Knigionline.co » Казахские книги » Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев

Книга «Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Для того, чтобы столкнуться с масштабной темой, пронизанной реалистичной и картиной, и детской наивностью, необходимо прочитать произведение казахского писателя-классика Б. Сокпакбаева. Таким произведением является повесть «Путешествие в детство».

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Құдай жолыңды түсіріп, келіп қалған екенсің. Тай мінгізіп жіберер ек, шама жоқ. Тым құрыса, жейде­ киіп кет. Ана жылы Сарыбастауда оқып жүргеніңде ашу­мен үстіңнен қара шапанды сыпырып алған едім. Қайтейін, қу жоқшылық адамға не істетпейді? Сол жең­гем сол кезде сөйтіп еді деме, шығар есіңнен. Құдай қой­са, әлі-ақ адам боласың. Адам болды деген міне, осы...

Көкала шытты Әлиман қойныма тығып берді. Жү­регімді талайға дейін жылытып жүретіндей көп-көп аналық сөздер айтты. Бұл күнде жат боп кеткен адамнан мен дәл мұндай жақындық, дәл мұндай бейіл күт­пеп едім. Ризашылығым өз алдына, мен Әлиманды қимастай боп аттандым.Жаңа досНарынқолды бұл өлкенің қазақтары, өздерінше, қала санайды. «Қалада не бар екен?» деп жатады. Міне, біз сол қалаға кіріп келе жатармыз. Түзу кең көше, қол­дың саласындай боп, тізіліп өскен теректер, шатырлы ағаш үйлер. Бұның бәрі маған үлкен әсер қалдырды.

Арба раймагтың алдына кеп тоқтады. Халықтың мол жері. Бір емес, бірнеше дүкен, асхана. Біреулер шұ­бап кіріп барады, біреулер шығып келеді. Телеграф бағандарына, теректің көлеңкесіне байлаған шоғыр-шоғыр ерттеулі ат.

Орыс бұл арада көбірек көрінеді. Олар да қатын-балаларын ертіп, шұбап жүр. Сөйлеген сөздерінен дым да түсінбеймін.

Тал түсте ерігіп, мас боп жүргендерді мен бірінші рет осында көрдім. Біреу үсті-басы шаң-шаң боп ластанып, дүкеннің көлеңкесінде ұйықтап жатыр. Бетіне, аузына шыбын қонса, қолын сермеп, үркітіп қояды.

Арбакеш: «Ағаңның үйін іздеп таба аласың ба», – дейді. Адресі қалтамда болса да, мен таба алатын емес­пін, жүрексінем. Мына жүрген халықтың маған бәрі жат, бәрі бөтен.

Арбакеш бір әйелдерді тоқтатып, сөйлесіп тұр. Мені шақырды. Келдім. Әйелдердің бірі аға-жеңгемнің қайда тұратынын біледі екен. Жүр, ертіп апарайын деді.

Қаланың қақ ортасымен келе жатырмыз. Маңдайшасына жарнама қағылған үйлерді де тұңғыш көруім. Аудандық әр қилы мекемелер, Оңға қарай бұрылдық. Төбесін қос төбе етіп жапқан биіктеу ағаш үй, қасында және бір ағаш үй. Осы соңғысы біздікі екен. Күлімбала жеңгем ширатылып қарсы алды.

Бала өзіне досты тез табады. Мен ертеңіне-ақ жаңа дос тауып алдым. Аты Жолдыбай.

Қолында мүйізатары бар, дембелше ақ сары бала қасыма келді. Жалаң аяқ, жалаң бас. Үстіндегі боз майканың тозығы баяғыда жеткен, әр-әр жері іріп, ойдым-ойдым тесіліп кеткен. Ол, сірә, бұдан басқа киім кимей­тін болуға керек – денесінің ашық жерінің бәрі қоладай қызарып күнге күйген. Ол мені бірден тергеуге ала бастады:

– Кімсің сен?

Мен жөнімді айттым.

– Жүр, шомыламыз!

Мен қуанып, ілесіп бердім.

Болды, бітті. Жолдыбай екеуміз доспыз енді.

Таңертең шайымды ішер-ішпестен Жолдыбай боса­ғадан қарап, келеді де тұрады. Мен ілесіп берем. Қайда барамыз, не істейміз деп, сұрамаймын. Жолдыбайдың түр-түсі оны сұратпайды. Тек оған ілесіп, жолдас болу­ға жарағаным мен үшін зор мәртебе. Жолдыбай не істеп, не қоюды сарапқа салып жатпайды, тек бастап жөне­леді. Ол келе жатқанда балалар жарылып, жол беріп тұрады. Төртбақ шымыр Жолдыбайда айла да, күш те жетерлік. Төбелес десе, оның көзі жайнап кетуші еді. Жаңа досымның бойындағы осы қасиеттер мені оған бірден табындырды.

Ол менен бір-екі жас ересек еді.

Жолдыбайдың арқасында бас-аяғы бірер күннің ішінде Нарынқолдың ой-шұқырын түгел біліп алдым. Мен бұны қала деп, жүрексініп жүрсем, пішту, түк те емес екен. Қазір маған Қостөбе немесе Сүмбе қандай болса, Нарынқол дәл сондай.

Күндіз, көбінесе, су бойында боламыз, шомыламыз, қармақ саламыз. Кеште клубты торуылдаймыз.

Аудандық клуб бар мұнда. Онда күнде кешкісін кино болып тұрады. Қалтада ақшаң болмаса да, кино көруге әрқашан да құлқың соғып тұратынын жөнді түсін­бейтін біреулер, киноға билет алып кіруді шығарған. Бұл біздің кешті көңілді өткізуімізге қиындық кел­тірмей қоймайды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий