Knigionline.co » Казахские книги » Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев

Книга «Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Для того, чтобы столкнуться с масштабной темой, пронизанной реалистичной и картиной, и детской наивностью, необходимо прочитать произведение казахского писателя-классика Б. Сокпакбаева. Таким произведением является повесть «Путешествие в детство».

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бірақ кездеспеуі мүмкін емес. Бұл аймақтағы үлкен жол тек осы. Халық үзбей қатынап жатады.

Ура! Мен неткен бақытты едім! Құдай мені өлтір­мейін деген екен. Сүмбе жақтан бір аттық арба зырлатып келеді. Ұшқа тоқтамай, Қостөбеге бірден баратын арба болса игі еді.

Арба жақындап қалды.

Ұшқа барса да маған бәрібір. Ұшта Зәуре жеңешем мен Қағаз аға бар. Сол арада шай ішіп, жылынып, жолдың қараюын тосам.

Арбаға биік қара ат жегілген. Жалғыз адам. Жолдың ауырлығын елеместей екпіндеп қатты келе жатыр. Яғни, жүгі жеңіл. Мен арбаның алдын торып, жолға қарай жүгірдім. Кім де болса, менің мына халімді көріп, отырғызып алатынына сенімім кәміл.

Рессорлы жеңіл арбаның үстінде маған қодия қарап отырған жас өспірім, сөйтсем, Жанбосын! Менің ескі жауым, әрі жерлесім. Астында арбаның өн бойына қарай ұзынынан сұлатып салып қойған бір қап ұны бар. Сүмбеге диірменге барып келе жатқанын бірден білдім. Жанбосын мені танып, тоқтар емес. Атына одан бетер қамшы басып, зырлатып өте шықпақ. Мен ақ бұршақты жалаң аяғыммен шалп-шалп кешіп, арбадан қалмай, жалынып жүгіріп келем:

– Ағатай, Қостөбеге дейін ала кетші!

– Ат тарта алмайды, аямаймын.

– Ағатай, қарашы, аяғым үсіп кететін болды!

– Үсісе қайтушы ем? Жалаң аяқ неге шығасың?

– Ағатай, сөйтші!

Мен енді Жанбосыннан рұқсат күтпей-ақ арбаға арт жағынан жабыса бастадым. Жанбосын өңін суытып:

– Түс! Түс! – дейді.

Мен тыңдамадым. Мені біраз бүрсеңдетіп жүгірткісі келген ойыны шығар деп ойладым. Арбаның кіндік ағашына мініп те алған едім.

– Түс деймін! Ұрам! Түсесің бе, жоқ па?

Мен әлі де болса Жанбосынның домбытуы шығар деп, түспедім.

Сөйтсем, әлгі ит нағыз жансыздың өзі екен. Шұбал­ған арба қамшымен тартып келіп жіберсін. Жұқа киім­нің сыртынан шып етіп, осып түсті. Жаныма батып кетті.

Бұл аз дегендей тағы ұрғалы келеді.

Амалым жоқ, арбадан секіріп түсіп қалуға мәжбүр бол­дым. Жанбосын енді қарқылдап күліп кетіп барады.­

Тілім жеткенше сыбап боқтап жатырмын.

Анадай ұзаған соң Жанбосын атының басын тежеп, тоқтайын деді. Маған қарап дауыстады:

– Кел отыр!

Бәсе, ала кетпей не көрініпті, Қап, боқтауым асығыстау болған екен-ау!

Арбаға қарай жүгіріп келем.

Жақындап қалдым.

Жанбосынның бұл мазақтауы екен. Кенет, мен жет­кенше, атына қамшы басып, қуа жөнелді. Мен ақ бұр­шақтың үстінде ақымақ болып, бүрсеңдеп қала бердім.

Тағы да бір шидің қарайған түбін басып тұрмын. Табаным мен саусақтарым бұршаққа тоңып, қып-қы­зыл болып кеткен. Тызылдап, ашып, жанымды көзіме көрсетеді. Шіркін-ай, тым құрса, бас киімім болар ма еді. Ойланып-толғанбастан, аяқтарымды соған орап, жылытар едім.

Кенет, Сүмбе жақтағы ойдан бір салт атты шыға келді. Бөрік, шекпен киген егде адам. Астындағы бие болса керек, сипап қана қамшыланып, бүлкек желіспен келеді. Нағашымдардың Үсейін дейтін жамағайыны болушы еді, сол екен.

Үсейін мені мүсіркеп кетті, артына мінгесіріп алды. Тоңған аяқтарымды шекпенінің ұзын етектеріне орап, биенің майда желісімен лезде Ұшқа алып келді.

Ұш құп-құрғақ, бұл араға бұршақ та, жауын да ­тамбаған.Жаңа киімдерден көрген азабымБастан-аяқ түгел болмаса да, ағайымның маған біраз сырттық киімдер әкелуі рас екен. Тері жағалы қыстық бобрик пальто, калошымен жаңа сұр пима әкелген. Жүні сабалақтау малақай алып келген. Жазда киімнің бар, жоғы онша білінбейді, жалаң аяқ, жалаң бас шапқылап жүре бересің. Киімі жоқ адамның қор болып бітетіні қыстыгүні. Ағайым маған киім сатып аларда көптен-көп осыны ойлаған.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий