Knigionline.co » Казахские книги » Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев

Книга «Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Для того, чтобы столкнуться с масштабной темой, пронизанной реалистичной и картиной, и детской наивностью, необходимо прочитать произведение казахского писателя-классика Б. Сокпакбаева. Таким произведением является повесть «Путешествие в детство».

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев читать онлайн бесплатно полную версию книги

Әлғожа үйі сауынсыз болмайды. Бір сиыр және ­бір­неше қой, ешкі сауылады. Сүт мол, бірақ Әлипа татырмайды. Айран ұйытады да, дорбаға құйып, қатық сүзеді.

Қазанда бетіндегі қаймағы сап-сары болып кісіні еріксіз қызықтырып, піскен сүт тұрады. Мен ары өтіп, бері өткенде көз қиығыммен қарап өтем. Қалыңдығы бір елі бал қаймақтан асағым, сүт ішкім келеді. Бермесе, қалай асап, қалай ішесің?

Менің басым конструктордың басы деп, бекер айт­паймын ғой. Қаймаққа тиісе алмасам да, сүт ішудің әдісін таптым.

Аулада не көп – сабан көп. Ұзындығы сүйемдей сабан тауып алам. Бір жақ ұшын пышақпен жонып, үшкірлеймін. Болды, бітті, қазандағы сүттің қаймағының бір шетінен әлгіні сұғып жібер де сора бер.

Кәдімгі осы кездегі ресторанда коктейль ішкен тәрізді. Сорған сайын тәп-тәтті салқын сүт таңдайыңа фонтан болып тиеді. Сабанды қайта суырып алғанда, орны білінбей, жабылып қалады. Әлипа ештеңе де сезбейді.

Әрине, мұнда да нысап керек. Сүттің дәмділігіне қызығып жұта берсең, қазан ортайып қалады. Қаймақ бұзылмағанмен шөгіп, төмен түсіп кетеді де, Әлипа сезік алады. Япырау, мына сүтке не болды? Қаймағы бүтін тұрып, бұл неге ортаяды демей ме?

Тіршілік үшін, бір қарынның қамы үшін мен Әлипамен осылай арбасамын.Табылған тәсілӘлғожа үйімен бетпе-бет, бір қораның ішінде оның ағасы Қожаның үйі бар. Қожа ауылдық советтің пред­седателі. Елемес дейтін ұлы және екі қызы бар Қожаның. Елемес екеуміз бір класта оқимыз. Ал қыздары мектеп жасына толмаған. Әкелеріне тартқан үрпиген-үрпиген сары қыздар.

Қожа мен Әлғожа бет сүйектерінің бітімі қазақи бола тұрып, шикіл сарының нағыз өзі. Олардан тараған­ балалар да түлкінің күшіктері тәрізденіп біреуінен-біреу аумай сап-сары боп, түсе-түсе қалған.

Бұл тұқымның ерекшелігі, жалпы, бұл ғана емес. Әкелері Күшіген – мылқау. Күшігеннің қарындасы, осы күні кемпір боп қалған Алтынбала, ол да – мылқау.­

Күшіген шал. Қабағы түксиіңкі жүретін, сүйекті төртбақ адам. Шаруақор. Екі үйдің отын-су дайындау, бақша салу, малға қарау секілді бүкіл шаруасын өгізше пыс-пыс етіп, үнсіз қимылдап жүріп, бір өзі тындырады. Алтынбала да, ол да сөйлеген сөзіңді аузыңның қимылына қарап түсінеді.

Бұл екеуі дым білмес бітеу мылқаулар емес. Бір буынды, екі буынды қысқа сөздерге тілдері ара-тұра келіп те қалады. Бірдеңені шүлдірлеп, қысқа қайырып айта алады.

Күшіген қарулы адам, шаршау дегенді білмейді. Бір­деңеге ашуланса, шоқ басып алғандай жаман бажылдайды.

– Жүгіріңдер! Ана кісі неге ашуланды? – дейді Әлғожа.

Қожаның кіші қызы ерке, қолынан тамақ түспейді. Төсегінен «апа, нан» деп түрегеледі. Ойын үстінде құрт па, кәмпит пе, малжаңдап жеп жүреді.

Шешесі таптап қоя ма, қайдам, кіші сары қыз сондай сараң. Қолындағысынан сұрасаң, бермейді.

Бір күні кіші сары қыз есік алдында ойнап отыр екен. Қолында добалдай наны бар. «Наныңнан берші?» дедім.

– «Мм... бермеймін».

Қалай да қызды алдап, нанын жегім келді. Тартып алуға болмайды, жылайды.

– Наныңнан берсең, қарындаш берем.

– Көйсет?

Көрсеттім – бір сүйемдей қара қарындаш.

– Іммқ... – деп, қыз басын шайқады, ұнатпағаны.

– Бәкі берем.

– Іммқ...

Басқа ұсынар нәрсем жоқ. Аз тұрдым да:

– Сен нанды орысша жегенді білесің бе? – дедім. Қыз аң-таң боп тұрып қалды да, тағы да:

– Іммқ, – деді. Білмеймін, білгім келмейді дегені.

– О! Орысша жеген қызық болады. Сен көрсең, өліп қалар едің!

– Өй қу-ай! Алдайсың!

– Алдамаймын. Сенбесең, наныңнан бір үзіп берші, көрсетейін.

Қыз нанынан кішкене етіп үзіп берді. Алдым. Енді бұны қалай жесем орысша боп шығады деп, ойланып тұрмын. Жай асай салғанмен ендігәрі қыз алданбайтын болады. Мен де жарымаймын.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий