сүйкімді әп-әдемі болып шыға келгем.

Шіркін-ай, дәл қазір далада қыс болса деп тілеймін. Қар борап, аяз шытынап тұрса. Мына киімдермен аяғымды шіреп басып, көшеге шыққан болар едім. Жұрт­қа көрсетіп, мақтанар едім.

Жер қара, күн жылы кез. Бұл киімдермен қазір көше­ге шықсам, мақтаншақтың өзі болып қаламын.

Үстім көпсіп, терлеп барам. Жаңа киімдерімді сонда­ да шешкім келмейді. Малақайдың құлағын біресе түсі­ріп, біресе түріп киіп қараймын. Иә, енді маған қыстың қандайы да қорқынышты емес.

Төсекке жатқаннан кейін де ойлағаным: ағайым әкеп берген жаңа киімдерім. Үйде жеке өзім болсам, мен оларды киіп жатып ұйықтаудан да тайынбас едім.

Алматыда оқыған бірнеше айдың ішінде-ақ Сатыл­ған ағайым кәдімгідей өзгеріп, мәдениеттеніп қалған. Ақ жейдеге галстук тағатын болған. Галстукті ауылда тек балалар тағады және қызыл галстук. Ал ағайымның­ мойнында көк ала галстук. Мен үшін бұл сөлекет болып­ көрінеді.

Ауылдағы кемпір-шалдар Сатылғанға үдірейе қарасады. Қай бірі қасына шақырып алып:

– Қарағым, мойныңдағы не зат? – деп сұрайды. Ағайым күліп жауап береді:

– Бұл галстук.

– Оқыған балалардың бәрінің мойнына өстіп байлап жібере ме?

Шын сұрақ болсын, кекесін сұрақ болсын, Сатылған ашуланбайды. Одан бетер күле түсіп, дұрыстап жауап береді. Қалада галстукті жұрттың бәрі тағатынын, магазинде еркін сатылатынын айтады. – Кемпір­лер ауыздарын сылп еткізіп:

– Құрып қалсын, ит құсатып адамға қарғы бау таққаны не сән екен, – дейді.

Мұндағы жұрттың ұғымында галстук тағу ол өкі­мет­ші болудың, комсомол болудың және бір нышан-белгісі тәрізді. Ескілік салт-санадан алшақтау, орыстану. Әсіресе, қарттар жағы Сатылғанның бұл мінезін құп ала қоймайды.

Қалада ағайым әрқилы болып суретке түскен, өзінің бірталай сурет-карточкаларын әкелген. Төр жақ бұ­рышта үстіне кітап журнал жиналған стол бар емес пе? Сол тұсқа қабырғаға газет қағып, газетке бірсыпыра суреттерді шет-шетін кіргізіп іліп қойған.

Үйге келген қарттар осы суреттерге көп үңіліп қа­райды. Адамның өзінен айнытпайды екен деп, ғажап қалып, бастарын шайқасады. Орыстан өнер қалған ба, деген тәрізді сөздер айтады.

Мен әлі күнге суретке түсіп көрген емеспін. Колхоздарда сурет тартатын адам жоқ. Суретке түсу, қағаз бетінде түр-түсім қандай болып шығатынын көру – ол менін аңсаулы арманымның біреуі.

Кім де кім суретке түссе, мен оны бақытты деп қа­раймын. Сатылған ағайым міне, бақытты.

Сүмбеге жаяу қайтып келе жатырмын. Ағайым әкеп берген жаңа киімдерімді түгел орап, көтеріп алғам.­ Аға-жеңгем:

– Қазір күн жылы, бәрібір кимейсің, тастап кет. Соңынан қатынаған адамнан беріп жібереміз, – деп еді. Көнбедім. Өлгенде көрген киімдерімді көзімнен таса етіп, шыдай алатын емеспін.

Нағашыларыма көрсетіп, мақтанғанша және асықтым.­

Күн бүгін жылы, жарқырап тұр. Айдала, қара жолдың үсті. Не алдымда, не артымда менен басқа қыбыр еткен пенде жоқ. Мынау елсіз далада жаңа киімдерімді тағы да түгел киіп аламын. Тағы да қақаған қыс болып тұрмағанына өкінемін. Екі қолымды қалтама салып, біраз жер жүріп барам. Содан соң жүгіремін. Құдайдан қыстың тез түсуін тілеймін.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий