Knigionline.co » Казахские книги » Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев

Книга «Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Для того, чтобы столкнуться с масштабной темой, пронизанной реалистичной и картиной, и детской наивностью, необходимо прочитать произведение казахского писателя-классика Б. Сокпакбаева. Таким произведением является повесть «Путешествие в детство».

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев читать онлайн бесплатно полную версию книги

Алты өрме дырау қамшы Елеместі арқадан көміп өтті. Ойбай деген даусымен қабаттасып, Елекең қайқаң ете қалды. Мені де ұрады-ау деп, ұрған кезде арқам қалай ауыратынын күні бұрын сезінгендей боп, жасқа­на бердім. Қожа бірақ мені ұрмады. Екеумізді мал құсатып алдына салып алды да, мектепке қарай дедектетіп айдап жөнелді.

Қожадан көргеніміз аз болғандай, енді директор Нәсірден көреміз. Оның да өңі суық, қатал адам.

Мектепке біз де келдік, үзіліске шығуға қоңырау да соғылды. Бізге бұл ұнамайды. Класс-кластан жүгіріп шыққан балалар айдалып келген бізді көрді. Өздері сабақтан қалмайтын жандардай-ақ улап-шулап, мазақтап қоршап алды.

Мұғалімдер бөлмесі. Қабағынан қар жауған Нәсір директор. Елемеске көбірек шүйілді.

– Мен сендермен сабақ соңынан сөйлесем, – деді де, оны-мұны шаруашылық, заттары тұратын ең шеткі кішкене бөлмеге апарып, қамап қойды.

Бұл бөлмеге от жағылмайды, суық. Оқушылар есік­тің жарығына үймелеп, сығалап қарап, бізді мазақ етеді. Мылтықтың аузынан сәл үлкен тесік – бұтақтың орны. Әлдекімнің қуақы көзі жылтың-жылтың етеді. Ызам ке­ліп, түкіріп келіп қалайын. Жылтыңдаған көзге түкі­рік дәл тисін. Сөйтсем, мына қызыққа караңыз – көз менің қас жауым Баймырзанікі екен. Ар жақтағы балалар сыбағасын мықтап алғаны үшін енді Баймырзаны­ мазақ етіп, қарқ болып жатыр.

Мен де ризамын. Талайдан өшім кетіп жүр еді оңбағанға. Сол керек өзіне.

Тағы да қоңырау. Балалар кластарына қайтадан кіріп кетті. Дәлізде енді жан қалмады. Жай тұра беріп тоңатын тәріздіміз.

– Елемес, кел, одан да ләңгі ойнайық. Ақыр осы үшін жазаланып отырмыз ғой.

Дәл осы арада ләңгі ойнау Елемеске әбестік болып көрінетін тәрізді, батылы жетіңкіремейді.

– Көріп қойса, пәле болмай ма?

– Көрмейді, қайдан көреді. Біреу келе жатса, қоя қоямыз.

Елекең шапанының, бешпентінің, жейдесінің түй­ме­лерін түгел ағытып, қолын жалаңаш етіне сұғып жатыр. Бұнысы несі деп, мен әуелі түсінбеп едім. Сөйтсем, әлгінде Қожа келіп қалғанда ләңгіні ең ішкі қойнына тастап жіберген екен. Тінтсе, таба алмасын дегені болу керек.

Өзгелер сабақпен бас қатырып жатқанда біз тағы да ләңгі ойнап, жетісіп қалдық. Бұл үшін тамаша жағдай жасап берген Нәсір мұғалімге рақмет айтар жөніміз бар.Қайран менің Әлиман жеңгемТамылжыған әсем жаз. Даланың қара жолы. Қос ат жегілген салдырлақ жүксіз арбада екі адам келе жатырмыз: мен және арба айдаушы.

Арба «Үлгілі» колхозынікі. Нарынқолдың бас жағындағы ағаш тілетін заводқа тақтай алуға бара жатыр. Менің де барар жерім Нарынқол.

Нарынқол бұ күнде жаңа құрылған ауданның орталығы. Осы биыл көктемде Кеген ауданынан бөлініп шыққан. Жаңа аудан құрылуымен байланысты колхоз-колхоздардан сауаты бар бірсыпыра адам аудандық, мекемелерге қызметке шақырылады. Соның ішінде ме­нің Сатылған ағайым да бар. Ол осы кезде прокуратурада хатшы болып істейді. Күлімбала екеуі Нарынқолға­ көшіп барған.

Міне, оқу жылы аяқталды, төртінші артта қалды. Мен енді жазғы демалысқа шығып, бұл күнде Нарынқолдың тұрғыны болған аға-жеңгемнің қолына келе жатырмын.

Нарынколды бұрын көрген емеспін, құдай қойса, бірінші рет көрем.

Сүмбеге өкпем жоқ, мен үшін құтты жер, құтты мек­теп болды. Биыл да төртіншіні озат бітіріп, мақтау грамотасын алдым. Осы келе жатқанда өзімді оңынан айы, солынан күні туып келе жатқан нағыз бақытты адамдай сезінем. Өйтпей ше? Мұнда мен мұндай табыс­ты болсам, ана жақта ағайым анадай қызметтен қызметке өрлеп бағады. Бүгін прокурордың хатшысы, ертең өзі болмасына кім кепіл?

Бұл аймақтың халқы дүниеде сот пен прокурордан үлкен, одан маңызды қызмет бар деп, ойлай қоймайды.­

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий