Knigionline.co » Казахские книги » Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев

Книга «Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Для того, чтобы столкнуться с масштабной темой, пронизанной реалистичной и картиной, и детской наивностью, необходимо прочитать произведение казахского писателя-классика Б. Сокпакбаева. Таким произведением является повесть «Путешествие в детство».

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев читать онлайн бесплатно полную версию книги

Жаңа калоштың ізі жолға мөр басқандай болып түседі. Мен оған үңіліп тамашалап қараймын. Бір кезде Жанбосынның аяғындағы бұжыр табан бәтеңкенің ізіне сонша қызығатын едім. Мен үшін ол қол жетпес арман еді. Сөйтсем, арманы қалай орындалғанын адам білмей де қалады екен.

«Ағасы бардың жағасы бар» деген рас сөз-ау. Мен осы жолы Сатылған ағайыма шексіз разымын.

Өмір бойы осындай дәрменсіз балалық халде тұрып қалмайтын шығармын. Мен де өсіп, ержетермін. Мал табармын. Сонда ағайымның осы жақсылығын он есе, жүз есе қайтармасам ит болайын.

Сонау көз ұшынан адам қарасы көрінсе, үстімдегі киімдерімді дереу шешем де, орап алам. Күн жылы, жер қарада қыстық киіммен қорбиған қандай есуас демей ме?

Біраздан соң шаршай бастадым. Қалың пальто, пима, малақай, калош – жаяу адамға бірсыпыра жүк екен. Сүмбеге қас қарая әрең жеттім.

Менің бір құшақ жаңа киімдер арқалап келуім нағашым үйіндегілерге ғажап әсер етті. Рамазан мен Қа­сымқан іштері күйіп қарайды. Дәл сол күні Сүмбеде Қали дейтіннің үйінде той бар екен. Той десе, қу бас домалайды. Ел шұбап кетіп жатыр. Мұндағы жұртқа шақырған, шақырмағаны есеп емес.

Бір үй той жасапты десе, еліріп кететін әдет бізде, балаларда да бар. Бізсіз тойдың сәні келмейтін тәрізді. Міне, Рамазан екеуміз тойға барамыз деп, қамданып жатармыз.

Кеш, әрине, күндізгідей емес, салқын. Соны сылтауратып, жаңа киімдерімді түгел киіп бармақ болдым. Ауылдың бар баласы жиналады, көрсін бәлем. Іштері күй­сін. Қашан қыс түскенше тосып, шыдай алатын емеспін.

– Бұл киімдерді қайдан алдың, ей? – деп, олар сұрайды ғой.

– Ағайым Алматыға оқуға барған еді, сол әкеліп берді!

Алматы бұл араның халқы үшін жер түбі, екінің бірі бара алмайды. Бұл киімдердің Алматыдан әкелінуінің өзі-ақ біраз жұртты «оу!» дегізеді.

Алматыда оқып келген ағайым бар екенін Баймырза секілділер біліп қоюы және теріс емес.

Сонымен, Рамазан екеуміз тойға келе жатырмыз. Рамазан бешпентшең, басында кепка. Самдағай. Мен болсам, солтүстік полюстен самолетпен келіп түсе қалған адамдаймын: үстімде қорбиған қалың пальто, басымда малақай, аяғымда пима калошымен.

Мен бұған дейін өмірі калош киіп көрген адам емеспін. Калоштың қажеттігі, менің түсінігімде, тек аяқтан сыз өтпеу үшін емес. Әрі пиманың табаны тозып, тесілмеу үшін. Яғни, аяқ киім көбірек киіс беру үшін. Бұл бір.

Екіншіден, калошты және сән үшін де киетін тә­різді. Әсіресе, өңін кірбің шалмаған жаңа калош аяқта жалт-жұлт етіп тұрса, ғажап емес пе?

Төңірек қараңғы тартып, көз байланып қалған.

Мынау сол той жасап жатқан үй. Сүйек-саяқ дәметкен иттер мен балалар есік алдын торуылдап жүр. Біз де келіп қосылдық. Қараңғыда менің қандай киім киіп келгенімді жұрт онша байқамайды. «Қорбиған мынау кім ей» деп, біреулер үңіліп қарап өтті.

Күресіп, алысып-жұлысып ойнай бастады балалар. Мен араласпаймын, аулақ тұрмын. Әлі киіліп, жұмсармаған пима жүргенде тобықтарымды қажап, ауырта бастады. Арқа-басым терлеп, пысынай бастадым. Ойнауға да, алысуға да ешқандай икемім жок.

Той асынан балаларға да дәм татқызады. Біз мұнда, негізінен, сол үшін келіп жүрген жоқпыз ба? Аспаз әйелдердің бірі есік алдына шығып, айқай салды:

– Балалар, мұнда кіріп, шай ішіңдер! Ойын да, алысып-жұлысу да жайына қалды.

Ас үйге кіріп, іргені жағалап отырыса бастадық. Стол жоқ, бірімізге біріміз тақалып, жерге отырып жатырмыз. Балалар менің не боп кеткенімді енді анық көрді!

– Охо! Мынаған қараңдар!

– Өй, саған не болған!

– Жер қара, күн жылыда пима киіп алыпты әуелі!

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий